Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.68 Кб
Скачать

26. Windows ож.Бас мәзірді қолдану.Құрылғы орнату

80-ші жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. 80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бүрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады. Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 жәнз Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.Windows жүйесінің стандартты программалары құрамынабір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажеттіоперациялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардыңорындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

- мәтіндік құжаттар дайындау - графикалық бейш-көріністерді даярлау және оларды өңдеу,түзету;- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Бас мәзір жүйені басқарудың басты элементтердің бірі болып табылады. Ол жерден кез келген орнатылған программаны қосуға, жүйенің жылдамдығы мен мүмкіндіктерін баптауға, басқа орынға тез ауысуға, принтерді қосуға, анықтама алуға және басқаларын істеуге болады.

Бастау батырмасын басқаннан кейін бағдарламаларды іске қосуға, құжатты ашуға, жүйе баптамалатын өзгертуге, анықтамалық мәліметтер алуға, қажетті файлдарды табуға және т.б мүмкіндік беретін Windows Бас мәзірі ашылады.

Классикалық Windows Бас мәзірі мынадай әмірлерді қамтиды: Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Іздеу, Анықтама, Жегу. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады.

Бағдарламалар әмірі компьютерге орнатылған бағдарламалар тізімін көрсетеді және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.

Құжаттар әмірі жақында ашылған құжаттар тізімін көрсетеді.

Бастау әмірі жүйенің бапталуы өзгертілетін құрамдас бөліктерінің тізімін көрсетеді.

Іздеу әмірі файлдарды, қалталарды немесе пошталық хабарламаны іздеуді жүзеге асырады.

Анықтама және қолдау әмірі анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

Егер қандай да мәзірдә әмір соңында көп нүкте тұрса, бұл оны шақырған кезде қосымша параметрлер көрсетілетін сұхбат терезесі ашылатынын білдіреді.

Баптаулар өзгертілгенде Бас мәзір сәл басқаша әмірлер тізімін қамтуы, ал олардың атауы сәл өзгеше болуы мүмкін, алайда оларың қызметі бұрынғы қалпында қала береді. Пайдаланушы Бас мәзір тізімін недәуір жиі қолданылатын бағдарламалар және құжаттар мен толтыра алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]