Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.68 Кб
Скачать

24 Ож.Компьютердің аппараттық құрылғыларының өзара байланысын қамтамасыз ету

Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялық жүйе – барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының жəне желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.

Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.

Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған. Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.

Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.

25. Windows операциялық жүйесі. Windows тың файлдары мен бумалары

80-ші жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. 80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бүрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады. Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 жәнз Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.Windows жүйесінің стандартты программалары құрамынабір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажеттіоперациялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардыңорындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

-мәтіндік құжаттар дайындау - графикалық бейш-көріністерді даярлау және оларды өңдеу,түзету;- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

ОЖ бірінші нұсқасы Windows NT нарықта алғвш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3,5 және 4.0 нұсқалары әр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркәсіптік және жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр. Windows 2000 көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтар бар. Windows NT және Windows 9x екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізінде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows ME- Windows 9x ты дамыту болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ дың жаңа 2002 жылғы нүсқасы Windows XP жасалды.Windows XP Windows 2000 да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі комп де жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows XP жүйелік ресурстарға қоятын талаба жоғары. (оперативті есте сақтау 128 мбтан және қатқыл дискідегі кеңістік 2гбтан кем болмауы керек) Windows тобындағы операциялық жүйенің ртықшылығы пайдаланылатын интерфейс тер біыңғайластырылған. Осының арқасында әр түрлі программаларда олардың жұмысын басұарудың біркелкі принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамсыз етеді. Мұнда әрбәр программа терезе деп аталатын жекелеген тікбұрышты аймақтарда орналасады.Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлщеуге, бір біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына дейін кемітуге болады. Windows ОЖ да жасауда Microsoft фирмасы объектік бағдарланған тәсілді пайдаланды. Пайдалану деңгейінде мұндай тәсіл мынаны білдіреді: интерфейс нақты әлемге ұқсастықты білдіреді., ао ЭЕМ мен жұмыс істеу жай ғана объектімен әрекет етуге келіп тіреледі. Папканы ашуға, жабуға, жылжытуға портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, бірорыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе корзинаға тастауға болады. WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: - компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару; - файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету; - колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі: - бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін; - әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды; - масштабталатын қаріптерді қолдауды; - мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды; - бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді жəне одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сəтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сəттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер жəне т.б. аса қажетті сыртқы құрылғылардың электрлік қоректендіргіші ерікті рет-тəртібімен қосылады. 2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Соңғы сəтте Роwer кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.

Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тəртіппен жүзеге асады:

1. Алдымен Роwer кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады.

2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Ерікті рет-тəртіппен бұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіші сөндіріледі.

Əрбір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілген дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше əр түрлі операциялық жүйелер əзірленеді: MS DOS, Windows, OS/2, Unix жəне тағы басқалар. Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын əрі бір программалы MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.

MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981-1982 жж. əзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген нұсқалары мен үлгілері əзірленді. MS DOS 6.22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS – командалық (текстік) ОЖ. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай енгізу (ввод) қолайсыз жəне көптеген қателіктердің пайда болуына əкеп соғады.

Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар тəуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар (қоршамдар) сол үшін де (операциялық жүйелер) жасалынған. MS DOS үшін бірнеше əр түрлі қоршамдар жасалды -QDos, Dos Shell, Norton Commander, Volkov Commaner, Windows 3x осылардың ішіндегі ең əйгілі қоршамдар – Norton Commander (NС), Volkov Commaner (VС).

Қоршам – бұл ОЖ-дың басқаруымен іске косылатын жəне осы ОЖ-мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам – программасы компьютердің барлық файлдық құрылымын: дискілерді каталогтарды жəне файлдарды зкраннан көрнекті (наглядно) етіп көрсетеді.

Мұндай программа мен командалық жол арқылы (в командной строке) MS DOS-тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар-жоғы бірнеше пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге жəне іске қосуға болады. Қоршам-программасы командаларды MS DOS (DOS Navigator,Volkov Commander) тіліне «аударады».

Windows 9.х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға əрі экранның кез келген жерінен контекстік мəзірді (контексное меню) шақырып, контекстік кемекке жүгінуге болады.

ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NТ нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3.5 жəне 4.0 нұсқалары əр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркəсіптік жəне жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.

Windows 2000 – көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ жəне Windows 9.х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізіңде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows МЕ - Windows9.х.-ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде əзірленді. Ол үйдегі жəне кеңседегі компыотерде жұмыс істеуге қолайлы əрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан жəне қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек).

Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы – пайдаланылатын интерфейстер (қоршам) бірыңғайластырылған. Осының арқасында – əр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі (бірдей) принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда əрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір-біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына (ярлык) (пиктограммалар немесе таңбаша) дейін кемітуге

Файлдармен жұмыс істеу

Қазіргі кезде колданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жүмыс істейді. Windows бүл жүмыстың комақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен Қатынас жасау кезінде оларды үнемі қадағалау кажеттігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бүл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мүның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен тікелей қатынас қүра алатынының айғағы болып табылады. Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа бір файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінзді. Әдетте, тәжірбиелі адамдар Программа Диспетчеріне өздері үнемі жүмыс істейтін программаларды орналастырады. Ал анда-санда қажет болатын басқа программалар файлдықжүйе арқылы іске қосылады. Жүмыс столында орналасканпрограммалар санының аз болуы, олармен жылдамырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Файлдық жүйені пайдалануды біз программаларды іске қосу мысалы арқылы былай етіп қарастырайық: -Windows З.х үшін - Программа Диспетчерінде Файл=>Орындау. -Windows 98 үшін - Іске косу=>Орындау командасын таңдау қажет. Экранға Орындау сұқбат терезесі шығады. Егер де Сіз программалық файлға өту жолын білсеңіз. онда оны Командалық жолдың мәтіндік өрісінде жазып көрсетуге болады. Содан сон "ОК" батырмасын басып, керекті программаны іске қосамыз. Практика мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, барльщ қажетті файлдарға жету жолын ұмытпай есте сақтау – өте күрделі іс. Осы жұмысты басқаша түрде компьютердің файлдық құрылымы көрсетілген арнайы сүқбат терезесін экранға шақыру арқылы жеңіл істеуге болады. Бұл терезеде сіз қажетті файлыңызды тауып алып, оны белгілеп, бұдан кейін Орындау терезесіне қайта оралған соң, тек қана соған сәйкес программаны іске қоса саласыз.

Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою

Windows 98 жүйесінде барлық файлдар, кұжаттар және программалар бумаларда (папка) сақталады. Егер бума сыртында сурет бар болса, ондай бума арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады және оны жоюға, басқа орынға ауыстыруға болмайды. Қарапайым жай бумалардағы мәліметтермен кез келген әрекет орындауға болады, мысалы, жою, көшірме алу, орнынь ауыстыру және т. с. с. Өз қүжаттарыңызды сақтау үшін жеке бума ашу қажет. Ашқан файлдарыңызды сол файлды даярлауға себепші болған программалармш бірге бір орында сақтаудан аулақ болған жөн, өйткені программа жұмысынан ақау табылып, оны қайта орнату керек болса, файлдарыңыз жойылып кетеді. Бумаларды жұмыс столында немесе терезе ішінде де ашуға болады. Жұмыс столында (Windows 98) бума ашу үшін курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Сонда пайда болатын контексті- тәуелді менюдін Жасау=>Бума дегш опциясын (мүмкіндігін) таңдап, экранға шыққан бума бейнесінін астына бірден оның атын енгізе беруге болады. Егер бума аты енгізілмесе, онда оныңорнында нүктелер жолы орналасады.Ал терезе ішінде бума ашу кажет болғанда, Файл=>Жасауь=» Бума командаларын орындау керек. Windows 98 жүйесінің жұмыс столы да бума болып есептеледі "Жұмыс столы" бумасы Windows бумасында орналасқан. Оны табу үшін "Менің компьютерім" бумасын қарап шығу керек нзмесе Іздеу командасын пайдалануға болады. Біз жоғарыда айтқандай, жарлық (ярлык) дегеніміз – бумалар ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл. Жарлықтар жиі қолданылатын программалар мен құжаттық шаблондар (нұсқалар) үшін даярланады да, олар жұмыс столында, арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума ішінде жасала береді. Жарлық былайша жасалады: - жарлық орналасатын орын таңдалып алынады - тышқанның оң жақ батырмасын басамыз да, контекстік- тәуелді меню пайда болған соң, Жасау=>Жарлык командаларын орындаймыз; - "Жарлық жасау" терезесі шыққаннан кейін командалық жолға сол жарлық объектісіне сәйкес оның маршрутын енгіземіз. Ал егер ол белгісіз боса, дискілерді парақтай отырып (Обзор) түгел қарап шығып, енгізілуге тиіс қажетті мәліметтерді анықтаймыз. Одан ары қарай "Дайын" (Готово) батырмасын бассақ, жарлық дайын болып шыға келеді. Жарлықтар мен бумаларды жою Windows жүйесіндегі кез келген объектіні жою сияқты орындалады. Мүның барысында керекті бір информацияны жойып алмас үшін, оның да бірнеше жолы жасалған, олар:

- "Қоржын" арқылы жою;

-толық жойып тастау;

-жою кезінде хабар беріп отыру. Егер "Қоржынға" салу жолымш жойылса, онда мәліметтерді қайта бастапқы күйіне келтіруге болады. Информацияны толык жою "Қоржындағы" мәліметті жойғанда орындалады. Объектілерді "Қоржынға" ауыстыру үшін олар тышқан арқылы қоржын маңына жеткізілуі тиіс, яғни оны қоржынға салғымыз келетінін көрсетеміз. Бірақ қоржын көлемі шектеулі, оның көлемі Windows алғаш орналастырылған кезде немесе оның параметрлерін өзгертуде беріледі. "Қоржынның" көлемін үлкейту жалпы пайдалы жад көлемін азайтатынын есте ұстаған жөн. Қоржынға түскен объектілерді кері қайтарып, бастапқы қалыпқа келтіру үшін мынадай әрекеттер орындалады: - "Қоржынды" курсормен көрсетіп түрып тышқанды екі рет шерту;

- қалпына келтірілетін объектілерді белгілеу; - Файл=>Қалпына келтіру командаларын орындау. Осының нәтижесінде белгілшген объектілер бүрынғы "Стандартты" тобындаорналасқан (Windows З.х - "Реквизиттер" тобында).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]