Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.68 Кб
Скачать

21 .Дербес компьютерлердің операциялық жүйелерінің қызметі

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша жүргізіледі.Кей жағдайларда ОЖ:

  • Бір есепті және көпесепті

  • Бірқолданушылы немесе көпқолданушылы болады.

Біресепті ОЖ әрбір кезенде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге яғни тек бір ғана есеппен айналысуға мүмкіндік береді.

Көпесепті ОЖ бір мезгілде бірнеше программаларды іске қосуға мүмкіндік береді.

Бірқолданушылы О компьютерде тек бір ғана адам жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Көпқолданушылы ОЖ әрбір қолданушы барлық ақпараттарға және пароль енгізіп қана өзіне қатысты жеке ақпаратқа қатынайды. Нақты айтқанда мұндай жүйелер әдетте негізгі режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкәндік береді. Мысалы негізгі режімде мәтіндік редакторды ал фондық режімде басу программасын қосуға болады.Бұл программалар бір біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады.

22.Ож.Файлдық жүйелер.Файлдық құрылымдарды ұйымдастыру.

Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялық жүйе – барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының жəне желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Компьютерді қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді жəне одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сəтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сəттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.

Файл – бұл магниттік немесе оптикалық дискілерде, магниттік таспаларда, ОЖ-да (оперативті есте сақтау) немесе басқа да ииформацияны тасушыларда болатын, жалпы атауға ие, компъютерде біртұтас ретінде қабылданатын өзара байланысты деректердің жиыны.

Файл əдетте жалпы атауға ие, логикалық тұрғыдан байланысқан деректер орналастырылған жадтар учаскесімен (СЖҚ, ОЖҚ, ТЖҚ) теңестіріледі. Файл санаудың екілік жүйесіндегі информация тасушыда сақталып, ОЖ-да ол байланысқан байттардың жиынтығы ретінде болады. Файлда программалардың, құжаттардың, деректердің жəне т.б. мəтіндері сақталады. Компьютер дискілерінде файлдарды сақтаудың тəсілі файлдық жүйе деп аталады.

Осы немесе басқа файл дискісінің қай тұсында жазылғаны туралы деректер файлдарды орналастырудың арнайы кестесіндегі немесе ҒАТ-кестелеріндегі (ҒАТ - Fail Allocation Table, файлдарды орналастыру кестесі) дискінің жүйелік саласында сақталады. Бүгінгі таңда дербес компьютер үшін операциялық жүйелерде оншақты файлдық жүйелер пайдаланьшады: DOS-та дискет үшін ҒАТ16, ҒАТ32 жəне ҒАТ12 пайдаланылады,Windows 9.х-ке ҒАТ16 жəне ҒАТ32 тəн, Windows NT ж2не Windows 2000-да NTFS əйгілі (танымал), Linux ОЖ үшін Ext2FS лайықты жəне т.б. Алайда осылардың ішінде DOS-тың ҒАТ16 жəне ҒАТ32 файлдық жүйелері ең көп тараған. Дискінің файлдары мен қапшықтарын бейнелейтін операциялық жүйе түрінде иерархиялық кұрылым файлдық құрылым деп аталады.

Əрбір файл өзіне тəн өзгешеліктерге - атрибутқа ие. Файлдың маңызды атрибутына мыналар жатады: атау, кеңейту, ұзындық, уақыт жəне жасау (кұру) күні (дата создания).

Файлдардың атауы қапшықтағы, каталогтардағы магнитгік жəне оптикалық дискілерде тіркеледі. «Каталог» термині DOS тобындағы ОЖ-да, «қапшық» («папка») термині Windows тобының операциялық жүйелерінде пайдаланылады.

Файлдарды атау тəсілі бойынша «қысқа» атау жəне «ұзын» атау деп бөліп көрсетіледі. Windows 95 операциялық жүйесі пайда болғанға дейін ІВМ РС компыотерлерінде файлдарды атаудың баршаға бірдей (жалпы қабылданған) тəсілдері 8.3. келісімі (соглашение) болды.

MS DOS-та қабылданған осы келісімге орай файл атауы өзіндік атау жəне атауларды кеңейту деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Файлдардың атауына 8 символ берілген, ал оның кеңейтуіне - 3 символ. Кеңейтуден болатын атау нүктемен бөлінеді. Атау тəрізді кеңейту де тек латын алфавитіндегі альфавитті-цифрлық символдарды қамтыған.

8.3. келісімі стандарт болып табылмайды, сол себепті де дұрыс жазудың формасынан ауытқудың бірқатар жағдайлары операциялық жүйеде де, оның қолданбаларында да ұйғарыла береді. Мысалы, көптеген жағдайларда жүйе бірқатар арнайы символдарды (леп белгісі, баса көрсету символы, дефис, тильда жəне т.б.) пайдалануға «қарсылық білдірмейді», ал MS DOS-тың бірқатар нұсқалары файл атауларында орыс жəне басқа альфавиттің символдарын пайдалануға жол береді. Бүгіндері 8.3. келісімге сəйкес жазылған файлдар атауы «қысқа» деп саналады.

«Қысқа» атаудың негізгі кемшілігі - олардың мазмұны төмен.

Каталог ұғымы жəне файл маршруты. Файлдар оларды (файлдарды) жасаушылардың берген кез келген жалпы белгісі бойынша каталогқа бірігеді (тұрпаты бойынша, тиістілігі бойынша, тағайындалуы бойынша, жасалу уақыты бойынша жəне т.б.). Каталог файлдарының ерікті топтары бірігіп, бағыныңқы каталогтарды (подкаталог) қалыптастырады. Бірқатар бағыныңқы каталогтардың операциялық жүйелерін қапшықтар деп атайды. Нақты бағыныңқы каталогтар түпкі каталог секілді – бұл дискіге орналастырылған əрі файлдың бағыныңқы каталогына жіберілгені туралы информацияны қамтитын кестелер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]