9. Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы
ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.
Идирисова Э.К. «Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизенса», Алматы: Қаржы –қаражат, 1999г.
Илиясов К.К., Идирисова Э.К. «налоги развитых зарубежных государств», Алматы: Қаржы-қаражат», 1997г.
Карагусова Г. «Экономическая сущность налогов». Алматы: Қаржы-қаражат», 1994г.
Мельников В.Д. «Государственные регулирование экономики Казахстана», Алматы: Қаржы-қаражат», 1995 г.
Мещеряков В.Д. налоговые системы развитых стран мира. Спарвочник – М.: Фонд «правовая культура», 1995г.
Баймуратов У.Б. «Национальная экономическая система» Алматы: Ғылым 200г.
Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.
Методы налоговой оптимизации, или как избежать опасных ошибок- учебное пособие под.ред. Брызгалина А.В. – М.: Аналитика ПРЕСС,1999г.
Налоги и налооблажение- учебник под ред. Юткиной Т.Ф. – М.: ЮНИТИ 2001г.
Налоги и налооблажение.- Гурина А.С. оқу құралы Санк Петербург 2001г.
Налоги: Оқулық. под ред. д.э.н., профессора Черника Д.Г. М.: Финансы и статистика, 2000г.
Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.
Налогооблажение доходов юридических лиц в Казахстане. С Ержанова: Алматы, 1997 г.
«Налоги и налогообложение в Казахстане». Оқу құралы. Идирисова Э.К. Алматы: Фонд «Формирование налоговой культуры» 2003г.
Худяков А.И. «Налоговое право в РК» Оқу құралы, Алматы: «Жеті жарғы»,1998-304с.
Налоги и налооблажение. Оқу құралы/ под ред. И.Г. Русаковой, В.А. Кашина – М: ЮНИТИ, 2000-160с.
Сейдахметова Ф.С. «Налоги в Казахстане». Оқу құралы, Алматы: ЛЕМ, 2002г.
Киперман Г.Я., Тимофеева О.А. «Налоги в рыночной экономике», М: Финансы и статистика,2 басылым,2001ж.
Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002г.
Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с
Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.
Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет
Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.
А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.
Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.
10. Глоссарий
1. Қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;
2. Сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер;
3. Ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар;
4. Грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
5. Ізгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
6. Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; 7. Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8. Борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады; 9. Қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
10. Басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер); 11. Жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
12. инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;
13. Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы; 14. Тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым Салық Кодексінiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
15. Есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;
16. Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
17. Салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
18. Салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
19. Салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
20. Салық режимi - Салық Кодексінің белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
21. Бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары; 22. Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23. Негiзгi құралдар - өндiрiсте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) беруге, жалға беруге және (немесе) әкiмшiлiк мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлiк;
24. Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма; 25. Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн; 26. Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;
27. Өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
28. Роялти - мыналар үшiн: пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады; 29. валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
30. Арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi; 31. Демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
32. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк; 33. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi; 34. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
35. Уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары;
36. Ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi қызметтер; 37. Салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
38. Салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi; 39. бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi.
40. Салық салынатын табыс – жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің айырмасы.
41. Салық төлеуші (субъект)- салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
42. Салық объектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көпстеген тауарлы-материалдық игіліктер.
43. Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
44. Салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында беріледі. Пайыздық салық ставкалары прогрессивтік, регрессивтік, пропорционалдық болып бөлінеді.
45. Прогрессивтік ставкалар – салық сланытаны табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.
46. пропорционалды ставкалар- салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
47. Регрессивті салық ставкасы- салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі.
48. Тұрақты салық ставкасы - салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді.
49. Салық өлшем бірлігі- есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.
50. Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.
51. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендет, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.
52. Салықты төлеу мерзімі – салықтыр мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.
53. Тiкелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келiсiмшартпен немесе келiсiмшарттан тыс қызметпен тiкелей себеп-салдарлық байланысы бар тiркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есептi салық кезеңiндегi табыстары мен шығыстарын;
54. жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есептi салық кезеңiндегi табыстары мен шығыстары, оның iшiнде жер қойнауын пайдалануға арналған бiрнеше келiсiмшарттармен тiкелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келiсiмшарттар арасында ғана бөлiнуге жататын тiркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;
