Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мота.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.5 Mб
Скачать

2 Технологиялық бөлім

2.1 Кен орынды игеру жүйесі

Кен орын 1984 жылы ақпан айында ашылды. Ал 1987 жылдың 4 қараша айында Құмкөл кен орынның мұнай және газ қоры есептеліп, СССР-дың қор жөніндегі комитетінде сол жылы осы номерге (ГКЗ) № 10283 құжат есебінде қабылданды.

Жоғарыда айтып кеткендей, кен орындағы өндірістік маңызы бар мұнайгаз ағыны төменгі неоком және жоғарғы бор шөгінді қабаттарынан алынған.

Төменгі неоком шөгінді қабаттарында 2 өнімді горизонт (М-I және М-II), ал юра шөгінді қабаттарында 4 өнімді горизонттар (Ю-I; Ю-II; Ю-III және Ю-IV) бар екені анықталған. КазНИПИНефть институты құрған «Құмкөл кен орнын игерудің

Технологиялық жобасы» негізінде 1990 жылдың мамыр айынан бастап өндірістік игеру басталды.

Кен орынды игеру жобасы бойынша келесідей іс шаралар жасалуы қарастырылған: жалпы ұңғылардың қоры 770 бірлік, соның ішінде 432 өндіру, 199 айдау, 21 су және 3 газ өндіруші ұңғылар бұрғылануы керек.

Игеру жобасы бойынша кен орын горизонттарының мұнай және газ, тау жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып 4 игеру объектісіне бөлу шешілген: бірінші объект - М-I және М-II горизонттары, екінші объект - Ю-I және Ю-II горизонттары, үшінші объект - Ю-III горизонты және төртінші объект - Ю-IV горизонты болып ерекшеленеді.

Құмкөл кен орнының АҚ Торғай Петролеум компаниясының аумағында қазіргі уақытқа дейін 303 ұңғыма бұрғыланды.

Оның 238 ұңғымасы пайдалану қорында, 44 ұңғымасы айдау қорында, 3 ұңғыма байқау жағдайында болып табылады. 11 ұңғыма техникалық мақсаттарға қолданылатын су алушы ұңғымалар. 3 ұңғы консервацияланған.

Кен орынды игеру жүйесі күрделі жүйелерден, көптеген міндетті звенолар мен элементтерден тұрады.

Жүйе қалыпты істеу үшін, аймағы жүйешілер мен міндетті элементтер қалыпты жұмыс істеу керек. Осылайша жобалау мен көптеген кен орынды игередің жекелеген компонеттерінің негізінде тиімді игеру жүйесі қалыптасады.

Тиімді игеру жүйесінің негізгі компоненттері:

Көп қабатты кен орынның өнімді қабаттары тиімді жолмен игеру обьектісіне бірігеді немесе бөлінеді. Әрбір обьектте бірдей ұңғымалар квадрат торлары қолданылады. Құмкөл кен орнының көп қабатты шоғырларындағы көптеген өтімділігі төмен қабаттарда, мұнай қоры неғұрлым көп жерлерді нығыздалған ұңғыма торлары қолданылады.

9 нүктелік игеру жүйесінің тиімділігі оның геологиялық құрамының өзгеруіне қарамастан, әр өндіру ұңғымасында бір немесе бірнеше айдау, ал айдау ұңғымаларында босаусыз ұңғымалар бар. Әрбір бөлімшені жеке пайдалануға болады, оны бсқа бөлікшелер мен ұңғымалармен байланыстырмайды. Өз обьектісінде керексіз болған ұңғымалар басқа обьектіге көшіріліп, сонда біркелкі немесе оған жақын тор құрып, мұнай өндіру мен мұнай бергіштіке тиімді әсер етеді.

2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау

Құмкөл кен орнының 01.05.05 жылғы ұңғылар қорының бөліну сипаты бойынша жалпы игеру және обьектілер бойынша талдауы кесте 1-де берілген.

Талдау кезінде игерудің 1-ші обьектісінде:

-51 ұңғыма пайдалану,

-32 өндіру қорында, олардан барлық ұңғымаларға винттік сораптар жіберілген, айдау қорында 4 істі ұңғыма, N3034 ұңғыма 3-ші обьектінің іссіз қорына ауысқан. N1040, 1044, 1047 ұңғымалар фонтандық өндіруде винттік тәсілге ауысқан. Бақылау қорынан 2 ұңғыма ауысқан – N1037 ұңғыма айдау қорына, N2113 ұңғыма винттік пайдалану тәсіліне көшкен. Өндіру - қорының пайдалану коэффициенті (ӨҚПК) 2003 жылы 96%-100% болды. 1-ші обьектіге игеруден N1079 ұңғыма көшірілді.

2-ші игеру обьектісінде өндіру қорында 89 ұңғыма, 66 ұңғыма – фонтанды тәсілмен пайдаланылады, 18 ұңғымада винттік сораптар түсірілген, 5 ШСҚ, айдау қорында істе 19 ұңғыма бар. ӨҚПК 2003 жыл бойынша 98%-100%, жылдың бірінші жартысында тұрақты болды. Зерттелген период ішінде (01.01.03 – 01.05.03) пайдалану обьектісіне 5 өндіру ұңғымасы қосылды. Талдау жүргізген мерзімде N 2225, 2197, 1092, 2237, 2243 ұңғымаларының kпайдалану-ті 68%-тен 93%-ке дейін өскен.

3-ші пайдалану обьектісінде 46-шы өндіру ұңғымасы, оның 46-сы жұмыс істейді, 24 ұңғыма – фонтанды, 18 – винттік сорап, 4 – ШСҚ, айдау қорында 11 ұңғыма. Анализ жасалған период ішінде обьектіге 3 жаңа өндіру ұңғымаларын N3099, 3077, 2258 пайдалануға берілді. ӨҚПК - 95%-98%, kпайдалану- 78%-94% аралығында.

4-ші обьектіде 2 ұңғыма N412, 4002 істеп тұр (фонтанды тәсіл). 2009жылдың мамырынан су айдау тоқтатылған. ӨҚПК - 100%. Өндіру ұңғымаларындағы kпайдалану - 98%-100% аралығында өзгереді.

1-ші игеру обьекті (М-1+М-2 горизонттары)

Талдау периоды кезінде (2003жылы) 1-ші обьект ұңғымаларынан 338,37 мың тонна мұнай және 408,01 мың тонна сұйық алынған. Талдау мерзіміне өндірілген мұнай 2505,575 мың тоннаға жетті, бұл обьект бойынша алғашқы алынған қордың 10,24%-ін құрайды. Өндіру ұңғымасының орташа тәуліктік шығымы 62,7 т/тәул., су бойынша 98,9 т/тәул. 01.05.2003 жылы өнімнің орташа сулануы 29,5%. 2009 жылдан бастап контур бойымен су айдау 33

2-ші обьект (Ю-1+Ю-2 горизонттары)

Талдау периодында 2-ші обьект ұңғымалары бойынша 297,768 мың тонна мұнай және 330,658 мың тонна су өндірілген. Талдау мерзіміне өндірілген мұнай жиналымы 3545, 354 мың тонна, бұл обьект бойынша алғашқөы алынған қордың 10,56%-ін құрайды. Мұнай бойынша ұңғымалардың орташа шығымы – 44 т/тәул. , су бойынша 48,8 т/тәул. 01.05.05 жылы 410,975 мың м3 су айдалды. Айдалған су жиналымы – 4471,369 мың м3 болды.

3-ші обьект (Ю-3 горизонты)

Талдау периодындағы өндірілген мұнай 164,538 мың тонна және 214,970 мың тонна су, 34,176 млн м3 газ. Өндірілген мұнай жиналымы – 2797,844 мың тоннаға жетті, бұл 3ші обьект бойынша алғашқы қордың 28,82%-ін құрайды. Мұнайдың орташа шығымы – 52,8 т/тәул., судың орташа шығымы – 69,0 т/тәул. 2003 жылдың 1-ші мамырында қабатқа 207,338 мың м3 су айдалды. Айдалған су жиналымы 3788,007 м3. Өнімнің орташа сулануы – 23,4 %.

4-ші обьект (Ю-4 горизонты)

Талдау периодында өнділген мұнай – 3,555 мың тонна, су – 4,197 мың тонна. Талдау мерзіміне өндірілген мұнай жиналымы 70,579 мың тоннаға жетті, бұл обьект бойынша алғашқы қордың 28,17%-ті. Орташа мұнай шығымы – 15,0 т/тәул., орташа су шығымы - 17,7 т/тәул. 2009 жылдың 5 ай ішінде қабатқа 0,41 мың м3 су айдалған, айдалған су жиналымы – 119,51 мың м3 құрайды. Өнімнің орташа сулануы – 15,3%. Айдау қателіктерінен 2009 жылдың мамырынан бастап ұңғыға су айдау тоқтатылған.