
- •Курстық жұмыс
- •Жоспар:
- •І. Жеке адамға қарсы қылмыс туралы түсінік
- •1.1 Жеке адамға және өмірге қарсы қылмыс туралы түсінік
- •1.2 Қылмыстың объективтік жағы
- •1.3 Қылмыстың субъективтік жағы
- •2.1 Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстар
- •2.2 Жеке адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру
- •2.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтан зиян келтіру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қылмыстық іс жүргізу кафедрасы
Балаканов Арыстан Талгатович
2 курс, күндізгі ( негізгі жалпы орта білім базасында )1140012 тобы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Жеке адамға қарсы қылмыстар»
Пән: Қылмыстық құқық
Мамандығы:5В030100- Юриспруденция
Ғылыми жетекші:
Байсарин Б.З.,аға оқытушы
Курстық жұмыс
__ _____2013 жылы қорғалды
Бағасы____________________
ҚОСТАНАЙ, 2013 ж
Жоспар:
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Жеке адамға және өмірге қарсы қылмыс туралы түсінік.....................5
1.2 Қылмыстың объективтік жағы.................................................................7
1.3 Қылмыстың субъективтік жағы.............................................................8
ІІ. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
2.1 Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстар................................10
2.2 Жеке адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру...............15
2.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтан зиян келтіру.................16
Қорытынды ...................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды саудаға салу қылмысы да осы санатқа жатады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі – қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды сату үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды сату құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды.
1961 жылғы Қаз ССР ҚК-іне қарағанда бұл ҚР ҚК-інде «Жеке адамға қарсы қылмыстар» бірінші тұр, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өзазаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Казақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады" (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ). Конституцияның II бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды .