Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каламкас курсовой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.35 Кб
Скачать

1 Сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихы

Қылмыстылықпен күресудің тиімді жолы, ғылым мен техниканы қолданудың ажырамас бөлігі, тәжірибеде жаңа ғылыми-техникалық әдістер мен құралдарды, арнайы танымды қолдану қылмысты ашу мен тергеуді сапалы жүргізуге көмектеседі. Тергеуші қызметінің нәтижелілігі көп ретте арнайы танымды қолданумен байланысты, сондықтан тергеуші өзі және маман мен сарапшылардың арнайы танымын қылмысты тергеу барысында пайдаланған. Кейін арнайы танымды қылмысты ашу мен тергеу кезінде қолданған. Ежелгі Римде жалған құжаттарды жасау кең түрде тараған, сондықтан жазбаны анықтайтын арнайы мамандар да болған. Олар сотта сарапшы ретінде қатыса алған. XVII ғ. Демиля және Ревено сынды ғалымдардың құжаттардың сараптамасына қатысты әдебиеттері жарық көрді. Арнайы танымды қолдану Ресейде XVII ғасырға жатқызылады. Сол кездің өзінде сот медициналық және сот химиялық сарапта құжаттары орын алған. Алғаш бізге жеткен медициналық сараптаманы 1535 жылға жатқызуға болады. XVII ғасырдан бастап, жеке тұлғаны куәландырудың және дене жарақатын анықтау үшін мәйіттерге қарау жүргізудің болғандығы кездеседі. Сондай ақ, XVII ғасырда дәрігерлер, арнайы таным арқылы адамның ішкі жан дүниесін анықтай алған.

Сол кезде, егер өлу себебі уланудан болды деген күдік туса, онда заңсыз дәрігерлік және әр түрлі емдеу құралдарын заңсыз сату істері бойынша, уланған заттың құрамын анықтау үшін дәрігерлер мен дәріханашылардың арнайы танымын пайдалану арқылы зерттеулер жүргізілген. XVI ғасырда құжаттың жалған екенін тексеру үшін шіркеу адамдары маман ретінде жүзеге асырған. Сол уақытта үлгіні салыстыру зерттеу үшін жазбаның ескіру мерзіміне, құжаттың сыртқы бейнесіне және реквизиттеріне көңіл аударған. Кейін бұл зерттеуді орыс әкімішілік аппаратында шіркеу адамдарын ауыстырған хатшылар, жазба жүргізушілер және басқа канцелярлық шенеуніктер жүргізген.

Қылмыстық сот өндірісінде ғылыми-техниканың даму деңгейі көтерілген сайын техникалық және табиғи ғылымның қолдану аясы кеңейе түсті. XIX ғасырға дейін арнайы танымды қодануда мына бағыттар анықталды:

  • дәрігерлердің өлі денелерді қарауы және тұлғаны куәландыру мен ішкі жан дүниесін анықтау.

  • дәрігерлер мен дәрі сатушылар удың түрлерін, әртүрлі дәрі-дәрмектердің құралын анықтау

  • шіркеу адамы, хатшылар және басқа да жалғандықты анықтайтын тұлғалар (жалған құжат және және жазбаларды зерттеу).

XIX ғасырға дейін арнайы танымды құқықтық регламенттеуде бөлек ұйғарым түрде, білгір тұлға мен дәрігерлердің артықшылық қызметіне қатысты қолданған. Арнайы танымды қолданудағы мемлекеттік регламенттеуден өткен және алғаш бізге дейін заңдық құжат ретінде «Крепостной актілеріндегі қолтаңбаларды зерттеу тәртібі туралы» 1699 жыл 6 наурыздағы нұсқауында сараптама жүргізу тек мамандарға беріліп, оның зерттеу обьектісін анықтаған. Әрі қарай арнайы танымның заңдық регламенттелуі 1715 жылы Петр 1 әскери Артикулінде кездеседі. Онда 154 артикулде сот-медицина өндірісінің зерттеу әдісі ретінде: өлікті ашу мен тергеу тәртібін белгілеп, ант қабылданған.

1722-1723ж. Ресейде психиатриялық сараптаманың алғашғы заңдық регламенттелуі басталды. (Сенаттағы жындыларды куәландыру туралы 1722 жылы 6 ақпандағы нұсқауы).

1832 жылы Ресей империясының заң жинақтарында алғаш арнайы танымды жүзеге асырушы ретінде, білгір тұлғалар түсінігі анықталды. Онда: егер дәл тану іс-жағдайлары белігіл бір ғылымның ерекше мәліметі және тәжірибесі деп танылса, өнерде немесе нақты істерде өз саласын білетін адамдардың көзқарасын немесе айғақтарын талап етуі керек. Аталған заң білгір тұлғалардың сот медициналық сараптама саласында және жәбірленушінің немесе өлікті сот сараптама қарауы кезіндегі іс әрекеттерін реттеген. Ресейде 1864 жылы сот реформасының жүйелілігі қылмысты тергеу кезінде арнайы танымды қолдануға қатысты сұрақтарды өзгертті. 1864 жылғы қылмыстық сот өндірісі жарғысының 325 бабында: білгір мамандарды, арнайы мәліметтерді келтіру немесе ғылымда тәжірибелілігі, өнерде, ойдан құралғандығын немесе белгілі бір жаттығуларды жасау мен анықтау кезінде ғана шақырылған. Бұл жерде қандай жағдайларда ғана білгір мамандар ретінде іс-әрекет ететіні анықталды. Қай кезде дәрігерлер фармацевтер, профессорлар, мұғалімдер, техниктер, суретшілер немесе ерекше тәжірибелілігі бар тұлғалар шақырылатындығы белгіленді. Осылайша білгір мамандардың тізбесі құрылып, оларды қайтару негіздері мен тағайындау тәртібі, білгір мамандардың бастамашылдығы мен зерттеу өнідірісі айтылды. Кейбір жерлері қайта өңдеуді қажет етеді. Мысалы: қарау тәртібі және куәландыруды жүргізу кезінде басшылық рөлі дәрігерлерде болса, оны дәрігерлер арқылы жүргізді. Айту керек, сол кездің өзінде тергеушілердің тәжірибесіне көп күш салынған. Солай Я. Баршеваның «Қылмыстық сот өндірісінің негізі» (1841ж.), Н.Орлованың «Тергеу жүргізу үшін қысқа басшылық жасау тәжірибесі» (1833ж.), Е.Колоколованың «Тергеу өндірісінің ережесі мен нысаны туралы» (1850ж.), Н.Клайдовичтің «Қылмысты тергеу өндірісі үшін нұсқау» (1849ж.), М.Стояновскидің «Орыстың қылмыстық сот өндірісіне тәжірибелік басшылық» (1852ж.) еңбектері өмірге келген.

Бұл жұмыстар көбінесе оқиға болған жерде, іздерді табуда оны ары қарай зерттеу үшін хаттама бекітуге көңіл аударған. Қылмыс жасалған «құралдың» іздері және белгілері керек деп табылса, онда білгір маман тұлғамен куәландырылады. Білгір маман қарау кезіне қатыса алған және сараптаманың өзі сот қарауының әр түрлі жеке қарауларына жатқызылған, бірақ кейін оны куәгердің айғағы ретінде, басқалары маманды ғылыми сот десе, ал үшіншілері сараптаманы өзіндік дәлелдеу деп есептеген.

1871 жылы жоғарыдағы айтылғандарға сын көзқараспен К.К.Арсеньев: сот пен сарапшының айырмашылығы, соттар тек қойылған сұрақты талқылап қана қоймай, міндетті шешім қабылдайды деген болатын. Егер, ол қайтарылғанша немесе белгіленген тәртібімен басқа шешімдермен ауыстырылғанша күшінде болады. Ол сараптаманы дәлелдеудің негізіне жатқызып: «біз сарапшыны сот деп есептемейміз, бірақ оларды куәгерлер қатарына да қоспаймыз, оған қылмыстық процесте өз рөлін көрсете алатын орын беруіміз керек». Кейінірек тәжірибелік тәсілдер мен әдістердің дамуының дәлелі ретінде табылған іздерді сақтау, жалған құжаттарды зерттеу, табиғи және техникалық білімдердің негізін қолдану арқылы шешілуіне түрткі болды. Қылмыстық сот өндірісі үшін ғылыми техниканың қол жеткізуі мен кең тарауы немесе енгізудің бастамасы ретінде П.В.Макалинскидің (1871 ж.) «Сот тергеушілеріне басшылық» атты еңбегін есептеуге болады. Онда өлшеу құралын және аяқ іздерін үлгілеуді қолдануды ұсынды. Кейін фотография ойлап табылған соң іздерді бекіту, құжаттарды зерттеу мүмкіндіктері туды. Бұл бағыттың дамуына теңдессіз үлес қосқан Е.Ф.Буринский (1849-1912ж.) болды.

Ол 1889ж. өз қаражатымен Петербургтік прокуратура жанынан сот палатасының сот-фотографиялық лабораториясын ашты

Бұл Ресейде алғашқы арнайы криминалистикалық мекеме болды. Сот фотографиясының негізін қалаушы, сот жазбатанушы, құжатты техникалық зерттеуші, ол басқа да криминалистиканың түбірлі проблемасын зерттеді. Е.Ф.Буринскийдің арнайы техникалық танымның жаңа сапалы бастамасын тек фотография төңірегінде ғана емес, қылмыстық сот өндірісінің жаңа бағыттағы шешімдерін табу үшін ғылыми-зерттеудің қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісінде арнайы танымның ауқымырақ қолдануына әкелді. Өз уақытында Е.Ф.Буринскидің айтқандарын қазіргі криминалистика ғылымы сәтті қолдануда және көрсетілген бағытта даму үстінде. Сол кездің өзінде тергеу немесе сот органдары ғылыми білімге сүйенген. Көп пәндерді түсіну үшін ғылымда, өнерде, техникада немесе нақты істерде арнайы таным қажет. Белгілі зерттеулерді Д.И.Менделеевтің, А.М.Бутлеровтың, Н.Н.Зининнің және басқа да ғалымдардың жүргізгенін айтуға болады. Тергеу және сот органдарына ғылыми техниканың өрлеуімен қатар келе жатқан жаңа ғылыми әдістер мен тәсілдер қылмыстылықпен күресудің құралы ретінде қажет болған. Дактилоскопия төңірегінде ғылыми жаңалықтар мен тәжірибелерді қолдануды әзірлеген В.Гершель, Г.Фолдс, Ф.Гальтон), А.Бертильон еңбегі антропометрия, тергеуді жүзеге асыру үшін дәлелдеуді жинауда құралдар мен әдістерді жүйелендірген Г.Гросс болып табылады. Бұл криминалистикаға жаңа ғылымды енгізуге әсер етті. Ресейде ашыла бастаған, Петербургтегі сот палатасы жанындағы сот-фотографиялық лаборатория мекемесі (1893ж.) 1912ж. қызметін тоқтатқан.

1912ж 3 желтоқсанда Петербург прокуратурасының сот палатасымен ғылыми сот сараптама кеңсесі ашылған.

Мәскеудегі, Киевтегі, Одессадағы ғылыми сот сараптама кеңсесі (1913-1914ж.) ашылды.[2,189б.].

Зерттеу кеңсесінде тек фотография көмегімен ғана емес, сонымен қатар дактилоскопиялық, химиялық және микроскопиялық анализдер, сараптама құжаты мен жазбатану сараптамасы жүргізілген. Әр кеңседе жылына 400 ден астам зерттеулер жүргізілген. Егер мамандар саны мен кеңсе санын салыстырсақ, онда көрсеткіш көңіл қалдырарлықтай. Ғасыр басында әр жерлерде ғылыми техникалық мекемелер сәтті дамыды. Патшалық полиция органдары жүйесінде дактилоскопиялық тіркеу бюросының саны 89-ға дейін жетті. 1864 жылы Муравьевтың төрағалық кеңсесінде қаралған және 1913 жылы Мемлекеттік Дума мүшелерінің бастамасымен де көтерген, бірақ бұл заң жобасы бірден қайтарылды (1-ші оқылымда), бір ретте қабылданған жоқ (соғыстың басталуынан).

Соңғы арнайы танымды қолдануға бағытталған ұйымдастырушылық 1916 жылы 1-9 шілдеде Петроградтағы жиналған Ресей империясының сарапшы криминалисттердің 1 сьезінен тастау алды. Оған ғылыми сот сараптама кеңсесінің басқарушылары және оның көмекшілері, сот тергеушілері, биологтар, химиктер, физиктер, сот дәрігерлері қатысты. Сьезд қызығушылықтар туғызды және Ресейде арнайы танымның ғылыми деңгейін көрсетті. Онда сол жылдардағы криминалистикасының ғылыми деңгейінің мінездемесін талқылап қойған жоқ, сонымен бірге сарапшылардың тәжірибе жағдайлары мен жеткен жетістіктері, қателіктері де айтылды. Осыдан кейін үлкен өзгерістер, бірінші дүние жүзілік соғыс, төңкеріс, азаматтық соғыс, пен оның салдары арнайы танымның ғылыми негізінің дамуына кедергі жасады. Ғылыми сот сараптамасының кеңселері соққы алса да, жұмысын жалғастырды (Киевте, Одессада). Ал қалғаны (Мәскеудегі және Петроградтағы ) өмір сүруін тоқтатты. Патшалық полиция органы жүйесінде дактилоскопиялық тіркеу бюросы жойылды. Кеңестік мемлекеттердің қалыптаса бастауымен ғылыми пайымдау үшін эмпирикалық материалдардың қажеттілігі, талдау және біруақытта құру, одан кейін барып отандық, жеделдендіру, тергеу және сараптама тәжірибесінің негізін жетілдіруді бастаудан тұрды. Сот медициналық мекемелер құрылып, төңкеріске дейінгі уақыттағыдай барлық сот медициналық сараптама тармағы ішкі істер ведомстволарына бағынған жоқ, олар денсаулық сақтау органдар жүйесіне кіргізілді. Сот психиатриялық сараптама жеке өз алдына жұмыс жасады. Киев пен Одессадағыдай жаңа ғылыми сот сараптама кеңсесі Харьковте де құрылды. Бұл кеңселер 1925 жылы ғылыми сот сараптама институты болып қайта құрылды. НКВД-ң РСФСР жүйесінде ғылыми техникалық бөлімдері құрылып, әр жерлерде орталық дактилоскопиялық тіркеу бюросы, сот және тергеу органдарына ғылыми тәжірибелік көмек көрсетуде төңкеріске дейінгі ғылыми сот сараптама кеңселерінің жыл сайын жүргізілген зерттеулерінен кем болған жоқ. 1940 жылы КССР-ң аумағында 30-ға жуық ғылыми техникалық бөлімдер мен топтар есептелді.

Сол уақыттарда көптеген батыстық әдістемелік аударма әдебиеттер шығарылды: «Қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне тәжірибелік басшылық» В.Штибер, Г.Штейкерт (1952ж.), «Қазіргі заман криминалистикасының қылмысты тергеу әдістері» А.Гельвиг (1925ж.), «Қылмыскер құпиясы және оны ашудың жолдары» Г.Шнейкерт (1925ж.), «Қылмыстық техника», «Қылмыстық іздестірудің шеберханасы» Р.Геиндл (1925ж.), «Тану үшін белгілерді үйрену туралы» Г.Шнейкерт (1925ж.), «Қылмыстық техникаға енгізу» Г. Шнейкерт (1925ж.), «Дактилоскопиялық және қылмысты тергеу ісіндегі қылмыстық техниканың басқа да әдістері» Р.Гейндл (1927ж.), «Сараптама жазбаларын және суреттерді идентификациялау» С.Оттоленго (1927ж.), «Қылмысты тергеуде басшылық» Г.Гросс (1930ж.), «Қылмыстылықты ескерту» В.Гай (1925ж.). Қылмысты тергеу кезінде ғылыми техниканың ары қарай дамуы үшін әртүрлі мамандардың көмегінің қажеттілігіне сүйенді. Төңкерістен кейін сараптама дәлелдеудің қайнар көзі туралы айтылған бірқатар жұмыстар жарық көрді. Сараптама тек қана қоғамдық соттарда ғана емес, арнайы соттарда да қолданылғаны жөнінде көптеген құжаттар куәландырады. 1922 жылы 25 мамырда ВЦИК пен 3 сессиясында қабылданған ҚІЖК-ң сот сараптамасын регламенттеу үшін бұл құжаттар негіз болып табылды. Одан соң басқа РСФСР-ң ҚІЖК, ВЦИК 1923ж. ақпандағы қаулысымен бекітілген. Алғашқы 1922-1923ж ҚІЖК-де «білгір» (сведущие лица ) тұлға деген термин жоқ, онда «эксперт» деп қабылданған. Мұнда сарапшы ретінде шақырылатын тұлғалардың тізбесі жоқ.

1923ж. ҚІЖК-нің 63 бабы бойынша, мамандар тек қана тергеу кезінде немесе істі қарау барысында арнайы танымның ғылымға, өнерге және нақты істерде қажет болғанда шақырылған. Сарапшы қорытынды беру алдында іспен танысуға және қорытынды беру мүмкін емес болса, ол туралы акт толтыруға және отырыс залына қатысуға, сый ақылар алуға құқығы болған.

Сарапшының қорытындысын дәлелдеудің бір түрі, тергеушіге онымен келіспеуге немесе қайталама сараптама тағайындауға құқық берілген. Осылай сарапшының қорытындысын тексеруге және дәлелдеу ретінде сотпен баға беруге болады, бірақ келіспейтін тұстарын көрсетпей қайтаруға болмайды. 1923ж. ҚІЖК-ң 298 бап, 3 бөлімінде сотқа сарапшы қорытындысы міндетті емес, бірақ үкімде сарапшы қорытындысымен келіспегенін толық анықтап беру керек делінген. 1923ж. ҚІЖК-не жаңа толықтырулар енгізілді. Онда егер сарапшыға берілген материалдар толық емес болса, сараптама өндірісін жүргізуден бас тарту құқығы берілді. Бұл толықтырулар төңкеріс кезіндегідей қарсылықтар тудырмаса да, бұл пікірге бірден үйреніп кеткен жоқ. Профессор Б.Д. Сперанский сияқты бірқатар ғалымдар, сарапшыны сот орнына немесе тек сот шешетін сұрақтарға араласуын қойды. 1925ж. Б.Д. Сперанский сараптаманы 3 категорияға бөлуді ұсынды.

Бірінші - сараптама белгілейтін, қылмыстың ол көрген қылықтарын белгілеу мен белгілі бір тұлғаның кінәлілігін және оған барлық техникалық сараптаманы қосқан, өндірісте соттың және тергеушінің көмекші рөлінде болатын түрі.

Екінші - анықтайтын сараптама, зерттеуде ғалым заң құрамының қылықтарына жататын белгілерді көрсе.

Үшінші - сараланатын сараптама, айыпталушының әлеуметтік қауіптілігін белгілеу үшін, оған қатысты қорғау шараларын белгілеуге дейінгі тағайындалатын сараптама.

1920 - шы жылдары профессор И.Н. Якимов сараптаманың біртұтас ұғым түсінігіне қарсы болды. Ол Л.Е. Владимированың да арнайы сұрақтарды шешуге шақырылған білгір тұлғаларды екі категорияға: ғылыми сарапшылар - белгілі бір ғылымға байланысты шешетін және анықтама сарапшылары - өнерде, арнайы істе, ойдан шығарылғанын анықтау, немесе белгілі бір жаттығулар төңірегінде тәжірибелік мәлімет беретін тұлғалар - деп бөлуде, екі ғалымның көзқарасы ұқсас болды. Кейін кеңес заң әдебиеттерінде және сот тәжірибесінде сарапшының қорытындысына көзқарс нықталып, дәлелдеудің қайнар көздері өзіндік бола бастады. Оның басқа дәлелдеуден айырмашылығы арнайы таным негізінде барлық деректер көзімен жинақталады. Қылмысты тергеу кезінде әртүрлі мамандарға жүгінуі арнайы танымды қолдану проблемаларын шеше алды. Осы уақыттағы әдебиеттер: «Дактилоскопия тіркеу әдісі ретінде» П.С. Семеновский (1925ж.), «Қылмысты тіркеу техникасы» Н.П. Макаренко (1925ж.), «Сот фотографиясы» С.М. Потапов (1926ж.), «Қылмыстық тергеуге тәжірибелік басшылық» И.Н. Якимов (1924ж.), «Қылмыстық техника», «Бастапқы курс». «Тергеу қызметкерлеріне тәжірибелік басшылық» Н.Д Воровский (1931ж.), «Қылмысты іздестіру анықтамасы мен милициядағы өлікке алғашқы қарау жүргізу» Н.С. Бокариус (1925ж.) және т.б.

Айту керек, бұл уақытта сараптама мекемелері дамыса да бір-бірімен ешқандай жүйелі түрде байланыссыз жұмыс жасады. Ешқандай ғылыми зерттеу координация қызметінсіз және біріктіретін орталықтарыда болған жоқ. Сот сараптамасының орталық институтын құру идеясы екінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен жүзеге аспай қалды. Соғыс аяқталған соң криминалисттік мекемелер пайда бола бастады. Соның бірі Мәскеуде 1944ж КССР Әділет министрінің Орталық криминалистік лабораториясы, 1946 жылдан бастап бір бөлігі бүкіл кеңестік заң ғылымының институты болды. 1945ж. НТО құрамындағы Бас басқарма милициясының ғылыми зерттеу криминалистика институты, 1949ж. құрылған КССР Прокуратурасының бүкіл кеңестік НИИ криминалистикасы. Елде криминалистика зертхана желілері кеңеюде. 1975ж. бірқатар сот сараптамалық зертханалар ғылыми зерттеу институты болып қайта құрылды. 1962ж. Орталық криминалистік лаборатория базасында, сот сараптамасының орталық ғылыми зерттеу институты құрылады. Кейін 1970ж. КССР-дің Әділет министрі құрылғасын, бүкіл кеңестік сот сараптамасының ғылыми зерттеу институты болып өзгертіледі. Қазіргі таңда Ресей федералдық сот сараптама орталығы. Өзінің дамуын КССР ІІМ-і органдарында ғылыми техникалық аппарат жұйесінде кең етек алды. НИИ-мен бірге КССР ІІМ-ң криминалистикалық зертхана орталығы 1969ж. құрылып кейін криминалистикалық ғылыми зерттеу лаборатория орталығы болып, қайта құрылды. Қазіргі уақытта сараптама мекемесін қайта құру нәтижесінде пайда болған Ресейдің ІІМ-ң криминалистикалық сараптама орталығы РФ-ң ішкі істер органдарының қылмысты тергеу, ашу, анықтау және ғылыми тәжірибелік проблеманы криминалистика-техникалық ескертуді қамтамасыз етуі бойынша басты ұйым болып табылады. КССР Прокуратурасының бүкіл кеңестік криминалистикасының ғылыми - зерттеу институты, қылмыстың бөлек түрлерін тергеу әдістемесі мен криминалистикалық амалдардың сұрақтарын қайта өңдеудегі ғылыми орталығы болып табылады.

Криминалистика ғылымының көп бағыты Ұлы отан соғысынан кейін дами бастады. Криминалистика идентификациясының негізгі ережелері қайта өңделді, сот сараптамасының теоретикалық негізі тұжырымдалды. Криминалистика техникасының мына салаларына зерттеу жүргізілді: трасология, құжатттарды зерттеу, баллистика және т.б.

Сот сараптамасы жаңа түрлері өңделді, автортану, фототехникалық, фоноскопиялық, жарылғыш техникалық, затты зерттеу және басқа да материалдарды зерттеу сараптамалары пайда болды. Микрообьектілерді зерттеу де кең тарап, дамыды. Бірақ микрообьектінің проблемасы туралы Г. Гросс жазып кеткен. Оны соңғы жылдары қылмысты ашу мен тергеу кезінде көп қолдануда. 1960 жылдары криминалистика техникасының жаңа саласы – криминалисттік одорология пайда болған және тәжірибеге кең түрде енуде. Бірақ одорологиялық зертеудің нәтижесін пайдалануда көптеген даулар басылмай отыр. Тергеуші мен сарапшының тәжірибелік қызметтерін мәліметтермен қамтамасыз ету төңірегінде жаңа техникалық өңдеулер қылмысты тергеу мен ашуда көп көмектеседі. Жаңасы өңделуде және қолдағы бар әдістемені қылмысты тергеудің бөлек түрлеріне енгізілді. Көптеген шетел мемлекеттерінде криминалистиканың пайда болуы мен дамуы құқық қолдану қызметінде техникалық сала ретінде қараған.

Криминалистика ережесі басқа ғылым жүйесінде анықталмаған. Соның ішінде құқықтың ғылым жүйесінің өзінде нақты өңделмеген. Қызметінің негізгі бағыты – құралдарды қайта өңдеу мен әдістерді табу, ашу, мүмкін іздерді зерттеу, заттай дәлелдемелер және мәліметтерді тіркеу жүйесін дамыту. Табиғи ғылыми криминалистиканың (Германия және т.б.) полициялық техника және ғылыми полиция (Италия, Франция, Бельгия) полициялық ғылым (АҚШ) сот ғылымы (Англия және т.б.) оның табиғаты мен пәніне байланысты қарауы (Англия және Франция), криминалистика (ГДР және ФРГ) және криминология жүйесінде болуы. Техникалық құралдар мен жабдықтау деңгейі өте жоғары болса да, полиция мекемелері қызметінің нәтижелілігін көтеруде ғылым мен техника төңірегіндегі жаңалықтардан қалыс қалып жатқан жоқ. Бұл – табуда техникалық құрал, бекіту, оқиға болған жерді қарауда, іздерді алу, тінту жүргізу, куәландыру және басқа да тергеу әрекеттері, іздеу құралдары заттай дәлелдемелерді зерттеудегі техника және заманауи жабдықтар автоматтандырылған тіркеу жүйесі және компьютерлік желілер арқылы мәліметтерді алу және т.б. Шет елдердегі криминалистика сараптама мекемелері әр түрлі мемлекеттердің ведомостволарында және бөлек мекемелерде коммерциялық негізде жұмыс жасайды. Мысалы: АҚШ-та 100-ден астам криминалистика сараптама мекемесі көпшілігі қаладағы және полиция штат құрамында істейді, ал қалғаны қоғамдық қауіпсіздік департаментінде, денсаулық сақтау, университет және округтік прокуратурада немесе шерифте, АҚШ армиясының 4 зертхана құрамында бірқатар шет елдерде ғылыми криминалистикалық мекемелер аса көп емес.

Ғылыми зерттеулердің бөлек мәселесі, мысалы: АҚШ-та ФТБ-да (ФБР) зертханасында жүргізіледі. Басқа ғылыми зерттеу институты нашар қаржыландырады. Кеңестік криминалистерінің айырмашылығы криминалистиканың теоретикалық негізін өңдеуге көп көңіл аударады, ал американдық мамандар бұл мәселемен аз жұмыс жасайды. АҚШ-тың көрнекті криминалистері П.Кирк көрсеткендей криминалистиканың жеткен жетістіктері іргелі тәжірибеден теоретикалықтан гөрі, оның техникалығында, тұрақтылығынан гөрі уақытшалығында. Криминалистиканың жүзеге асыру төңірегінде теорияда жетіспеушіліктер байқалады. Ол техникалық зерттеу әдістерінің үлкен ассортименттерге қарама қайшылығы. Айтпауға болмас, бірқатар шет елдерде іс-жүргізушілік заңдарында сарапшылар сотта куәгер ретінде қатысады, олардың айғақ беруі – табу, тіркеу және дәлелдеулерді алу. Егер, оқиға болған жерді қарауға қатысса, зерттеуді қалай және қандай әдістер қолданылды, егер өндіріс сараптамасына қатысса, қандай қорытынды алды. Арнайы процедурадан өтпей сарапшы куәгер ретінде айғақ беруге жіберілмейді. Оны шақырған жақ сарапшыны куәгер ретінде қатыстыруын сұраса, қарсы жақ мұнымен келіспеуі мүмкін. Сотта сарапшыдан жауап алу: тікелей – болжамдарына сендіру және қиылысқан – сарапшының айғағын жоққа шығару. Әр тарап өз сарапшыларын шақыруға құқылы. Прокурор сарапшы көмегін тек прокуратура жанындағы зертханасында немесе полиция бөлімдеріндегі қызметін қолданса, қарсы жақ жеке сарапшылардың қызметіне сүйенген. Сараптама алдын ала тергеуде жүргізіледі. Мысалы: Франция заңнамасына сәйкес сот полициясының офицері анықтама және қарау жүргізу кезінде білгір тұлғаның көмегіне техникалық немесе кейінге қалдыруды күтпейтін ғылыми зерттеулер жағдайында сүйене алады. Әңгіме бұл жерде сараптама туралы емес, маманның көмегі туралы болып отыр. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеулерді зерттеу және жинау, табу іс-жүргізушілік мағынадағы полицияның идентификациялау қызметі сараптама болып табылмайды. [3,255б.].

Идентификацияның негізгі мақсаты – іздеу, алу, оқиға болған жердегі іздерді зерделеу, толтыру, идентификациялық карточкалараның саралануы, фотороботтың барлық түрін жүргізу. Шет ел мемлекеттерінде криминалистік сараптама тәжірибе мекемесіне шолуда сараптама әдістемесінің өңделуі біздің елдегі жүргізілген бағытымен бірдей екенін көрсетті. Шет ел криминалистерімен жасалған бөлек тактикалық ұсыныстарға көңіл аударуға болады. Мысалы: куәгер мен куәлардың қылмыстық топтың қорқытуынан қорғау және бөлек тергеу әрекеттерін жүргізуде психологиялық тәсілдерді қолдану. Әдебиеттерге жазғанда тиянақтылығы мен қолдану тәрбіміне оның ғылыми техникалық құрал және сипаттауда оқиға болған жерді қарау кезінде табылған іздерді қылмыстардың бөлек түрлерін тергеуде мысалы: жол көлік оқиғасы, өрт, мүліктік және күштеу қылмыстарда және т.б. Арнайы танымның даму тарихы мен мамандардың қылмыстық тергеуге қатысуы көрсеткендей танымның даму себебі тәжірибелік қажеттіліктер мен қылмыстың жаңа түрлерінің ашылуы. Арнайы танымның теоритикалық негізі қылмысты тергеу мен ашуда қолданудың тек қана сот сараптама теориясының дамуымен ғана байланысты емес, сот мекемесі желілерінің кең таралуымен және криминалистика сот мекемесі желілерінің кең таралуымен және криминалистика ғылымының дамуымен байланысты болмақ.