Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арсик. азамат.лизинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
65.31 Кб
Скачать

Қорытынды.

Еліміздегі экономикалық реформалардың барысы бизнес саласындағы қызметтің лизингтік бағытының ең перспективалы екендігін айғақтайды. Еліміздің шаруашылық кешенінің инвестицияға деген орасан мұқтаждығы лизингтік қызметті жеделдетіп дамытудың маңызды алғышарты болып табылады. Банк капиталын нығайту, экономиканың басым салалары мен секторларына отандық және шетелдік тікелей инвестицияларды, несие мен займдарды салу, шағын және орта бизнестің жедел дамуы Қазақстандағы лизинг бизнесінің кең масштабта дамуына қуатты серпін береді.

Лизингтік қызметтің қазіргі заманғы нарығы, осы операцияларды реттейтін лизингтік келісімдер мен заңды мөлшер-үлгісін, лизингтің түрлі үлгілері мен формасын сипаттайды.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан нарықтық-экономикалық қайта құрылулар жағдайында, лизинг қатысатын жаңа институттардың дамуы және қалыптасуы жүріп жатыр. Лизингтің дамуы инвестициялық қызмет активизациясының, нарықтық экономика жандануының және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бірі болып табылады. Сонымен қатар, лизинг нарықтық категория және азаматтық құқықтың объектісі ретінде оны толық дәрежеде пайдалануға кедергі болатын оның теориялық және тәжірибелік аспектісінде толық дайындалмағанын атап өту қажет.

Қазіргі уақытта Қазақтандағы лизингті ұйымдастырудың негізгі төрт бағыты ерекшеленеді:

  1. мемлекеттік лизинг немесе мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен толық жүзеге асырылып отырған лизинг;

  2. коммуналдық (муниципалдық) лизинг немесе жергілікті бюджет қаржысы арқылы қаржыландырылатын лизинг;

  3. коммерциялық лизинг өзінің және заимдық қаражаты арқылы толығымен банктер және лизинг компанияларымен жүзеге асырылатын лизинг;

  4. аралас лизинг немесе мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың қатысуымен болатын үлестік лизинг. Бұл

жағдайда мемлекеттік және жергілікті органдар – үкімет, министрліктер мен ведомстволар, облыс және аудан әкімдері кепіл сапасында немесе лизингтік келісімде белгілі бөлігін қаржыландыру үшін бюджет қаржысын бөледі.

Қазақстандағы лизингті дамыту перспективасы және жағдайымен проблемаларына жасалған талдау негізінде төмендегі қажетті шараларды жүзеге асыру керек деп қорытынды жасағым келеді:

  1. 2002 –2005 жж. және одан кейінгі жылдарға арналған лизингті

дамытудың жалпымемлекеттік, салалық және аймақтық

бағдарламаларын жасау және бекіту;

  1. Лизинг компанияларының жалпымемлекеттік және

аймақтық жүйесін құру және кеңейту бойынша оған

дайындаушы кәсіпорындары, мекемелерін, коммерциялық

банктерді, шетелдік компанияларды, фирмаларды және

банктерді қатыстыра отырып жұмыс жүргізу;

  1. Лизинг компаниялары қызметін қалыпты ұйымдастыру үшін өте қажетті нормативтік- құқықтық актілерді жетілдіру;

  2. Қоғамдық өзін-өзі басқару органын - Қазақстанның лизинг

фирмаларының бірлестігін құру және т.б.

Жоғарыда жазылғандарды қорыта келе отырып, лизингке келесі анықтаманы беруге болады. Лизинг – бұл бір жылдан жоғары мерзімге арналған, лизингті алушыға уақытша пайдалану мен ұстауға белгілі ақыға беретін және ұзақ мерзімді пайдалануға инвестициялық және тұтынушылар товарларын өзінің және тартылған (қарызға алынған) қаржылар есебінен лизинг беруші сатып алу – сату, жалға алу және несиемен байланысты экономикалық және заңдық қатынастар кешені деп саналады.