Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
765 Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.13 Кб
Скачать

2.4 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада

Экономикалық саясат француздардың өнеркәсіптік және қаржы буржуазиясының еуропалық нарықта біріншілігін қамтамасыз ету болып табылды. Бұған бірақта Англияда өткен индустриалдық революцияның жемістерін көріп отырған ағылшын капиталы кедергі жасады. Англия Францияға қарсы әртүрлі мемлекеттер коалициясын құра отырып күресуге тырысып бақты. Ол көбінесе Австрия мен Ресейді өзіне тарта отырып Франциямен арпалысты. Континентте жүріп жатқан соғыстарды қаржыландыруға ақша салып отырды.

Наполеон Англияны континенттен ығыстыру үшін континенталдық блокада жөнінде декретке қол қойды. Осы кезден бастап Франция және оның барлық жақтастары Англиямен сауда қарым-қатынастарын тоқтатты. Еуропа Англия өнеркәсібі шығаратын тауарлардың негізгі тұтынушы нарығы болатын. Бұл континенталдық блокада ағылшын экономикасына қатты соққы болып тиді: бір жылдан соң жүн, тоқыма өнеркәсібінің дағдарысы басталды да арты фунт стерлингтің құнсыздануына ұласты. Бірақ бұл континенталдық блокаданың зардабы континенттік мемлекеттерге де соққы болып тиді. Француз өнеркәсібі еуропалық нарықта Англияны толық алмастыра алмады. Ағылшын колонияларымен байланысы бар француздық порт қалалары Ла-Рошель, Марсель және басқаларында жағдай нашарлап кетті. Халық бұрыннан тұтынып келе жатқан колониалдық тауарлардың (кофе, қант, шай …) жеткіліксіздігінен зардап шекті.

2.5 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі

1805—1807 жылдардағы француз әскерлерінің жеңістері.

Еуропадағы соғыс күннен-күнге күшейе түсті. Францияның негізгі жаулары Англия, Австрия, Ресей болды. Ағылшын үкіметі өзінің одақтастарын қаржымен қамтамасыз етуге, Францияда шпиондық әрекет жасауға орасан көп ақша жұмсады.

1805 жылдың күзінде Наполеон Булоньға, Ла Манш жағалауының басқа да пункттеріне аса зор десанттық операция жасау үшін 2300 кеме жинады.

Өнер тапқыштар оған көптеген ауа шарларын жасауды. Англияға қарай соғатын қатты желді күтіп, сол жел соққан кезде аэростаттар жіберуді ұсынды. Сондай-ақ императорға қол двигателі бар, бір кісі жүргізетін толып жатқан кішкентай сүңгуір қайықтар жасайық деген ұсыныстар енгізілді.

Әзірлік қызу жүріп жатты. Англияға зор қауіп төнді.

Франция әскерлеріне көмектесу үшін Жерорта теңізінен аса үлкен француз эскадрасы жіберілді. Бұл эскадра Гибралтардан өтіп, Атлант мұхитынан жүзіп шыққаннан кейін, Испания жағалауына жақын жерде, Трафальгар мүйісінде, адмирал Нельсон бастаған ағылшын флотына кездесті (1805 жылғы 21 октябрь). Атақты адмирал Нельсон 40 жерден жараланған еді; оның бір қолы мен бір көзі жоқ болатын. Трафальгардағы шайқас Нельсонның 140-шы және ең соңғы шайқасы болды. Нельсон бұл ұрыста қаза тапты, бірақ француз флоты жан түршігерлік жеңіліске ұшырады.

Қорытынды

«Тарихқа көз жүгіртсек, XVII ғасырдың басында Еуропада Отыз жылдық соғысқа дейін және осы соғыстың кезінде бас-көз жоқ соғыс қимылдары ұдайы орын алып отырған. Бұл кезең ішінде үздіксіз соғыс пен қақтығыстар лаңына Еуропаның барлық мемлекеттері түгел дерлік тікелей немесе жанама түрде тартылып отырған. Бір-бірімен соғысушы мемлекеттердің күш-қуаттарының әбден сарқылғандығы сондай, қырқысушы жақтардың қай-қайсысы үшін де мұндай соғысты одан әрі жалғастыру түкке тұрғысыз және барып тұрған апаттың өзі болатын. Сөйтіп 1648 жылы Отыз жылдық соғыстың Вестфаль бітімі дегенмен аяқталуы тұңғыш рет халықаралық қатынастар жүйесінің жаңаша халықаралық-құқықтық нысанын қалыптастырып пішіндеді. Вестфаль бітіміне қол қою арқылы халықаралық қатынастарды белгілі дәрежеде реттеуге қол жеткізілді, сол кез үшін мүлде ұлттық мүдде, мемлекеттік егемендік деген сияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Сол сездегі заман үшін өте прогрессивті мәні бар Вестфаль халықаралық қатынастар жүйесі шын мәніндегі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұңғыш халықаралық-құқықтық жүйе болды. Бейбітшіліктің бұл жаңа жүйесі халықаралық аренада мемлекеттің орнын дәл анықтауға жол ашып, олардың өзара қарым-қатынасында жүйелілік болуына негіз жасады. Сол кезеңнің төл мұрасы әрі бейбіт өмір құрылысының жаңа қағидасы күні бүгінге дейін сезіледі дүние жүзі сол уақыттан қазіргі шаққа дейін Вестфаль бітімі айқындаған жағдайдан туындаған халықаралық-құқықтық жүйе заңдарымен өмір сүріп келеді.

Вестфаль бітімінен кейін қалыптасқан геосаяси құрылым Еуропаға елеулі қақтығыссыз Ұлы Француз революциясына дейін өмір сүруге мүмкіндік берді. Нақты мысал болатын бір жай, аз болсын яки көп болсын, осы бейбіт кезеңде Еуропада аймақтық қауіпсіздіктің толыққанды жүйесі орнады.

Бұл жағдай тарих аренасына "қажымас корсикандықтың" қарасы жедел шарықтап шыққанға дейін созылды, ал оның өзімшілдік ындыны Еуропа мен әлемде қалыптасқан шекаралар мен халықаралық құқықтық нормаларды тәрк еткен еді. Наполеонның тақтан тайдырылуы және француз империясының күйреуі заңды түрде 1815 жылы Вена конгресінде бекітілген жаңа геосаяси құрылымның тарихи негізін салды. Вена әлемдік тәртібі Ресей империясының әскери қуатымен және басқа да Пруссия, Австрия, Ұлыбритания сияқты жеңімпаз елдердің қолдауымен дәйектеліп, халықаралық форум Қасиетті Альянс шешімімен бекітілді. Жаңа әлемнің қатері бонапартшыл реваншизм деп жарияланды»8.