Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
765 Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.13 Кб
Скачать

1.3 Египет пен Сирияға жорық

Француз буржуазиясы Англияның неғұрлым осал жеріне соққы бере отырып, онымен айқасуға бел байлады. Бонапарт Үндістанға жорық жасауды ұсынды, ондағы ойы Англиядан «ағылшын тажының асыл меруерті» болып тұрған Үндістанды тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда Францияға тиесілі азғана иелік қалған болатын). Жорықты Египетті жаулап алудан бастау ұйғарылды. «Египетке кім ие болса, Үндістанға да сол ие болады», — деді Бонапарт4. Бонапарт 1798 жылы майда 30 мың адамы бар армиямен және артиллериямен 350 кемеге отырып, Египетке қарай жүріп кетті.

Түрік сұлтанына тәуелді болған Египет пен Сирияға жасалған жорық сәтті болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра қарсылық көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы ретінде Яффаның бүкіл халқын Наполеонның бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды. Яффаның түбінде тұтқынға алынған төрт мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап апарып, бәрін де атып өлтіруге бұйрық берді. Үздіксіз жүргізілген ұрыстардан, қатты ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт армиясы әбден әлсіреді. Франциямен байланыс үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған шайқаста француз флотын қирата жеңіп, француз армиясының Египетке мініп өткен флотын жойып жіберді.

Осы кезде Наполеон, Суворов бастаған орыс әскерлері Италияда француздарды қирата жеңді деген хабар алды. Франция үкіметінің өз ел ішіндегі жағдайы да жақсы емес деген хабарлар келді. Осыдан кейін Наполеон өзінің армиясын Египетке қалдырып, Директория армиясының жеңілісі мен А.В. Суворовтың жеңісін сылтауратып, Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың октябрінде Францияға оралды.

Италияда атақты А.В. Суворов басқарған орыс-австрия әскерлері Наполеонның жеңіп алған жерлерін қайтарып, тіпті Францияға қауіп төндірді.

13 октябрде (21 вандемьерде) 1799 ж. Директория Бесжүздік кеңесті генерал Бонапарт Франциға қайта оралып Фрежюс маңында кемеден түсті деп хабардар етті. Бұл хабарды естіген депутаттар ду қол шапалақтап тұрып алды, мәжіліс үзіліп, бұл хабарды көшеге шыққан депутаттар бүкіл Париж халқына жайды. Театрларда, салондарда, Париж көшелерінде Бонапарт есімі қайта-қайта айтылып жатты.

16 октябрьде (24 вандемьерде) генерал Бонапарт Парижге табан тіреді. Директорияға көп болса үш аптадай әлі де билік етуге болатындай уақыт қалды. Бірақ Баррас та, директориялық режим әлі де болса әскери диктатураның күні келгенін байқамаған еді.

Бонапарттың Францияда Фрежюстен Парижге дейін жүріп өткені оның тұлғасынан халық «құтқарушының» бейнесін көргендей болғанын анық байқатты.

2-тарау. Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі

2.1 1799 Жылғы мемлекеттік төңкеріс

Бұл кезде арам ниетті жылпос саудагерлер мен қазына ұрлаушылар билеп-төстеген француз буржуазиялық үкіметі буржуазия арасында беделден жұрдай болған еді. Буржуазия болат қолын батырып, монархистерді де, якобиншілдерді де тұншықтыра алатын, феодалдық коа­лиция мен Англияға қарсы соғысты ойдағыдай жүргізе алатын күшті өкімет орнының болуын талап етті. Буржуазияға «үміт семсері» керек болды. Буржуазияның назары Бонапартқа ауды да, Бонапарт төңкеріс жасауды мақұл көрді. Париж банкирлері оны ақшамен қамтамасыз етті.

1799 жылы 18 брюмерде Директория мүшелерін отставкаға кетуге мәжбүр етті. Келесі күні ол Заң шығару корпусын өзіне сенімді әскерлермен қоршап алды. Депутаттарға өкімет билігін Бонапарт бастаған үш консулға беру жөнінде талап қойылды. Бес жүздік Кеңесі өздерінің мәжілісін басқа қалада өткізуге құқығы бар болатын. Осыны сылтау етіп, Наполеон Люсьен деген інісінің сол кеңестің төрағасы болып тұрғанын пайдаланды да, Сен Клу сарайында мәжілісін өткізді. Жанындағы төрт гренадермен бес жүздіктер Кеңесінің мәжілісіне кірді, депутаттар оған қарсылық көрсетіп, айқайлай бастады. Наполеон күтпеген реакциядан есінен танып, құлады5. Бірақ жағдайдың бәрін Люсьен өз қолына алды да, дұрыстап жіберді, ол Наполеонның әскерлерін залға шақырды, сөйтіп олар қару қолданып, бес жүздік Кеңесті таратты.

Кеште 62 депутатты депутаттық корпустан шығарды. Өкімет 3 консулдың: Бонапарттың, Сиестің, Роже Дюконың қолына берілді.

Сөйтіп, 1799 жылы өкімет билігі ірі буржуазия қойған адамның — Бонапарттың қолына көшті, ол армияға арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін қорғайтын әскери диктатура орнатты.

Француз шаруаларының меншік иесі болып табылатын бөлігі, феодалдық коалицияға қарсы соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған Бонапарт, Францияны сыртқы жаулар мен эмигранттардан қорғайды және революция кезінде қолға тиген жерді иемденуді қорғай алады деп үміттенді.

Наполеон билік басына келген тұста Франция Автрия және Англиямен соғыс жағдайында болатын. Жаңа Конститутция бойынша заң шығару билігі Мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Сенат араларында бөлінген еді, сондықтан бұл қолайсыз әрі жағдайға тез бейімделе алмайтындай болатын. Ал Атқарушы билік бірінші консул, яғни Н. Бонапарттың қолына шоғырланған еді, ал екінші және үшінші консулдар тек қана мәжілістік дауысқа ие еді.