
- •1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы Төңкеріс алдындағы Англия
- •Төңкерістің орын алу себептері
- •Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты
- •Революция және оның салдары
- •2 Хvіі ғасырдағы Англия
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1. Мұхтарова а.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999ж.
Қорытынды
Англиядағы буржуазиялық революцияның жеңіске жетуі жаңа құқықтық (буржуазиялық) жүйенің қалыптасуына алып келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталған болатын.
Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт иеленеді. Кәсіпкерлер арасындағы, кәсіпкерлер мен жұмысшылар және т.б. арасындағы қатынастар шарттық негізде қалыптасады. Кез келген шартты бекітудің алғышарттары болып жеке бас бостандығы бар тұлғалардың заңды түрдегі теңдігі мен жалпы құқыққабілеттілік табылады. Заңды теңдік қағидасымен заңдылық қағидасы тығыз байланысты, бұл қағида бірдей құқықтар мен міндеттерді, және заң алдындағы бірдей жауапкершілікті білдіреді. Осы ережелердің барлығы буржуазиялық құқыққа жалпы мағына берген.
Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі құқық жүйелері байқалады: континенталдық және ағылшын-саксондық. Құқықтың континенталдық жүйесі француздық және германдық құқықтың әсерімен қалыптасты, ал бұл құқықтарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше әсер етті.
Ағылшын-саксондық құқықтық жүйесі Англияда ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған жалпы құқыққа негізделеді. Құқықты жеке және жариялық деп бөлу бұл құқық жүйесіне тән емес, сонымен қатар, материалдық және процессуалдық құқықтар да аса ажыратылмаған. Құқық салалары да нақты анықталмаған. Және бұл құқық жүйесінде кодификация орын алмаған.
Құқықтың ағылшын-саксондық жүйесінің елдерінде құқықтың негізгі қайнар көзі сот прецеденті болып табылады, ол барлық соттар үшін ұқсас істерді қарау барысында міндетті болып табылды. Сот құқықты жасайды, алайда, жалпы емес, казустық нормаларды, яғни, нақты бір істі шешуге арналған ережелерді шығарады. “Құқық” және “заң” түсініктері бір мағынаны білдірмейді. Парламенттік заң елдің құқығына оны сот қолданған және түсіндірген жағдайда ғана айналған. Бұл елдерде конституциялық әдет-ғұрыптар мен келісімдер де ерекше орынды иеленген. Келісімдер мемлекеттік билікті жүзеге асыру саласында аса кең қолданылатын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мұхтарова а.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999ж.
2. Булгакова Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.
3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993
4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства и права зарубежных стран. Ч 1- Ростов на Дону 1994