
1.3. Белсенділікті арттыру жолында қызмет ететін студенттік ұйымдарға жалпы сипаттама
Патриоттық қасиет жастардың қоғамға толассыз еңбек етуімен және болашағы үшін жұмыс істеуімен байланысты болуы керек. Әркімнің патриот болу, болмауы адамның ішкі сезіміне байланысты. «Мен – патриотпын» деп айта салу оңай. Өз ұлтының патриотымын дейтін әрбір азамат тек қана өзі үшін емес, қоғам үшін еңбек етуі керек. Адам өмірде үй тұрғызып, тал егеді. Бұл кез келген адамның міндеті. Елінің ертеңіне бей-жай қарамайтын адам бір тал емес он тал егіп, басқа да балаларға да көмек қолын созатыны белгілі. Патриот азамат қандай болады деген сауалға – өзінің күш-жігерін, еркін тек қана өзіне емес, сонымен қатар қоғамның игілігіне арнай алатын адамдарды атауға болатын шығар. – Қазір жастардың білім алуы, белсенділікті арттыру және жұмысқа орналасуы өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Қордаланған бұл мәселені шешу үшін не істеуге болады? Клуб, үйірме, спорттық секциялар жұмыстары. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту мен полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында университетте әр түрлі үйірмелер мен клубтар жоспарлы әрі мақсатты түрде жұмыс жүргізеді. Университетте 20 үйірме мен 5 клуб жұмыс жасайды. Оларға мыңнан аса студент қатысады. «Дарын» клубы Көңілі ояу, қиялы жүйрік жастардың шығармашылығын дамытып, ақындық қабілетін шыңдап, әртүрлі байқауларға қатысу арқылы құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. «Зерде» клубы Cтуденттердің танымдық-шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, өз жұмыстарында белгілі ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырады. «Жас саясаткер» клубы Президент саясатын қолдап, студенттердің қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына, елдің саяси өміріндегі жетістіктерін насихаттаумен айналысады. «Вдохновенье» клубы Поэзияның адам өміріндегі ролін көрсетіп, университеттегі нәтижелі жұмыстарды атқарып, облыстық радиодағы «В мире поэзии» атты бағдарламаға қатысады. «Драма» клубы Студенттердің шығармашылық қабілеттетрін шыңдап, әртістік өнерін жетілдіруге үлес қосады. Мерекелік шараларда клуб мүшелері сахналық қойылымдарды ұсынады.
Студенттердің жеке қызығушылықтарына қарай «Жас тәрбиеші», «Тәлімгер», «Тілашар», «Муза», «Матамен жұмыс», «Интерактив», «Гобелен», «Тоғызқұмалақ», «Ақ кеме» эстрадалық студиясы, «Экология», спорттық секциялар т.б. жұмыстарын жүргізеді.
Спорттық секциялар денсаулықты нығайту, спорттағы шеберліктерін одан әрі арттыру мақсатында бірнеше шаралар өткізді. Университет студенттері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға қатынасып, жетістіктерге жетуде. Университетте спорттың 18 түрінен спорт үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылып, оған 780 студент қатысуда. 5 студент халықаралық спорт шебері, 15 студент спорт шебері, 30 студент спорт шеберлігіне үміткерлер білім алып, спорттық шеберліктерін арттыруда. Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған. Бұл Қазақстанның болашақ келбеті. «2008-2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты бағдарламасын» іске асыру бағытында «Ұлт денсаулығы – жалпыұлттық міндет» ұранымен «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» атты денсаулық фестивалі өтті. Шаған өзені жағасындағы «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» ескерткіші жанында ұйымдастырылған жүгіріске 924 студент және топ жетекшілері қатысты. Президенттік шақырымға жүгірістен кейін шара Хан тоғайындағы Денсаулық күнімен жалғасты. Өзін-өзі басқару кеңесі«ХХІ ғасыр – жас, қуатты, талантты, әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білетін жастардың ғасыры»
Н.Ә. Назарбаев жастарға әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру, саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, БҚО Жастар қауымдастығы, облыстық жастар мәслихаты, Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы, «Жас эколог», «Серпін», ЖҚБ, «Қазақстан студенттер Альянсы», «Ақиқат» пікір сайыс орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз.
«Серпін» жастар қоғамдық бірлестігі Жастар – қоғамның ең маңызды, әрі мемлекет пен қоғамның басты мақсатына айналған әлеуметтік топ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты концепциясы университеттегі жастардың азаматтық және өзін-өзі әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру жағдайларын қарастырады. Университеттің 858 студенті «ЖасОтан» жастар қанатының мүшелері болып табылады. «Серпін» Жастар комитеті қаламыздағы ішкі, саяси, жергілікті органдармен және мүдделес мекемелермен БҚО «Жастар Ассоциациясымен», БҚО-ның Ішкі саясат департаментінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен», «Жас Отан» жастар қанаты, «Заман», «Тарлан», «Жәрдем» жастар қоғамдық бірлестігімен, «Жасыл ел» студенттік еңбек, құрылыс жасақтарымен, «Ақиқат» пікірталас орталығымен, университеттермен үнемі тығыз байланыста жұмыстанып келеді.
Университет студенттері |
Педагогикалық бағыттағы жұмыстар |
Психологиялық бағыттағы жұмыстар |
Бос уақытты ұйымдастыру |
1 |
Сабақты интерактивті әдістер көмегімен өткізу;
|
|
Университетішілік шаралар: соның ішінде
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
|
4 |
|
|
Төменгі курс студенттерінің жұмыстарын бақылай отыра, баға беру. |
ІІІ.Университет жастарының белсенділігін арттыру жолдары бойынша эксперименталды - тәжірибелік жұмыс