
- •Мазмұны
- •1 Құқық бұзушылықтың заңдық құрылымы және алдын алу жолдары
- •1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
- •1.2 Құқық бұзушылық түрлері
- •1.3 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары
- •2 Құқық бұзушылық және Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
- •2.1 Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері
- •2.2 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.2 Құқық бұзушылық түрлері
Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен , олар өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі жағдайлармен және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге жіктеуіне әкеледі.[19]
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
Экономикалық құқық бұзу;
Басқару қызметінде құқық бұзу
Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси, еңбек, меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.
Сонымен қатар, барлық қылмыстың формальды сипаттары бар, алайда қоғамға қауіптілігі аз теріс қылықтар қылмыс болып саналмайды.(ҚРҚК сілтеме)1.
Теріс қылықтар қоғам өміріне аз деңгейде қауіптілгімен ерекшеленеді, барлық қоғамдық өмір саласында жасалады, әртүрлі қолсұғу обьектілері және құқықтық нәтижелері бар. Осы белгілеріне байланысты олар азаматтық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтарға бөлінеді. Кейде процесуалдық құқық бұзушылық түріде айтылады. Мысалы куәгердің сотқа келмеуі.
Азаматтық құқықбұзушылықтарлар (терісқылықтар) басқа теріс қылықтардан арнай қолсұғушылық обьектісімен ерекшеленеді. Бұл мүліктік және мүлікке байланысты мүліктік емес қатынастар азаматтық нормалармен және кейбір еңбек, отбасы және жер құқығы нормаларымен реттеледі.
Өзіндік сыртқы бейнесін бұл құқық бұзу түрі мүліктік залал келтірген кездегі өзінің келісімі бойынша міндеттерін орындамаған кезде пайда болады. Осындай құқық бұзушылықтар үшін санкциялар құқықты қалпына келтіру сипатында болады және келтірілген мүліктік шығынды төлеу , заңсыз келісімдерге жол бермеу негізінде сипатталады.
Әкімшілік құқықбұзушылық (терісқылықтар) әкімшілік, қаржылық, жер процессуалды нормалармен қарастырылған мемлекеттік басқару, жеке меншік құқық және азаматтардың заңды құқықтық мүдделері болып табылады. Бұған ұсақ үрлық, жол ережесін бұзу, қаржы есебінің, өртеке қарсы қауіпсіздік нормалары ережесін бұзу және тағыда басқалары жатады.
Бұл құқық бұзу түрінің мазмұны баршаға міндетті әкімшілік органдармен қабылданған ережелерді бұзу болып табылады. Теріс қылықтың жасалуы айыптың қандай болатынын айқындайды. Бұл ескерту, айыппұл, көлік жүргізуші куәлігіген айыру және басқада мемлекеттік құқытық араласу болып табылады.
Тәртіптік құқықбұзушылықтар (теріс қылықтар) құқыққа қарсы мекемелердің ішкі тәртібін бұзатын іс әрекеттер. Тәртіп теріс қылық жасай отырып, құқық бұзушы еңбек ұжымының жұмысын бытыраңқылатады, еңбек, оқу, өндірістік әскери тәртіпті бұзады ( кешігіу, жұмысқа, оқуға келмеу, әкімшіліктің бұйрыңғын орындаму және т.б.).[20]
Жауакершілік шараларын құқықтық нормалар санкциясымен ескертулерде, қатаң ескертулерде, жұмыстан кетіру, оқу орнынан шығару және тағыда басқа құжаттарда айқын көрінеді.
Барлық құқық бұзу түрлері өте тығыз байланыста екенін айта кеткен жөн. Осылайша, қызметтегі тұлғалар жауапсыздықты, немқұрайлылықты және құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесіздігі , жазадан босату жазаларды әрдайым қоғамға қауіп төндіреді.
Әкімшілік терісқылықтар бірті-бірте басқаруға, азаматтық құқық бұзулар жеке меншікке, тәртіптік терісқылықтары қызметтік қылмыстарға айналуы мүмкін.