Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тексты МТ,МС 1-9.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Металдар мен қорытпалардың пластикалық деформациялануы

Қысыммен өңдеу кейбір металдар мен қорытпалардың пластикалық деформациялануына, яғни түскен күш әсерінен сыртқы формасын өзгерту қабілетіне негізделген.

Морт сынғыш металдар мен қорытпаларды қысыммен өндеуге болмайды, өйткені оларда жеткілікті пластикалық қасиет жоқ. Мысалы, шойын салқын күйінде де қысқанда сыртқы формасын өзгертпей сынып, бұзылады. Оны қысыммен өндеуге болмайды.

Кейбір металдар мен қорытпалар әдеттегі температурада пластикалығы жеткіліксіз болса да, жоғары температураға қыздырғанда пластикалық деформацияға ие болады да, қысыммен өндеуге келеді. Мұндай қорытпалардың қатарына болат жатады.

Пластикалық деформация кезінде металдардың тек сыртқы пішіні ғана емес, ішкі құрылысы да өзгереді.

Өндеу нәтижесі ойдағыдай болып шығуы үшін қыздырудың басқа да шарттарын орындау қажет.

Техникада металдар мен қорытпаларды қыздырмай суықтай өндеу: прокаттау, штамптау, салқын күйде немесе қайта кристалдану температурасынан төмен температураға дейін қыздырған күйде тартып созу жиі пайдаланылады.

Қысыммен суықтай өндеуде металдар мен қорытпалардың механикалық және тағы басқа қасиеттері де өзгереді.

Болатты суықтай қысыммен өндеуде физика-механикалық қасиеттері өзгергенде электр өткізгіштігі мен тотыққа төзімділігі төмендейді.

Металл қасиеттерінің салқын күйде деформациялануында туатын өзгерістері тойтару, яғни тығыздалу деп аталады.

Тапсырма:

1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Жаңа сөздерді жаттау

2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру

3. Қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу