Қара және түсті металдарды өндіру
Қара металдарға шойын, болат және олардың қорытпалары жатса, басқа металдардың бәрі түсті метал тобын құрайды.
Алғашқыда руда горн деп аталатын қарапайым пештерде тотықсыздандыру арқылы темір алынған. Горнның биіктігі өскен сайын темір көміртегімен толтырылып құю қасиеттері жақсы құйма алынған. Оны шойын деп атаған. ХІІІ ғасырдан бастап шойынның құрамында көміртегі, кремний, марганец, т.б. элементтері аз, пластикалық және беріктік қасиеттері жоғары болат алына бастады. Осындай екі сатылы өндіру схемасы - домна пешінде шойын өндіру және оны болатқа айналдыру осы кездегі негізгі әдіс болып табылады.
Металдардың ішінде темір ерекше орын алады. Дүние жүзілік көлемде металдың 90 пайызынан көбі темір және оның өндірілуі арзанға түседі. Өндірістік көлемде металл алуға жарайтын табиғи шикізаттардың қорын кен деп атайды. Кендерден өндірілген металдарды металлургия өнеркәсібінде өндіреді. Металлургия өнеркәсібінде рудадан металдар алу үшін террометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия және химия-металлургия әдістері қолданылады.
Темір және оның қорытпалары, хром, марганецтен басқа, металдардың бәрі түсті металдарға жатады. Түсті металдар жер қойнауында кемірек кездеседі. Машина жасау өндірісінде олардың қорытпалары қолданылады.
Тапсырма:
1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру
3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру
3. Металдар туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.
5-Мәтін
Металдардың қасиеттері
Қолданылуына байланысты металдарға түрлі талаптар қойылады. Мысалы, кесу аспатарын жасау үшін металдардың жоғары беріктілігі, қаттылығы, тозуға төзімділігі қажет. Ұшу аппараттарын жасау үшін металдың беріктілігімен қоса ол жеңіл болуы қажет. Металдардың механикалық, физикалық, химиялық, технологиялық және эксплуатациялық қасиеттері болады.
Механикалық қасиеттерге беріктік, қаттылық, созылғыштық және серпінділік жатады. Қатты денеге сырттан түсірілген күш кернеу мен деформацияны тудырады.
Физикалық қасиеттерге балқу температурасы, тығыздығы, көлденең және көлемді ұлғаю коэффиценті, элетр өткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі жатады. Қорытпалардың физикалық қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты болады.
Химиялық қасиеттеріне оның сыртқы ортадағы (қышқыл, су, ылғал, ауа, газ, жоғары температура, т.б.) коррозияға қарсы беріктігі жатады.
Технологиялық қасиеттеріне оның түрлі әдістермен өнделе алу қабілеті жатады (металл өндеу станоктарында өндеу, соғу, штамптау, пісіру, және сұйық ағым). Мысалы, соғу, штамптау, пісіру әдістерімен тек болаттарды және түрлі қоспаларды өндеуге болады. Сұйық ағымы қасиетіне байланысты құю өндірісінде болатқа қарағанда шойын көбірек қолданылады.
Эксплуатациялық қасиеттеріне металдар мен қорытпалардың төменгі және жоғары температурада радияциясы жоғары жағдайларда жұмыс атқару қабілеті жатады.
Тапсырма:
1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру
3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру
3. Металдар туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу
6-мәтін
