
Трактор жасау
Еліміздің экономикасы машина жасау саласының өсу деңгейіне байланысты. Халық шаруашылығындағы машина жасау саласының бірі – трактор жасау өнеркәсібі.
Қазіргі кезде трактор өнеркәсібі тракторлардың эксплуатациялық сапалары мен жүргізушінің жұмыс жағдайын жақсарту, олардың беріктігін көтеруді ең маңызды мәселе деп қарастырады.
Ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте қолданылатын шынжыр табанды және доңғалақты тракторлардың жоғарғы сапалы жаңа модельдерін жасап шығаруы көзделеді.
Тракторларды жобалау барысында оның жалпы конструкциясына белгілі бір қасиеттер беріледі.
Трактор агрегаттары әр түрлі табиғат-климат жағдайларында жұмыс атқарады. Оларға қойылатын талаптар көп. Тракторлар өзіне тән эксплуатациялық сапаларға ие болуы керек.
Тракторлардың эксплуатациялық сапалары үш үлкен топқа бөлінеді: технологиялық немесе агротехникалық сапалар; техникалық-экономикалық сапалар; жалпы техникалық сапалар.
Тапсырма:
1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру
3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру
3. Қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу
7-мәтін
Іштен жану моторы
Қазіргі кезеңде бүкіл көлік және ауыл шаруашылығы техникасының қозғаушы күші – механикалық энергия, негізінен, органикалық отынның қызуынан алынады. Қолданылатын жылу моторларының көпшілігі мұнайдан өндірілетін сұйық отынмен жұмыс істейді. Автомобиль, трактор, басқа өндірістік құралдары үшін жылу моторының тараған түрін – іштен жану моторын пайдаланады. Бұл мотордың көлем ықшамдылығы, отын үнемділігі, үлестік қуаты, сенімділігі мен төзімділігі сияқты аса маңызды көрсеткіштері бүгінгі таңда жоғары деңгейде.
Іштен жану моторының яғни, отын цилиндр ішінде жанатын мотордың дүниеге келуі – көптеген ғалымдар мен өнертапқыштар еңбегінің жемісі, бұған әсіресе, бу машинасын жасаушылардың тәжірибесі тікелей әсер етті.
1824 жылы француз инженері С.Карно өзінің «От қызуының қозғауының күші туралы ойлары» атты еңбегінде осындай мотордың толық сипаттамасын берген болатын. Бірақ сол кездегі техниканың даму деңгейі мен өндірістік сұраныстың төмендігіне байланысты бұл ұсынысты іске асыру әрекеті болмады.
20 ғасырдың басынан Батыс елдерінде, әсіресе, автомобиль державасы атанған АҚШ-та іштен жану моторын жасау мен қолдану аясы кеңейе түсті.
Тапсырма:
1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру
3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру
3. Қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.
8-мәтін
Металды қыздыру
Пластикалық қасиеттері нашар металдардың пластикалық қасиеттерін жақсарту үшін оларды түріне қарай 1100-1200°С-қа дейін қыздырады. Металл кесігінің барлық бөлігінің температурасы бірдей болу үшін оларды белгілі температурада пеште шамалы уақыт ұстау керек. Температурасы 1300°С қыздыру пешінде ірі металл кесектерін 1200°С-қа дейін қыздыруға кететін уақытты Н.Доброхотов формуласы бойынша анықтайды: t=10*d
Металдарды қыздырудың мынадай әдістері қолданылады:
а) ашық жалында қыздыру, яғни металдарды тотықтыру, тотықсыздандыру арқылы және шыны астауда қыздыру;
ә) токпен қыздыру, яғни металдарды кедергілі электр пештерінде радиациямен, тотықтырғыш ортада, индукциямен, электролитте, балқытылған шыныда контактілік қыздыру.
Металдарды жалынмен тотықтыру және тотықсызқыздыру әдісі кез келген көлемді металл кесектерін қыздыру үшін қолданылады. Сонғы кезде өндірісте тотықсыз қыздыру әдісі кенінен таралып келеді. Шыны астауда жалынмен қыздыру әдісі кіші көлемді, қысқа металл кесектерін қыздыру үшін қолданылады. Металды радияциямен қыздыратын кедергілі электр пештерінің қыздыру элементі қатты және сұйык болуы мүмкін. Қатты қыздыру элементі бар электр пештерінде кіші көлемді, ал сұйық қыздыру элементі бар пештерде үлкен көлемді металл кесектерін қыздырады. Диаметрі 200 мм-ге дейін металдар индукциялық әдіспен, ал жіңішке ұзын сымдар контактілік (ток жіберу) әдіс бойынша қыздырылады.
Құрылысына қарай қыздыру пештері: қыздыру құдақтары, методикалық пештер және жылжымайтын түпті камералы пештер былып төрт топқа бөлінеді.
Тапсырма:
1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру
3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Жаңа сөздерді жаттау
2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру
3. Қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.
9-мәтін