Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тексты МТ,МС 1-9.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.22 Кб
Скачать

1-Мәтін

Құю өндірісі

Машина жасау өндірісінің металдар мен түрлі қорытпаларды балқытып, ішкі қуысы қажетті пішінді қалыпқа балқыманы құю арқылы әр түрлі бұйымдар мен дайындамаларды жасау саласын құю өндірісі деп атайды.

Қалыпқа құйылғаннан кейін қорытпа қатайып құймаға айналады. Өндірілген дайындама кесіп-өндеуден өткеннен кейін мөлшерлері мен беттерінің кедір-бұдырлығы қажетті түрде қамтамасыз етіліп, машинаның бөлшегіне айналады. Машиналардың және жабдықтардың елу пайызы, металл кесу станоктарының 80 пайызы, тоқыма машиналарының 72 пайызы, тракторлардың 55 пайызы бөлшектері құйылып жасалады.

Құю әдісі арқылы басқа тәсілдермен жасалмайтын күрделі пішінді бұйымдар мен бөлшектерді шығарады. Олардың салмақтары бірнеше грамнан жүздеген тоннаға, мөлшерлері бірнеше сантиметрден 20 метрге, қалыңдығы 0,5 мм-ден 500 мм-ге дейін жетеді.

Құю өндірісі адамзатқа ерте заманнан бері белгілі. Металдар б.з.б 4 ғасырда Египетте, Азияда, Үнді елдерінде әр түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар мен құрал-саймандар жасау үшін қажет болды. Олар алдымен қоладан кейінірек шойыннан жасала бастады.

Тапсырма:

1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Жаңа сөздерді жаттау

2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру

3. Құю өндірісі, оның тарихы, маңызы туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.

2-Мәтін

Металдарды қысым арқылы өндеу

Металдарды қысым арқылы өндеудің өндірісте маңызы зор. Еліміздің барлық металлургиялық зауыттарында өндірілген болаттар қысым арқылы өндеуден өтеді.

Металдарды қысым арқылы өндеудің мынадай негізгі түрлері бар: прокаттау, созу, престеу, еркін соғу, суық және ыстық күйде штамптау. Қысым арқылы өндеуде металдың беріктік, пластикалық қасиеттерін пайдаланылады. Беріктік дегеніміз металдың бүлінбестен, түсірілген күшке қарсы әсер ете білуі, ал пластикалық қасиеті дегеніміз түсірілген күштің әсерінен металдың ыстық немесе суық күйінде формасын өзгертіп, күштің әсері жойылғаннан кейін өзгерген формасын сақтап қалуы. Температура жоғарылаған сайын металдардың беріктік қасиеті төмендеп, пластикалық қасиеті артады. Металдардың жоғары температурада пластикалық қасиетін оның созылғыштығы деп атайды.

Металдарды қысым арқылы өндеу олардың пластикалық қасиеттерінің температураға байланысты өзгеруне қарай ыстық және суық күйде өндеу болып екіге бөлінеді.

Қысым арқылы өндеу өндіріс өнімділігінің жоғары процесі болып табылады, өйткені дайындаманың өлшемдері мен пішіні үлкен күш әсер еткенде өзгереді. Өндеудің бұл түрінде металл шығыны кемірек болады. Өндірілетін болаттың 90 пайызы және түсті металдардың тең жартысы қысым арқылы өндіріледі.

Тапсырма:

1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Жаңа сөздерді жаттау

2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру

3. Металдарды қысым арқылы өндеу және оның маңызы туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.

3-Мәтін

Металдар мен қорытпалар

Техникалық таза металдардың беріктік қасиеттері төмен болғандықтан, машина жасауда негізінен олардың қорытпаларын пайдаланады.

Темір негізінде алынған қорытпаларды қара металл деп атайды, оларға шойын мен болат жатады; аллюминий, магний, титан және берилий негізінде алынған тығыздығы төмен қорытпаларды – жеңіл түсті деп атайды;

Мыс, қорғасын, қалай және т.б. – түсті ауыр; цинк, кадмий, қалайы, қорғасын, висмут, т.б. металдар негізінде алынған қорытпаларды – тез балқығыш түсті қорытпалар деп атайды.

Молибден, ниобий, цирконий, вольфрам, ванадий негіздерінде қорытылған қоратпаларды – баяу балқитын түсті қорытпалар деп атайды.

Барлық металдар да кристалдық құрылысы бар заттар. Металдардан басқа кристалдық құрылысы бар заттардың қатарына: тұз, қант, алмас, т.б. заттар жатады.

Сонымен, металл қорытпалары дегеніміз электр және жылу өткізгіштігі жоғары, созылғыш және т. б. қасиеттері бар күрделі зат. Қорытпалар бірнеше металдардан немесе металдар мен басқа қосындылардан тұруы мүмкін.

Қорытпалар құрамындағы элементтер санына байналысты екі, үш, төрт және көп компонентті болуы ықтимал. Қорытпалардың физика-химиялық қасиеттерін мейлінше реттеуге болады. Қорытпалардың көпшілігі сұйық күйінде біртекті болып бір фазадан, қатайған соң бірнеше фазадан тұрады. Фазаның саны мен оның құрылысы компоненттердің қатаю кезіндегі әрекеттесуіне байланысты болады.

Тапсырма:

1. Асты сызылған сөздермен жұмыс жасау

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

3. Мәтін бойынша грамматикалық жұмыс жасау

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Жаңа сөздерді жаттау

2. Мәтін мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру

3. Металдар мен қорытпалар туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет әкелу.

4-Мәтін