Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТ УКАЗ. Лаб новый 2.бөлім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
633.34 Кб
Скачать

1. Жұмыстың мақсаты:

1. Түсірілген динамограмманы зерттеу және оны теориялықпен салыстыру

2. Динамограмма және ол туралы түсінік.

Теориялық динамограмма фактты түрмен (үзік сызық) бірге параллелеграм түрінде (тұтас сызық) болады. Ол газсыз жағдайда және аз тереңдікте штангалық сорап қоңдырғысы қалыпты жұмыс істейді.

а-нүктесі астыңғы тұйық нүктеге сәйкес келеді (а.т.н.). аб-сызығы штанга мен құбырдың деформациясына сәйкес келеді және сұйықтың салмағы штангаға түсіру процесін керсетеді. Бұл соташықтың а.т.н. бастап, шамаға орын ауыстырғанда болады. ав-сызығы плунжердің пайдалы жүрісіне сәйкес келеді, бұл уақытта штокқа түсірілетін статикалық күш штанга мен сұйықтың салмағына тең болады. в-нүктесі үстіңгі тұйық нүктеге сәйкесе келеді.

Сурет 4.1 — Теоретикалық диаграмма.

плунжер жүрісінің ұзындығы; төменгі жагдайындагы сұйықтғгы штангылардың салмағы ; жогары жағдайындағы сұйықтағы штангылардың салмағы

вга-сызығы теменгі жүріске сәйкес, бұл уақытта кері жағдайда штанга мен құбыр деформацияланады, айдау клапаны ашылғандықтан штангага түсірілетін күш азайып қысқарады, ал құбырлар (сору клапаны жабылады) оның қалпына келіп ұзарады.

Шын мәніндегі динамограмма теориялықтан ерекшеленеді. Үзік сызықтың бв-сызығынан жоғары асуы қосымша күш түсуін көрсетеді. Ол жүйе мен үйкеліс ережесімен байланысты. Осымен га-сызығының төмен жүрісінде үзік сызықтың төмендеуі түсіндіріледі. Алынған динамограмманың түсірілгенін теориялық түрімен салыстыру кезінде ШҰСҚ жұмысында әр түрлі ақауларды табуға мүмкіндік береді.

б және г нүктелерінің оңға ауытқуы, құбырдан штангаға түсірілген Рс күшінің ауысу процесі кезіндегі уақыт бойынша созылу нәтижесінде, сорпатың айдау бөлігіндегі өткізгіштіктерді көрсетеді. Айдау белігіндегі өткізгіштік цилиндрдің көлемінің толып кетуіне әкеледі, ол плунжермен босатылады, өйткені сұйықтың ағуынан плунжер астынан тірек болады. Айдау бөлігінде ағу неғұрлым көп болса, б және г нүктесінің оңға ауытқуы соғұрлым көп болады.

б және г нүктелерінің солға ауытқуы қабылдау бөлігіндегі өткізгіштікті білдіреді, қабылдау бөлігіндегі уақыттан бұрын сұйықтың жоғалуы плунжер астынан тіректі алады да, штангалар сұйық салмағын тез қабылдайды.

Динамограммада в -нүктесінен га сызығына ауытқуы газдың зиянды әсер етуі көрсетіледі, бұл плунжердің астында цилиндрда газдың сығылуын білдіреді.

Тәжірибелік диаграммалар

Сурет 4.2 — Штангылық сорғы жұмысының тәжірибелік диаграммалары

а- қалыпты ақырын жүрістік жұмыс; б - газдың әсері; в - сорғы беруінің ұңғымаға құйылудан асып түсуі; г - плунжердің төмен қонуы; д - салынбаған сорғының цилиндрінен плунжердіің шығуы; е- алмалы-салмалы сорғының жоғарғы шектеуіш сомынына плунжердің ұрылыстары, ж- басып тығыздылған бөліктегі кеміп қалулар; з-сорылатын бөліктегі кеміп қалулар; и-басып тығыздалытан бөліктің толығымен істен шығуы; к- сораптың бөліктің толығымен істен шығуы; л- сорғы жұмысының жартылай фонтандық сипаты; м - штангылардың үзілуі (үзік-үзік сызық арқылы теоретикалық диаграмманың сызықтары көрсетілген).

Плунжердің сору клапанына соғылуы а.т.н. жанында күш түсірудің азаюы түрінде көрсетіледі, Рс-дан темен (Сурет 4.2 г)

Салынбайтын сорап үшін плунжердің цилиндрден шығуы жанында күштің түсуімен түсіндіріледі. (Сурет 4.2 д)

Плунжердің цилиндрдің шекара гайкасына соғылуы ж.т.н.-ң шыңының пайда болуымен түсіндіріледі (Сурет 4.2 е)

Динамограммаларды мұндай түсіндіруді шектелген шарттарда ғана мүмкін: аз тереңдік, қатты штанглар, плунжердің аз диаметрлі болуы.

Тербелмелі күш түсіру пайда болған кезінде динамограмма өзгереді. Бұл - нормальді динамограммаға күш түсіруі нәтижесі. Олар штангадагы тербелмелі процесс болғанда пайда болады.

Күрделі динамограмманы оқып, анализ жасау үшін штангы колоннасының жоғарғы жағы және төменгі жағындағы динамограммалардан өтуіне байланысты.

Осындай ШҰСҚ жұмысын диагностикалау және тереңдік динамограмма алу үшін беттік динамограмманың күрделі сарапталған есептемесін қолданады. Осы кезде серпімді деформация мен колонналық штангы тербелісі шақырған (нәтижесінде пайда болған) құраушы түсіру күштерін есептеп, тереңділік динамофаммаларын құрған кезде алып тастайды.

Беттік динамограммада СК жұмысында, шатунды-кривошипті механизмде, редуктордың шпонкасы мен тістеріндегі ақауларды анықтайды. Осылайша ШҰСҚ-ны динамометрлеу коңдырғы жұмысы жайында жалпы мәлімет береді.

Динамограмма бойынша теренділік сорғы жүмысыныц параметрлерін аныктау.

4.3 Суретіндегі тереңділік сорғының қалыпты жұмысының динамограммасы бойынша мынаны анықтауға болады:

1) Жылтыраған штокқа келетін максималдық және минималдық жүктеулерді:

(3.1)

(3.2)

мұндағы динамограммадағы жүктеудің минималдық және максималдық мәндері, см; жүктеуді өлшеудің масштабы, кН/см.

2) Жүктеу тербелістерінің амплитудасын:

(3.3)

3) Жоғарғы штангыдағы максималдық кернеуді:

(3.4)

мұндағы

4) Сорғы құбырлары мен штангыларының деформациясы салдарынан плунжер жүрісінің жоғалтулары:

(3.5)

мұндағы жүріс ұзындығының өлшеу масштабы

Сурет 4.3 - Сорғының нормальды (қалыпты) жұмысы кезіндегі тәжірибелік диаграмма

5) Сорғының толтырылуын және штангылар мен құбырлардың серпінді өзгерістерін ескеретін сорғы қондырғысының беру коэффициентін сорғының тек нормальды (қалыпты) жұмысы кезінде ғана, яғни кеміп қалулардың жоқ кезінде анықталады.

Зертханалық жұмысты жасау реті

1. Әдістемелік нұсқауларды қолданып, ГДМ-3 гидравликалық динамографтың жұмыс істеу принципі мен құрылысымен танысу.

2. Теоретикалық динамограмманы зерделеу.

3.Тәжірибелік динамограммалар бойынша тереңділік сорғының жұмысындағы кемшіліктердің бейнеленуімен танысу.

4. Қондырғы жұмысының негізгі параметрлерін анықтау.

5. Есептеулердің нәтижелерін 4.1 кестесіне кіргізу .

6. Динамографты бөлшектеу жәнс жинау.

7. Алынған динамограммаларды зерттеп, теориялық түрімен салыстыру.

Кесте 4.1-Зерттеу нәтижелері

Вариант №

Бақылау сұрақтары.

1. Теоретиялық динамограмма дегеніміз не?

2.Штангалы сорап жұмысының динамограммада негізгі ақаулары?

Кесте 4.2-Зертханалық жұмысқа алғашқы деректер

Вар.№

1

12

35

80

1:30

2,54

56

60

8

2

13

42

67

70

9

3

14

55

78

84

10

4

15

67

90

93

11

5

16

70

54

60

12

6

15

81

100

1:45

3,7

76

79

13

7

14

75

80

83

14

8

13

60

55

60

12

9

12

55

45

50

11

10

11

44

34

40

10

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Ш.К. Гиматудинов и др «Разработка и эксплуатация нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений». - М.: Недра, 1988г.

2 B.C. Бойко «Разработка и эксплуатация нефтяных месторождений». -М.:Недра, 1990г.

3 В.Й. Щуров «Технология и техника добычи нефти».- М.:Недра,1983г.

4 A.M. Юрчук «Расчеты в добыче нефти». - М.: Недра, 1999г.

5 Под общей редакцией Гиматудинова Ш.К. и др «Справочное руководство по проектированию разработки и эксплуатации нефтяных месторождений. Добыча нефти». 2-ое издание, М.: ООО «Альянс», 2005г.- 455с.

6 Балгимбаев М.Б. «Стадии нефтяной операций». - Алматы. Изд. «Дауир». 2004г.-280с.

21