
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Құралдың тағайындалуы. Негізгі техникалық сипаттамасы
- •3. Прибордың сипаттамасы. Жұмыс істеу принципі.
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •3 Эхограмманың мағынасын ашу.
- •1 Жұмыстың мақсаты.
- •Аспаптыц міндеті. Жұмыс істеу принципі
- •3. Гидравликалық динамографтың сұлбасы
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Динамограмма және ол туралы түсінік.
1 Жұмыстың мақсаты.
1. Гидравликалық динамограф істеу принципімен танысу
2. Динамографты бөлшектеп ыдырату және жинау.
Аспаптыц міндеті. Жұмыс істеу принципі
Жылтыраған (полированный) соташықка (шток) жүріске тәуелді әсер ететін күштің диаграммасын түсіру ШҰС қоңдырғысының динамометриясы деп аталады, ол күш өлшеу тіркеуіш аспабымен - динамометрмен іске асырылады.
Алынған динамограммалар теориялық динамограммалармен салыстырылады, бұл калыпты жұмыс істеу режимінен ауытқуын және ШҰС қоңдырғысының ақауларын анықтауға мүмкіндік береді.
Динамографтар механикалық, гидравликалық, электрлік, электромагниттік, тензометриялық және т.б. болады.
Кебінесе гидравликалық динамографтар қолданыс тапқан, мұндағы жылтырылған соташыкқа түсірілетін күш рычагты жүйе арқылы сұйық толтырылған ныгыз диафрагма камерасына беріледі. Соташық қарқынына пропорционал камерадағы сұйық қысымы каппиляр арқылы геликсті серіппеге беріледі.
Қысым жоғарылаған сайын геликсті серіппе кері айналып, қауырсынды (перо) айналдырады, ол қозғалмалы үстелше немесе барабан үстіне орнатылған қағаз бланкке сызық сызады.
Үстелшенің орын ауыстыруы жылтыраған соташық жүрісінс пропорционал. Сонда кауырсынның ауытқуы шток қарқынына(әсер ететін күш) пропорционал да, ордината осіне сәйкее, үстелшенің ауытқуы шток жүрісіне пропорционал,- абсцисса осіне сәйкес келеді.
Месдоза, геликсті серіппе қауырсынымен бірге, үстелше және оның червякты механизмі компакты аспап түрінде біртұтас құрастырылған. ШҰСҚ қалыпты қоңдырғысының асылған арқан траверстері арасындағы саңылауында динамографты орналастыруга болады. Үстелше немесе барабанның жетекші механизмі шнур аркылы қозғалмайтын нүкте - сағалық қондырғы тығыздығымен (сальник) байланысады.
Соташықтың жоғары қозғалысы барысында шнур арнайы шкивтен шешіледі, ол червякты жүргішті винтті айналдырып, бірнеше айналым жасап, үстелшенің орнын ауыстырады. Осы кезде бірқалыпты спиральды қайтымды серіппе жанданады. Кері жүрісте үстелше қайта оралатын серіппе арқылы өз орнына қайтып келеді, айналдырушы червяк пен шкив кері бағытта айналады. Шнур шкивке оралып, созылған күйде қалады. Аспаптың ауыспалы, диаметрлері әр түрлі үш шкиві болады. Олар арқылы үш әр түрлі масштабта жүріс алуға болады, бұл негізінен 1:15, 1:30 және 1:45.
3. Гидравликалық динамографтың сұлбасы
Сурет 3.1 — Гидравликалық динамограф құрылғысының сұлбасы
1-шнур, 2-жүрісті винттік шкив, 3-үстелшенің жүрісті винтті, 4-үстелшенің бағыттаушы салазкалары, 5-үстелше жапсыратын қағаз бланк, 6-геликсті серіппенің қаламы, 7-геликсті серіппе, 8-капилярлы құбырша, 9,10 — басылатын диск, 11-күшөлшеуіштің үстіңгі рычагы, 12-күшөлшеуіштің астыңғы рычагы.
Сериялық динамограф ГДМ-3 (гидравликалық динамограф месдозамен, тип 3), оның 3.1 Суретте треверс контактты асылмасындағы саңылауға орнатылған қимасы көрсетілген.
Бұл динамографта сұйығы бар камера күшөлшеуіш коңдырғының 11 үстіңгі рычагында орнатылған. Күшөлшеуіш қондырғаның пластиналарының оң жақ тірегін ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл кезде рычагты жүйенің иық қатынасы өзгереді. Бұл күш түсіру масштабын үш есе өзгертуге мүмкіндік береді: 1; 0,75; 0,53; ал бұл жылтыратылған соташтықтағы күш түсірудің есептеу шегін кеңейтеді: 40, 80, 100 кН.
Бақылау сұрақтары:
ГДМ-М құралының тағайындалуы?
Құралды қолданудың негізгі құрылымдық ерекшеліктері?
Динамографтың негізгі термобаралық шарты?
Динамографтың жұмыс жасау принципі?
№7 Зертханалық жұмыс
Динамограф көрсетулерінің шифрын ашу. Динамометрлеу.