
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
- •Астана 2012 Силлабус
- •1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
- •4) Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Қажымұқан
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмалары
- •7. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •Балуан Шолақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Қазақ балуандары»
- •7 . Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мәтінді оқып, оған тақырып қойыңыз.
- •Қазақстандықтардың параолимпиадаға қатысуы туралы тұсаукесер жасаңыз.
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2004 Жылдың «Ең таңдаулы спортшысы»
- •10. Бөж тапсырмалары
- •11. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жауһар алыстан жарқырайды
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Жауһар алыстан жарқырайды.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жеке батыр
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8. Мәтінді оқып, баспасөз материалдарымен толықтырыңыз, мазмұндаңыз. Ехро – 2017
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары.
- •Әлем кубогы
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •8. Волейбол тарихынан материал дайындаңыз. Қазақстандағы волейбол
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Шахмат ойыны
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •11.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аударыспақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұхбат құраңыздар.
- •7. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар.
- •6.Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аңшылық өнер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. А)Мәтінді оқып, тақырып қойыңыздар.
- •7. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұрақтардың дұрыс жауабы қайсы, табыңыздар.
- •12.Мәтінді оқып, аударыңыздар. Қазақ футболы туралы не білесіз?
- •13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.
- •Медеу спорт кешені
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •А)Мәтінді оқыңыздар.
- •Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Спорт ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Баскетбол
- •Волейбол
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жеңіл атлетика
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8.Мәтінді оқыңызддар, тақрып қойыздар мазмұндаңыздар
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Азия ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6.Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар. Тақырып қойыңыздар
- •8. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
Жеңіл атлетика спортына спортың қандай түрлері жатады?
Жеңіл атлетикалық жарыстар қандай алаңдарда өтеді?
Жеңіл атлетикалық жарыстар жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді ме?
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) қашан құрылды?
Оған қазір нешеге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен?
Дүниежүзілік чемпионат қай жылдан өткізіліп келеді?
Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген бе?
Қазақстанда алғаш ресми жеңіл атлетикалық жарыс – Бүкілқазақстандық 1-спартакиада қай жылы, қай қалада өтті?
Жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын кім алды?
Тұңғыш алтын медальді 2000 жылы кім алды?
15-САБАҚ
Азия ойындары
1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
жарғы устав
өкіл представитель
бағдарлама программа
Азия ойындары Азиатские игры
& 2. Мәтінді оқыңыздар.
Азия ойындары – төрт жылда бір рет өтетін спорт жарыстары. Жарғысы 1949 жылы қабылданған. Бірінші Азия ойындары 1951 жылы Дели қаласында өтіп, оған 11 елдің өкілдері қатысты. Алғашқы ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика, велоспорт, баскетбол және салмақ көтеру енгізілді. Азия ойындарына қазақстандықтар 1994 жылдан бастап қатысты. Жапонияның Хиросима қаласында өткен он екінші Азия ойындарына республикадан Қ. Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес),
Ю. Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресі), А.Парыгин, О. Ребров
Д.Тюрин(қазіргі бессайыс) қатысып, алтын медальді иеленді.Жалпы алғанда, қазақстандықтар 25 алтын, 26 қола медаль алып, команда бойынша төртінші орынға шықты. Он үшінші Азия ойындары 1998 жылы Тайландтың астанасы Бангкок қаласында өтті.
Ж. Қисымов
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді толықтырып мазмұндаңыз.
2-тапсырма. Сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.
Спорт жарыстары, Азия ойындары, қабылданған, еркін күрес, қазақстандықтар.
☺3-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.
4-тапсырма. Сұхбат құраңыздар.
Азия ойындары жайлы білгім келеді.
5-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздерді тауып, жазыңыздар.
6-тапсырма. Аяқталмаған сөйлемдердің екінші жартысын төменгі бағаннан табыңыздар.
. Жарғысы 1949 жылы…
. 13 Азия ойындары 1998 жылы…
. Бірінші Азия ойындары 1951 жылы…
. Алғашқы ойындар бағдарламасына…
. Азия ойындарына қазақстандықтар…
. Азия ойындары – төрт жылда…
_________________________________________________________________
. Дели қаласында өтті.
. 1994 жылдан бастап қатысты.
. қабылданған.
. бір рет өтетін спорт жарыстары.
. жеңіл атлетика, велоспорт енгізілді.
. Тайландтың астанасы Бангкок қаласында өтті.
H 7. Үйге тапсырма.
. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
1. Турин олимпиадасында спортшылар 15 спорт түрі бойынша 84 медальді сарапқа салады. 2. Турин ойындарының бойтұмарлары Нив пен мөлдір мұз Глиз. 3. Оларды португалиялық суретші Педро Албукерке салған. 4. Афины олимпиадасында да осы дәстүр жалғасты.
газеттен
БӨЖ тапсырмалары