Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FKS_2_kurs_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
837.12 Кб
Скачать

Баскетбол

Бұл ойын АҚШ-та бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке (кәрзеңкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: «баскет» – ағылшын тілінен аударғанда «себет» («кәрзеңке»), «бол» – «доп».

Осы бір әлемге кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

Волейбол

Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының, секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.

С.Тайжанов, А. Құлназаров.

Дене тәрбиесі . «Атамұра» 2002

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Сөздердің сәйкес жұптарын тауып, сөз тіркестерін жасаңыздар.

кең алатындығы

ойынмен көмектеседі

денсаулық жүзіне

жүректің тараған

айналыса алады

уақыт айналысу

ойнай нығаяды

дамуына өтті

дүние қан тамырлары

3-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

– Алло! Олег, сәлем. Мен Асқармын.

– Сәлем, Асқар.

– Сенің бүгін қолың бос па?

– .................................................................................................................

–Сен сабақтан кейін баскетбол ойнауға барасың ба?

–..................................................................................................................

– .................................................................................................................

– Волейбол ойнауға барамыз.

– ...................................................................................................................

– ...................................................................................................................

– ...................................................................................................................

– ...................................................................................................................

5-тапсырма. Аяқталмаған сөйлемдердің екінші жартысын төменгі бағаннан табыңыздар.

. Бұл ойын АҚШ-та…

. Волейболды кез келген жастағы

. Волейбол бүкіл дүние жүзіне…

. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің….

. Ойынмен айналысу арқылы жүректің қан тамырлары ....

________________________________________________________________

. тез әрі кең тарады.

. бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған.

. бірі болып есептеледі.

. мен өкпенің жұмысы жақсарады.

. адам ойнай алатындығы себеп болды.

6-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Кто играет в баскетбол?

Баскетбол любит высоких лиюдей. Иногда даже кажется, что для баскетбольных команд нарочно отбирают великанов. Так, на баскетбольных соревнованиях в Токио в 1964 году участвовало 190 спортсменов. У 30 спортсменов рост был выше 2 метров, а 70 других были ростом от 190 сантиметров до 2 метров.

кейде иногда

әдейі нарочно

жарыста на соревнованиях

қатынасты участвовало

алып великан

H 7. Үйге тапсырма.

. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Еліміздің таэквондо шеберлері Голландияның Эйндховен қаласында өткен халықаралық турнирден оралды. Әлемнің он сегіз елінің палуандары бақ сынаған жарыста 120 келі салмақта күрескен Георгий Цурцумия бас жүлдені алды. Осы жарыста 96 келі салмақтың күміс жүлдесі Марғұлан Әсембековке бұйырды. 24 наурыз күні Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының жартылай финалдық ойынын Мәскеуде өткізіп, «Динамодан» 5:2 есебімен ұтылып қалды.

БӨЖ тапсырмалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]