Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FKS_2_kurs_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
07.01.2020
Размер:
837.12 Кб
Скачать

Глоссарий – сөздік

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес

мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып, тыңдауға жаттығу. Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу

тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен

ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі,

оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық

тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған

материалдарды ауызша баяндауы.

Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекетАдам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

 Әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;

Қазақ балуандары − Буыны қатып, күші толған әрбір жігіттің өзінің күш-жігерін сынау үшін күреске еркін қатысуына мүмкіндігі болған. Той-томалақтарда немесе басқа да үлкен жиындарда күреске шығушы күрес алаңына келіп, өзіне кімнің қарсылас атанатындығын күтіп отырады. Онымен күреске қанша адам шыққысы келсе де, бәрімен күресуге тиісті болатын. «Әлі жеткен алып ұрады», «алып анадан туады» немесе «тегеурінді тек тұрмас» деген сынды халық арасында кеңінен таралған мақалдар осыдан қалса керек.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика− Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика,  спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Қазақша күрес –ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.

Стадион – Афинадағы Панафиней стадионы үлгісімен салынған, түрлі спорттық жарыстар өткізілетін сәулет өнерінің туындысы.

Параолимпиада – 1952 жылдан бастап Сток Мандевиль ойындары ретінде мүгедектер арасында ұйымдастырылатын жарыс.

Олимпиада ойындары – төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс. Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қанажазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын,дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Бокс –  арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. 

Жеңіл атлетикаспорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүруұзындықпен биіктікке секіруспорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.

Ауыр атлетика – әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штангагір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 

Баскетбол − (ағылш. basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны.

Волейбол − (volleyball , volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - ойын спорты. Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды.

Шахмат ойыны ‑ ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.

Ұлттық спорт ойындары − Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]