
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
- •Астана 2012 Силлабус
- •1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
- •4) Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Қажымұқан
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмалары
- •7. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •Балуан Шолақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Қазақ балуандары»
- •7 . Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мәтінді оқып, оған тақырып қойыңыз.
- •Қазақстандықтардың параолимпиадаға қатысуы туралы тұсаукесер жасаңыз.
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2004 Жылдың «Ең таңдаулы спортшысы»
- •10. Бөж тапсырмалары
- •11. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жауһар алыстан жарқырайды
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Жауһар алыстан жарқырайды.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жеке батыр
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8. Мәтінді оқып, баспасөз материалдарымен толықтырыңыз, мазмұндаңыз. Ехро – 2017
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары.
- •Әлем кубогы
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •8. Волейбол тарихынан материал дайындаңыз. Қазақстандағы волейбол
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Шахмат ойыны
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •11.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аударыспақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұхбат құраңыздар.
- •7. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар.
- •6.Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аңшылық өнер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. А)Мәтінді оқып, тақырып қойыңыздар.
- •7. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұрақтардың дұрыс жауабы қайсы, табыңыздар.
- •12.Мәтінді оқып, аударыңыздар. Қазақ футболы туралы не білесіз?
- •13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.
- •Медеу спорт кешені
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •А)Мәтінді оқыңыздар.
- •Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Спорт ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Баскетбол
- •Волейбол
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жеңіл атлетика
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8.Мәтінді оқыңызддар, тақрып қойыздар мазмұндаңыздар
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Азия ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6.Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар. Тақырып қойыңыздар
- •8. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Доптың тарихын білесіз бе?
Ең алғашқы допты кім жасағаны белгісіз. Оның адамдар үңгірлерді паналап жүрген көне замандарда пайда болуы ғажап емес. Егер көне дәуір адамдары ән салып, би билеуді білсе, ойын ойнамасына кім кепіл!
Ал доптың ежелгі мысырлықтарға белгілі болғанын ғалымдар растап отыр. Археологтар бірқатар ғибадатханалардың қабырғаларынан доп ойыны бейнеленген суреттерді тапқан. Ол суреттердің ең көнесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған екен.
Допты «спорттың тал бесігі» саналатын көне Грекияда да жақсы білген. Ерте замандарда бұл елде жүгіруден, секіруден, күрестен жарыстар өткізіліп тұрғаны белгілі. Бірақ, допты жарыстың қай түріне пайдаланғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен бүгіндері Афина мұражайларының бірінде сақтаулы тұрған амфоралардың (құмыра) бірінде тізесімен доп тепкен бозбала бейнеленген. Амфора біздің дәуірімізге дейінгі IV ғ. жасалған.
Римді біздің дәуірімізге дейінгі 27 жылдарында басқарған Август «үрленген допты ұрып күніне бірнеше сағат жаттығып отырған».
Рим тарихшысы Гай Светоний Транквиллдің дерегіне таңданбасқа шара жоқ! Осыдан екі мың жыл бұрын үрленетін доп болғаны шынында да ғажап емес пе?
Орта ғасырларда доптар туралы әңгіме қозғала қалса, ең алдымен Англия тілге оралады. Себебі, футбол мен регби сынды доп ойындары ең алғаш осы елде пайда болған. Ол кезде далада болсын, қалада болсын доп ойыны қызып жатады екен. Доптар қой немесе қоян терісінен тігілген. Ішіне жүн, шүберек толтырылған. Шеберлерге допты доп-домалақ етіп тігу оңайға соқпайды. Сондықтан, доптардың көпшілігі қауынға ұқсас сопақ пішінде жасала берген. Қазіргі регби ойынында сопақ допты пайдалану содан қалса керек.
Сөйтіп, доп ойыны Англияда жалпы халықтық сипат ала бастайды. Көпшіліктің сұранысын байқай қойғандар допты көптеп шығаруды қолға алады. Сондай іскерлердің бірі Дорван есімді шебер екен. Оның ұрпақтары күні бүгінге дейін спорт тауарларын шығарып келеді. Фирмалары әлемге танымал.
Доп тарихында Американың байырғы тұрғындары үндістердің үлесі бар болып шықты. Оларда да небір қызықты доп ойындары болған. Доптары каучук өсімдігінің шырынынан жасалған.
Кейін Американы жаулап алған еуропалықтар каучуктен резина жасауды үйренеді. Доптар енді резинадан жасалатын болды.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Оқылымға қатысты тапсырмаларды орындаңыздар.
1. Доптың ежелгі мысырлықтарға белгілі болғанын кімдер растап отыр?
1. оқытушылар
2. ғалымдар
3. адамдар
2. Афина мұражайларының бірінде сақтаулы тұрған амфоралардың (құмыра) бірінде тізесімен доп тепкен кім бейнеленген?
1. бозбала
2. адам
3. қыз
3. Амфора біздің дәуірімізге дейінгі қай ғасырда жасалған?
1. V
2. IV
3. X
4. Футбол мен регби сынды доп ойындары ең алғаш қай елде пайда болған?
1. Англия
2. Германия
3. АҚШ
5. Доптар ненің терісінен тігілген?
1. жылқының
2. қой немесе қоян
3. шошқаның
6. Доптардың көпшілігі неге ұқсас сопақ пішінде жасала берген?
1. қарбыз
2. қияр
3. қауын
7. Дорван есімді шебердің ұрпақтары күні бүгінге дейін нені шығарып келеді?
1. тері
2. спорт тауарларын
3. құмыра
8. Американың байырғы тұрғындары үндістер нені каучук өсімдігінің шырынынан жасаған?
1. шырынды
2. киімді
3. допты
9. Сөйлемді аяқтаңыз. Доптар енді резинадан .................... .
1. тігіледі
2. жасалатын болды
3. тұр
2-тапсырма. Мәтінге жосқатыпар құрып сол бойынша мазмұндаңыз.
3-тапсырма. Сөздердің сәйкес жұптарын тауып, сөз тіркестерін жасаңыздар.
доп танымал
Афина ойыны
футбол пішінде
қауынға ұқсас
сопақша тауарлары
спорт мұражайларының
фирмалары ойыны
☺4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.
5-тапсырма. Мәтіндегі есімшелердің қай шақта тұрғанын көрсетіңіздер.