Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FKS_2_kurs_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
837.12 Кб
Скачать

1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.

аңшылық кәсібі охотничий промысел

ор яма

тұзақ ловушка

қақпан капкан

садақпен ату стрельба из лука

тыйым запрет, запрещение

киелі святой

тазы гончая, борзая (охотничья собака)

& 2. Мәтінді оқыңыздар.

Аңшылық өнер

Аңшылық – қазақтардың байырғы қосалқы кәсібі. Ертеде адам аңшылықта ор қазу, тор, тұзақ құру, қақпан құруды қолданса, кейін ит қосып, құс салып, садақпен, мылтықпен атуды үйренген. Қазақстанда аңдарды аулауға, құстарды атуға тыйым салынған, себебі олар азайып кеткен. Әсіресе, Қызыл кітапқа енген аң-құстарды атқан адам жазаланады. Табиғатты қорғау – әрбір Қазақстанның азаматының міндеті. Қазақ баласына табиғатты қорғауды кішкентай күнінен үйретеді.

Қазақ халқы мәдениетінде аққуды атқызбайды. Ол – киелі құс. Киік, марал – киелі аңдар.

Аң-құстарды аулау тәсілдері:

1. Тор құру – бүркітті ұстау үшін қолданылатын әдіс. Ағаш бұтақтарына тор байлап, астына бүркіт жейтін аңды (қоян, қаз, үйрек, қарсақ) қойған. Бүркіт аңды жеймін дейді де, торға түсіп, оралып қалады.

2. Құс салу – қазақ арасына кең тараған әдіс. Бұл кәсіпте бүркітті жіпке отырғызып қойып, шаршатады, тамақ бермейді. Әбден шаршағанда аңшы оған өз қолымен тамақ береді. Сөйтіп бүркітке аң аулауды үйреткен.

3. Ит қосу – құс салудан бұрын қазақ аңшылары қолданған әдіс.

Қазақтың аңшылыққа қолданатын иті – тазы. Тазы ерекше күтімде болған, ол қыста үйде болып, оған арнайы жеңіл тамақтар берілген. Қазақ аңшысы өзінің әкелген аңын, егер бөтен біреу келсе, соған береді. Бұл – ұлттық дәстүр.

4. Тұзақ, қақпан – қасқыр, түлкі сияқты аңдарды аулауға арналған. Тұзақ –жіптен, қақпан – асыл темірден жасалған.

5. Садақ ату – спорттың бір түрі. Садақ арқылы құсты да, аңды да ұстайды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Оқылымға қатысты тапсырмаларды орындаңыздар.

1. Сөйлемді аяқтаңыз. Аңшылық – қазақтардың байырғы қосалқы .....

1. тірлігі

2. жұмысы

3. кәсібі

2. Сөйлемді аяқтаңыз. Қазақстанда аңдарды аулауға, құстарды атуға тыйым салынған, себебі олар ..... .

1. көбейіп кеткен

2. жабайы аңдар

3. азайып кеткен

3. Сөйлемді аяқтаңыз. Қызыл кітапқа енген аң-құстарды атқан адам .... .

1. жазаланады

2. босатылады

3. жауап береді

4. Қазақ баласына табиғатты қорғауды қай кезден бастап үйретеді?

1. үлкейгенде

2. кішкентай күнінен

3. мектептен

5. Аққу қандай құс?

1. әдемі

2. сұлу

3. киелі

6. Киік, марал қандай аңдар?

1. жабайы

2. киелі

3. керемет

7. Тор құру нені ұстау үшін қолданылатын әдіс?

1. бүркітті

2. түлкіні

3. қасқырды

8. Қазақтың аңшылыққа қолданатын иті қандай ит?

1. үлкен

2. тазы

3. күшік

9. Тұзақ, қақпан қандай аңдарды аулауға арналған?

1. жолбарыс, аққу

2. бүркіт, қасқыр

3. қасқыр, түлкі

10. Сөйлемді аяқтаңыз. Садақ арқылы құсты да, аңды да ........... .

1. ұстайды

2. өлтіреді

3. жібермейді

2-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіздер.

3-тапсырма. Сөздердің сәйкес жұптарын тауып, сөз тіркестерін жасаңыздар.

ор аңшысы

қақпан қорғау

тыйым кітап

табиғатты салынған

Қызыл құру

киелі аңдар аң аулауды

ұлттық қазу

қазақ дәстүр

4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.

5-тапсырма. Сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Садақ ату, аңдарды аулауға, аң-құстарды, аңшылары, міндеті, ұстайды, аң аулауды, үйреткен.

6-тапсырма. Сөз тіркестерін жасап, оларды аударыңдар.

Аңщы

үйі

...................................

...................................

...................................

……………………...

………………………

………………………

………………………

охотничий дом

...........................

...........................

...........................

...........................

...........................

...........................

...........................

7-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар.

– Аң аулау қоршаған ортаға зиянды ма?

– ……………………………………………………………………

– Сен аң аулауға бардың ба?

– ……………………………………………………………………….

– Аң аулау үшін қайда бардың ?

– ………………………………………………………………………

– Саған аң аулау ұнайды ма?

– ………………………………………………………………………..

– Қазақстанда Қызыл кітапқа кірген қандай аң-құстарды білесің?

– ………………………………………………………………………

H 8 . Үйге тапсырма.

. Мақал-мәтелді түсініп, жаттаңыздар.

Құстың бәрі сұңқар болмас,

Аттың бәрі тұлпар болмас.

Құс бағу да бір қызық.

Құс салу да бір қызық.

Атбегі – аттың тұяғына қарар.

Құсбегі – құстың қияғына қарар.

Қыран қияда өледі.

Саятшының сұңқары

Салған жерден іледі.

БӨЖ тапсырмасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]