
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
- •Астана 2012 Силлабус
- •1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
- •4) Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Қажымұқан
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмалары
- •7. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •Балуан Шолақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Қазақ балуандары»
- •7 . Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мәтінді оқып, оған тақырып қойыңыз.
- •Қазақстандықтардың параолимпиадаға қатысуы туралы тұсаукесер жасаңыз.
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2004 Жылдың «Ең таңдаулы спортшысы»
- •10. Бөж тапсырмалары
- •11. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жауһар алыстан жарқырайды
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Жауһар алыстан жарқырайды.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жеке батыр
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8. Мәтінді оқып, баспасөз материалдарымен толықтырыңыз, мазмұндаңыз. Ехро – 2017
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары.
- •Әлем кубогы
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •8. Волейбол тарихынан материал дайындаңыз. Қазақстандағы волейбол
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Шахмат ойыны
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •11.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аударыспақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұхбат құраңыздар.
- •7. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар.
- •6.Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аңшылық өнер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. А)Мәтінді оқып, тақырып қойыңыздар.
- •7. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұрақтардың дұрыс жауабы қайсы, табыңыздар.
- •12.Мәтінді оқып, аударыңыздар. Қазақ футболы туралы не білесіз?
- •13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.
- •Медеу спорт кешені
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •А)Мәтінді оқыңыздар.
- •Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Спорт ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Баскетбол
- •Волейбол
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жеңіл атлетика
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8.Мәтінді оқыңызддар, тақрып қойыздар мазмұндаңыздар
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Азия ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6.Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар. Тақырып қойыңыздар
- •8. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
8. Мәтінді оқып, баспасөз материалдарымен толықтырыңыз, мазмұндаңыз. Ехро – 2017
ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ Астана қаласын дамыту жүйесінде елеулі архитектуралық мәнге ие. Ол қаланың ең заманауи және айрықша ғимараттары орналасқан жаңа әкімшілік орталығында, Мыңжылдық аллеясына жақын жерде орналаспақ.
ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ шығыс жағынан айналма жолмен, оңтүстік жағынан қалалық мәндегі жолмен және батыс пен солтүстік жағынан қала көшелерімен шектеледі.
ЕХРО – 2017 көрме кешені қолайлы жерде орналаспақ. Әуежай, теміржол вокзалы, автобус станциялары мен қоғамдық көлік бағдарларымен қосылады.
ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ 113 гектар жерді алып жатыр, олардың ішінде 25 гектар көрме кешеніне арналған. ЕХРО – 2017аумағының 40%-дан астамы түрлі құрылымдарға, қалған бөлігі ашық қоғамдық орындарға арналған. Көрме кешені 100 мыңнан астам адамды қабылдай алады.
9. Ағымдық бақылау сұрақтары.
1. Қазақ боксының тарихы қандай?
2.Қазақстаннан шыққан атақты боксышылар туралы не білесіз?
3.Қазақстаннан шыққан олимпиада жүлдегерлері (боксшылар) кімдер?
4. «Астана арландарылы не айтасыз?
7-САБАҚ
Әлем кубогы
1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
әлем кубогы кубок мира
ұлттық команда национальный команда
тақ нечетное
жүйе система
ұпай очко
ұтылу проиграть
ширек финал четвертьфинал
жартылай финал полуфинал
жеңімпаз победитель
қорытынды вывод, заключение
тұғыр пьедестал
& 2. Мәтінді оқыңыздар.
Әуесқой боксшылардың халықаралық Ассоциациясы (АИБА) 1979 жылдан бастап әлем кубогін өткізіп келеді. Ұлттық командалар емес құрлықтардың, Азияның, Африканың, Еуропаның, Океанияның, Солтүстік Американың және жарыс өтетін елдің құрама командалары қатысатын бұл жарыс әрбір тақ жылда өтеді. Олимпиялық жүйе бойынша ұтылған боксшы жарыстан шығып қалып отырады. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз жарыстың барлық сатысы бойынша жинаған ұпай санымен анықталады. Ширек финалда жеңгендер -1, жартылай финалда жеңгендер -2, финалда жеңгендер -3 ұпай алады.
І Әлем кубогы 1979 жылы Нью-Иоркте «Медисон-сквертардене» спорт сарайында өтті. Виктор Демьяненко (60кг) және Серік Қонақбаев (67кг) әлем кубогінің жеңімпазы атанды.
ІІ Әлем кубогы 1981 жылы Канаданың Монреаль қаласында өтті. Тағы да Серік Қонақбаев (71кг) жеңімпаз атанды.
ІІІ Әлем кубогы 1983 жылы Италияның астанасы Рим қаласында өтті. Қазақстандық үш боксшы Варна қаласында өткен Еуропа чемпионатының қорытындысы бойынша Еуропа-1 және Еуропа-2 командаларының құрамында рингке шықты. С.Нұрзақов (57) және Б.Есжанов (51кг) – күміс, А.Мирошниченко қола медальдарды жеңіп алды.
ІV Әлем кубогы 1985 жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтті. Жерлесіміз К.Әбдірахманов қола медальға ие болды.
V Әлем кубогы 1987 жылы Югославияның Белград қаласында өтті. Бұл жарысқа Қазақстанның өкілдері қатысқан жоқ.
VІ Әлем кубогы 1990 жылы әр қалаларда өтті. Ирландианың астанасы Дублинде 51,60,91кг салмақ дәрежелері бойынша өткен жарыста И.Шишкин (91кг) қола медальға ие болды.
VІІ Әлем кубогы 1994 жылы Тайландтың астанасы Бангкок қаласында өтті. А.Топаев (75кг) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Қ.Шағатаев (71кг) пен Б.Ниязымбетов (63,5кг) күміс, В.Шторм (91кг) қола медальдарға ие болды.
1998 жылы Қытай Халық Республикасының астанасы Пекин қаласында өтті. Осы сында Е.Ибрайымов қола медальға ие болды.
Ө.Жолымбетов .Рингтегі бес жұлдыз.