
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
- •Астана 2012 Силлабус
- •1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
- •4) Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет:
- •6.2 Қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Қажымұқан
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмалары
- •7. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •Балуан Шолақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Қазақ балуандары»
- •7 . Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мәтінді оқып, оған тақырып қойыңыз.
- •Қазақстандықтардың параолимпиадаға қатысуы туралы тұсаукесер жасаңыз.
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2004 Жылдың «Ең таңдаулы спортшысы»
- •10. Бөж тапсырмалары
- •11. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жауһар алыстан жарқырайды
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Жауһар алыстан жарқырайды.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Жеке батыр
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8. Мәтінді оқып, баспасөз материалдарымен толықтырыңыз, мазмұндаңыз. Ехро – 2017
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары.
- •Әлем кубогы
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •7.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •8. Волейбол тарихынан материал дайындаңыз. Қазақстандағы волейбол
- •9.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Шахмат ойыны
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •11.Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аударыспақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұхбат құраңыздар.
- •7. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар.
- •6.Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Жұмбақтарды шешіңіздер:
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Аңшылық өнер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. А)Мәтінді оқып, тақырып қойыңыздар.
- •7. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •Доптың тарихын білесіз бе?
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Сұрақтардың дұрыс жауабы қайсы, табыңыздар.
- •12.Мәтінді оқып, аударыңыздар. Қазақ футболы туралы не білесіз?
- •13. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.
- •Медеу спорт кешені
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •А)Мәтінді оқыңыздар.
- •Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Спорт ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Баскетбол
- •Волейбол
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жеңіл атлетика
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •8.Мәтінді оқыңызддар, тақрып қойыздар мазмұндаңыздар
- •9. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Азия ойындары
- •1. Мәтінге қатысты мына сөздермен танысып алыңдар.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6.Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар. Тақырып қойыңыздар
- •8. Ағымдық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мәтінді оқып, оған тақырып қойыңыз.
Қазақстандықтардың параолимпиадаға қатысуы туралы тұсаукесер жасаңыз.
1952 жылдан бастап Сток Мандевиль ойындары ретінде мүгедектер арасындағы жарыс жылда ұйымдастырылатын болды. Араға сегіз жыл салып Халықаралық олимпиада комитеті Римде өткен олимпиада ойындарынан соң мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы олимпиаданы да өткізіп, оған «Паралимпиада» деген мәртебе берді. Алғашқы ресми паралимпиадаға 23 елден 400 спортшы қатысты. Римдегі паралимпиадаға тек мүгедектер арбасына таңылған спортшылар ғана қатысты. Ал 1976 жылдан бастап әртүрлі жағдайда жарымжан болған азаматтар да паралимпиадаға қатыса бастады. Паралимпиадаға қатысатын спортшылар бірнеше топқа бөлінеді: мүгедектер арбасына таңылғандар, қолы немесе аяғы жансыз адамдар, ақыл-есі кем жандар, зағиптар. Мүгедектер олимпиадасына ұмытшақтықпен ауыратын, бет әлпеті бұзылған, еріндері қоянжырық болып туған адамдар да қатыса алады. (Ғаламтордан)
Ағымдық бақылау сұрақтары
1. Зерттеушілер Панафиней стадионын қай ғасырда және кім салдырған деп есептейді?
2. Панафиней стадионы кімнің құрметіне мереке өткізуге арналса керек және қандай жарыстар өткізіліп тұрған?
3. Стадион аренасы ненің ортасында?
4. Стадионға қанша көрермен сыйады?
5. Аренаның ұзындығы неше метр?
6. Археологтар қай ғасырда Панафиней стадионының жобасын тауып алады?
7. Қала тұрғындары Панафиней стадионын не деп атайды?
4-САБАҚ
Лексикалық тақырып: ОЛИМПИАДА ТАРИХЫНАН
1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
қазба археологические раскопки
таңғаларлығы что удивительно
шаһар город
тасқа қашалған суреттер наскальные рисунки
бағзы древний
әуесқой любительский
& 2. Мәтінді оқыңыздар.
Олимпиа көне грек қаласының аты. Ол Грекиядағы қазба жұмыстарының барысында табылған.
Таңғаларлығы сол, шаһарда біздің дәуірімізге дейінгі 776 жыл бұрын жарыстар өткендігі анықталды. Тасқа қашалған суреттер жүгіріп бара жатқан атлетті, белдесіп, күресіп жатқан палуанды,... бейнелейді.
Оның үстіне, ертедегі Грекиядан жеткен жазба материалдары және бар. Осының бәрі Олимпиа қаласында дүбірлі жарыстар өткенін дәлелдеді.
Естен шыққан ерте дүниедегі сол дәстүрді қайта тірілту үшін көптеген білікті, көреген азаматтар ой толғады. Солардың бірі – француз Пьер де Кубертен Грекияда бағзы заманда өткен жарыстарға жаңа өң беріп, қайта жаңғыртып, XIX ғасырдың аяғында Олимпиада Ойындарын өмірге алып келді. Дүбірлі жарыс төрт жылда бір рет өткізілетін болды. Халықаралық Олимпиада комитеті, соған орай ұлттық Олимпиада комитеттері құрылды. Ол біздің Қазақстанда 1990 жылы ұйымдастырылды. Олимпиада Ойындарының жарыстарына тек әуесқой спорт түрлері енгізіледі. Олимпиаданың әнұраны жазылды. Ол өзіне «Жылдамдық! Биіктік! Күштілік!» деген сөздерді ұран етіп алды. Кейін Олимпиада ойындарының Анты қабылданды. 1920 жылдан Олимпиада алауы жағылатын болды.
1896 жылы І Олимпиада ойынын Афины қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Д.Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы І Олимпиадалық ойындар 1896 жылы 1 сәуір айының 6-15 аралығында Афиныда өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына күрес, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетика, жүзу, нысана көздеу, теннис, семсерлесу сияқты спорт түрлері енді. Ежелгі дәстүр бойынша жарыс шымылдығын жеңіл атлеттер ашты. Сондай-ақ 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Б.Саттарханов, Е.Ибрайымов (бокс), О.Шишигина (жеңіл атлетика), алтын, Б. Жұмаділов, М. Ділдәбеков (бокс), А.Винокуров (велоспорт), И.Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 119 елдің ішінен 22-орын алды. Ал 2004 жылы Грекиада өткен ойындарда Б.Артаев (бокс) алтын, Г.Лалиев (еркін күрес), Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Г.Головкин (бокс), күміс, С.Елеуов (бокс), М. Манукян (грек-рим күресі) , Д. Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-орынға табан тіреді.