Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FKS_2_kurs_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
837.12 Кб
Скачать

7 . Жұмбақтарды шешіңіздер:

1. Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.

2. Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.

3. Бiр құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған.

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң

Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

Жұмбақтардың шешуі: (Дүрбi; тандаКомпас; Доп; Домбыра,)

9. Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қазақ күресінің тарихынан тағы кімдерді білесіздер?

2. Қазіргі қазақ палуандары кімдер?

3. Қазақстанда қандай күрес түрлері дамыған?

3-САБАҚ

Лексикалық тақырып: ЕҢ КӨНЕ СТАДИОН

1. Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.

сәулет архитектура

зерттеуші исследователь

оңтайлы оптимальный

жаңғыртылу реставрация

мәрмәр мрамор

ұзындығы длина

жоба проект

көрермен зритель

& 2. Мәтінді оқыңыздар.

Кәдімгі стадион – сәулет өнерінің ғажайып туындыларының бірі. Қай жағынан алсаң да спорт ойындарын өткізуге ыңғайлы. Соған қарап стадион құрылысын қазіргі заман сәулетшілері ойлап тапқан болар дейсің. Ал шын мәнінде, қазіргі стадиондар Грекия астанасы Афинадағы Панафиней стадионы үлгісімен салынады.

Зерттеушілер Панафиней стадионы б.э.д. IV ғасырда Афина билеушісі Ликургуст салдырған деп есептейді. Ол бастапқыда Афина құдайының құрметіне мереке өткізуге арналса керек. Мереке барысында бірқатар спорт түрлерінен жарыстар да өткізіліп тұрған.

Стадионның орны оңтайлы таңдалған. Стадион аренасы (сахнасы) екі жардың ортасында. Көрермендер екі қапталда отырып мерекені тамашалайтын. Атақтылар мен шен-шекпенділер үшін арнайы ағаш орындар болған екен.

Кейін, біздің дәуіріміздің алғашқы жүзжылдығында Панафиней стадионы жаңғыртылып, қайта салынды. Ол кезде Грекия Рим империясының қол астында болған. Барлығы 50 000 көрерменді сыйдыратын трибуналар таза мәрмәрдан жасалады. Айналасын қоршаған алып мүсіндер әдемілігімен көздің жауын алады. Сөйтіп, стадион нағыз сәулет өнерінің ғажайып туындысына айналады.

Стадионның даңқы аспандағаны соншалық, оның аренасына шығып сайысқа түсу зор құрмет саналған екен. Аренаның ұзындығы 177 метр, ені 33 метрді құраған. Арада неше ғасырлар өтеді. Бір мемлекеттер жойылып, жаңалар пайда болады. Стадионда спорт жарыстарын өткізу дәстүрі ұмытылады. Грекияны жаулап алған түріктер (1456 – 1829) мәрмәр трибуналарды бұзып, басқа құрылыстарға пайдаланады.

Тек XIX ғасырдың аяқ шенінде археологтар Панафиней стадионының көне жобасын тауып алады. 1894 жылы Халықаралық спорт комитеті тарихи орынды қалпына келтіруді қолға алады. Атақты ағылшын инженері Чарльз Нерри бастаған құрылыс жұмыстары екі жылға созылды.

Қазір Афинадағы көне стадион қаланың басты тарихи ескерткіштерінің бірі.

Аспан астындағы мұражай. Қала тұрғындары оны «калимармаро» яғни «таза мәрмәр» деп мақтанышпен атайды. Ал әлемнің барлық стадиондары үшін ол ата – стадион.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]