
- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
|
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті |
« Инженерлік – экономикалық » факультеті
« Қолданбалы инфоматика » кафедрасы
Дәрістік кешен
Пәннің аталуы: «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»
мамандығы: барлық экономикалық, бағалау, әлеуметтік-мәдени қызметі мамандықтарға
`
Алматы, 2012 ж.
Дәріс № 1. Тақырыбы: Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі.
Мақсаты: Ақпараттық ресурс, ақрараттық жүйе ұғымдарына түсініктеме беру. Жоспары:
Ақпараттық ресурс – экономикалық қызметті ақпараттандыру негізі.
Ақпараттық жүйе ұғымы және оларды жіктеу. Ақпараттық технологиялар, олардың дамуы мен жіктелуі.
АЖО – түпкілікті пайдаланушының жұмысын автоматтандыру құралы.
Қазіргі кезеңдегі қоғам ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен
«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін құрал деген анықтама беріледі.
Ақпараттың ең маңызды түріне экономикалық ақпарат жатады. Ол адамдардың ұжымын, материалдық игілік пен қызметтер өндірісін, оны бөлумен, айырбастаумен және тұтынумен тікелей байланысты. Экономикалық ақпаратқа еңбек, материалдық және ақша ресурстарының құрамы мен басқару объектілерінің межеленген уақыт мезетіндегі жай-күйі жөніндегі мәлімет кіреді.
Ақпарат экономикалық игіліктің қасиеттеріне ие болып, экономикада шаруашылық қызмет процесінде пайдаланылатын ресурс, сондай-ақ тауар (ақпараттық тауарлар, қызметтер) ретінде айналады.
Жалпы тұрғыдан ақпараттық ресурсқа кез-келген түрде материалдық тасымалдығышта жазылған, ғылыми, өндірістік, басқару және тағы да басқа мәселелерді шешу үшін уақыт пен кеңістікте беруді қамтамасыз ететін жинақталған ақпараттың жиынтығы деген анықтама беруге болады. Ақпараттық ресурс кітап, журнал, файл, фотосурет, есеп, күнделік және т.б. түрде болуы мүмкін.
Ақпараттық ресурстардың:
тақырыбы (қоғамдық-саяси, ғылыми, техникалық, құқықтық, экономикалық және т.б.);
меншік түрі (мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік);
қол жеткізілімділік (ашық, құпия, шектеулі түрде пайдаланылатын);
табыс ету нысаны (мәтіндік, бейне түрінде, дыбыстық);
тасымалдағышта (қағазда, электрондық түрде) болады.
Адам өз қызметінде, оның ішінде экономикалық қызметте ақпараттық ресурстарды пайдаланады және бұрынғы уақытпен салыстырғанда қазір ол аталмыш ресурсты өте жиі пайдаланатын болды. Кәсіпорынның, саланың және жалпы ұлттық экономиканың басқа ресурстарымен салыстырғанда ақпараттық ресурстардың маңызы күннен-күнге артып барады.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтерге дерекқорлар, программалық қамтамасыз ету, білім беру қызметтері, кеңес беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері мен т.б. жатады. Осы өнімдер мен қызметтер ақпараттық нарықта айырбасталады және оларды әзірлеу, өндіру мен айналу үдерісінде өте көп ерекшеліктері болады.
Деректерді ұйымдастыру мен оларды өңдеу процесін басқару кіретін ақпараттық үдерістерді басқару жеке басқару қызметіне айналып келеді. Осының барлығы қоғамда ақпараттандыру деп аталатын үдеріспен байланысты.
Ақпараттандыру – ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде жеке адамдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырпу үшін жағдай жасаудың әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық ұйымдастыру процесі.
Ақпараттық ресурстар базасында ақпараттандыруды қажетсінетін барлық адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ететін ақпараттандыру индустриясы пайда болды. Ғаламдық желінің құрылуы мен электрондық құжаттарды пайдаланудың арқасында ақпараттық ресурстарға алыстан қол жеткізуге болады. Бүкіл әлем бойынша ақпарат жинап, оны тарататын, мысалы, Dow Jones Telerate ақпараттық агенттігі, Reuters ақпараттық агенттігі сияқты ірі ақпараттық ұйымдар құрылды. Дистанциялық оқыту, электрондық кітапханалар өте дамып келеді.
Ақпараттандыруға қатысты ақпараттық ресурс деп кітапхана, мұрағат, қор, дерекқор мен білім қоры ретінде ұйымдастырылған, автоматтандырылған ақпараттық технологиялармен бірге немесе оларға қажетті икемділік беретін сервистермен қарастырылатын ақпараттық жүйелердегі жекелеген құжаттар, құжаттар мен файлдардың массивтері аталады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер дұрыс шешім қабылдау үшін олар тиісті ақпараттық жүйеге қол жеткізуі қажет. Осы орайда нарықтық қатынастар жағдайында қол жеткізуге болатын, сонымен бірге пайдалану үшін қыруар ақша жұмсалатын әр түрлі дереккөздер қарастырылады.
Ақпараттық ресурстар қалыптастыру көздері мен нақты ұйымға қатысты ішкі және сыртқы ресурсқа бөлінеді (1.1-сурет).
Ішкі
ресурсқа ұйымның
жұмыс істеу процесінде жасалатын оның
әр түрлі бөлімшелерінің мамандары
қалыптастыратын (базалық қаржы ақпараты,
өнімділік, ұйымның негізгі білімі,
ресурстардың, яғни капиталдың, еңбектің
бөлінуі) жөніндегі ақпарат жатады.
1.1-сурет. Ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық ресурстардың құрылымы
Бұл жағдайда ұйымның межеленген уақыт кезеңі ішіндегі басқару, статистикалық және бухгалтерлік ақпараттың жиынтығы болып табылатын есептілік ерекше рөл атқарады. Есептіліктегі көрсеткіштер ұйымның жай-күйін талдау, ағымдағы жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге арналған ақпараттық қор болып табылады.
Алайда ұйымның жай-күйін кешенді бағалап, оның даму келешегін анықтау үшін сыртқы орта – ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ұйымнан тыс объектілер мен тікелей байланысты факторлар жөніндегі мәлімет болуы тиіс. Осы сыртқы ақпаратты әр түрлі көздерден, оның ішінде ақпараттық нарықтан да алуға болады. Ақпараттық нарықты келесі бірнеше секторға бөлуге болады:
іскерлік ақпарат;
ғылыми және кәсіби құжаттама;
әлеуметтік-саяси және құқықтық ақпарат;
жаппай және тұтынушылық ақпарат.
Нарықтық экономика жағдайында ұйым үшін тыс көздерден келіп түсетін іскерлік ақпарат өте маңызды (1.1-кесте).
Жоғары заңдылық және атқарушы органдар заңдар мен басқа да реттеуші құжаттар шығарады. Барлық ұйымдастыру жүйелері осы құжаттарды басшылыққа алып жұмыс істеуге тиіс.
1.1-кесте. Іскерлік ақпараттың құрылымы
Ақпараттың түрі |
Сипаттамасы |
Макроэкономикалық |
Ел экономикасының жалпы жай-күйін сипаттайды және арнайы мемлекеттік немесе тәуелсіз институттар ұсынады. |
Қаржылық |
Ұйымдардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық жай-күйін, капитал, инвестициялар, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б. нарықта қалыптасқан жағдаятты сипаттайды. Оны арнайы қаржы ақпараттары қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер мен басқа да ұйымдар ұсынады. |
Биржалық |
Құнды қағаздар, валюта бағамдары, есептік және пайыздық ставкалар, қор индекстерінің бағалары жөніндегі ақпарат. Оны банктер, биржалар мен арнайы агенттіктер немесе қызметтер ұсынады. |
Коммерциялық |
Аталмыш ақпаратқа кәсіпорындар (банктер, ұйымдар, корпорациялар), олардың өндірістік байланыстары, шығарылатын өнім, негізгі мәмілелер, технологиялар, басшылар мен акционерлер және т.б. жөніндегі ақпарат кіреді. Ол электрондық деректер қоры және кезең-кезеңмен жаңартылатын баспа өнімдері түрінде ұсынылады. |
Статистикалық |
Экономикалық, қаржы, биржалық, әлеуметтік және тағы да басқа деректер динамикалық қатарлар мен болжанған бағалар түрінде ұсынылады. |
Іскерлік жаңалықтар |
Ақпараттық агенттіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) ұсынатын әр түрлі бизнес саласының ағымдағы ақпараты. |
Сыртқы ақпарат көздерін бірнеше топқа бөлуге болады (1.2-кесте).
1.2-кесте. Іскерлік ақпарат көздері
Топтың атауы |
Құрамы |
1 |
2 |
Жоғары заңдылық және атқарушы органдар
|
Президент Үкімет ҚР Парламенті, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Экономикалық даму министрлігі, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, Салалық министрліктер мен басқармалар және басқа да комитеттер Республикалық салық қызметі Банктер Арнайы органдар мен қызметтер |
Жергілікті, өңірлік және шетелдік БАҚ өнімі |
Баспасөз, радио, теледидар |
Корпоративтік форумдар |
Конгресс, симпозиум Конференция, мәжіліс Семинар, жиналыс, көрме, жәрмеңке Отырыс, кездесу |
Баспа өнімі |
Зерттеуші, академиялық, оқу, консалтингтік және басқа ұйымдардың Депозиттелген есептер мен қолжазбалар Баспалардың арнайы мамандандырылған әдебиеті |
Электрондық өнім |
Арнайы мамандандырылған деректер қоры Магнит тасымалдағыштағы, лазер, оптикалық және магнит-оптикалық дискілердегі ақпарат Кітапханалар, порталдар, сайттар Ақпараттық желілер мен жүйелер Деректер қоры қоймалары |
Корпоративтік ұйымдар |
Қауымдастықтар Биржалар Кеңес беру және сараптау ұйымдары Ақпараттық талдау агенттіктері Жарнама агенттіктері |
Жұмыс істейтін әріптестер мен ықтимал клиенттер |
Тіркеу құжаттары Бизнес-жоспарлар Ұсыныстар |
БАҚ экономикалық және саяси ақпарат ұсынады.
Әр түрлі деңгейдегі корпоративтік форумдар ақпарат алмасуға, мәселелерді, көзқарастарды, оларға қатысушылардың пікірлерін талқылауға әсер етеді.
Баспа сияқты электрондық өнім де әр түрлі ұйымдардың зерттеу нәтижелерімен танысуға мүмкіндік береді. Электрондық өнім – ақпараттық технологиялардың орталық буыны. Ол ақпаратты жылдам тасымалдайтын өте маңызды құрал болып табылады. Оған шекара, тіл жағынан кедергі болмайды және қашықтықты және индустриалдық қоғамға бұрын тән және ақпараттық қоғамда бірте-бірте жойылып бара жатқан барлық басқа шектеулер әсер етпейді.
Сыртқы және ішкі ақпарат негізінде қалыптастырылған ақпараттық ресурстарды пайдалану ұйымның қызметін қолдайды және:
тауарлар (қызметтер) нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды;
ұйымның, оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі жөніндегі ең толық деректердің жедел есебін, кіріс құжаттарды бақылау мен ұзақ уақыт сақталуын;
сыртқы ұйымдарға (салық инспекциясына, құрылтайшыларға, акционерлерге және т.б.) табыс етуге, сондай-ақ ұйымның қызметін басқаруға арналған бухгалтерлік және талдамалы есептілікті қалыптастыруды;
біртұтас ақпараттық кеңістік технологиясын (оның ішінде директивтік, нормативтік және анықтамалық ақпарат қатысында) қолдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Қазіргі уақытта экономикалық объектілерді басқару саласында басқару шешімдерін жоспарлау, дайындау мен қабылдау үшін ақпараттық ресурстарды қалыптастыру кезінде кең пайдаланылатын компьютерлік техниканы, шеткері аймақтық жабдықтарды, программалық қамтамасыз етуді, телекоммуникацияларды одан әрі жетілдірумен байланысты елеулі өзгерістер болып жатыр.
Ақпараттық жүйе ұғымы және оларды жіктеу
Пайдаланылатын ресурстардың көптігі мен операциялық ортаның жылдам өзгеретінін ескере отырып, қазіргі заманғы ұйымды тиімді басқару өте күрделі мәселе болып табылады. Басқарудың ерекше қызметіне ұйым қызметінің көп өлшемді әр түрлі салаларында жүзеге асырылатын жоспарлау, ұйымдастыру, ойдағыдай іске асыру, үйлестіру, бақылау мен талдау жатады. Жоғарыда атап өтілген атқарымдарды орындау барысында қалыптастырылатын басқару шешімдері нақты орындаушылар үшін бастапқы мезет болып табылады. Нарық жағдайында осы экономикалық объектінің біртұтас ақпараттық кеңістігін құрайтын толық, шынайы және уақытылы мәліметті иеленіп бәсекелік артықшылыққа жетуге болады. Мұндай кеңістікті тек басқару шешімін қолдайтын автоматтандыру құралдарын тартып электрондық құжат айналымының базасында құруға болады.
Жалпы экономика мен оның жекелеген құрамдастары (кәсіпорындар, компаниялар, мекемелер мен т.б.) динамикалық жүйеге жатқызуға болады. Мұндай жүйелердің жұмысы өзгеретін сыртқы ортаның әсерімен және өте көп ақпаратты өңдеумен байланысты.
Жүйе – белгілі бір мақсатқа жету үшін атқарылатын жергілікті өзара байланысты құрамдастар жиынтығы.
Жүйені сипаттау үшін келесі ұғымдар пайдаланылады:
құрылым (көп элементтер мен олардың арасындағы өзара байланыстар);
кіріс пен шығыс (жүйеге кіретін және одан шығатын материалдық, қаржы және ақпараттық ағындар);
мінез-құлық заңдары (жүйенің кірісі мен шығысын байланыстыратын қызметтер);
мақсаттар мен шектеулер (бірқатар өзгермелі жүйенің жұмыс істейтін үдерістерді; жекелеген өзгермелілерге әдетте шектеу салынады).
Басқару – қойылған мақсаттарға жетуге жол ашатын жүйенің жай-күйінің өзгеруі.
Жүйені басқару үдерісі басқару мақсатымен, қоршаған орта мен ішкі жағдайлармен анықталады.
Кибернетика тұрғысынан осы үрдіс жүйенің элементтеріне мақсатқа қол жеткізу үшін мақсатты әсер ету үшін жасалады және оны сыртқы ортаны, объект пен басқару аппаратын байланыстыратын ақпараттық үдеріс түрінде көрсетуге болады.
Жүйені басқару үдерісі негізделетін ақпаратпен алмасуда келесі рәсімдер циклмен жүзеге асырылады:
басқарылатын объектінің ағымдағы жай-күйі жөнінде ақпарат жинау;
алынған ақпаратты талдау мен объектінің ағымдағы жай-күйін қажет жай-күймен салыстыру;
басқарылатын объектіні қажет жай-күйге көшіру мақсатында басқаратын іс-әрекет ойластыру;
объектіге басқару әсерін беру.
1.2-суретте экономикалық объектіні басқару жүйесінің мысалы келтірілген. Суреттен басқарудың басқару жүйесінің байланыс каналдарында айналатын ақпаратты алу, өңдеу мен пайдалануға негізделетіні көрінеді.
Басқару ақпаратын (жоспарлық, нормативтік және реттелген ақпараттың жиынтығы) басқару аппараты басқару мақсаты мен сыртқы орта туралы ақпаратқа сәйкес қалыптастырады. Есеп жүргізу-есептік ақпаратты басқару аппараты қалыптастырады және онда объектінің ішкі ахуалы мен оған сыртқы ортаның әсер ету дәрежесі көрсетіледі.
Сыртқы орта жөніндегі ақпарат – мемлекеттік мекемелер жасайтын нормативтік-заңнамалық ақпарат, бәсекелестер, жеткізушілер, тұтынушылар нарықтың жағдаяты жөніндегі ақпарат.
Субъектіден басқарылатын объектіге жіберілетін басқару ақпаратының және кері бағытта қол жеткізілген көрсеткіштер жөніндегі есеп жүргізу-есептік ақпаратының ағыны басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы ақпараттық байланыс деп аталады. Басқарудың тиімділігіне кері байланыстың – басқарылатын объектінің ағымдағы жай-күйі жөнінде ақпарат алудың көмегімен қол жеткізуге болады.
Ақпарат ағындарын талдау негізінде тиісті басқару шешімдері қабылданады.
1.2-сурет. Экономикалық объектіні басқару жүйесінің құрылымы
Шығыс ақпарат экономиканың басқа объектілеріне, есептік қаржы ақпарат – мемлекеттік органдарға, инвесторларға, кредиторларға және т.б., маркетингтік ақпарат – әлеуметтік тұтынушыларға арналған.
Ұйымды басқару жүйесі құрылатын негізгі элементтерге (1.3-сурет) келесі құрамдастарды жатқызуға болады:
мақсаттар мен стратегияны;
бизнес-үдерістерді;
ұйымдастыру құрылымын (басқару құрылымын);
өзара ықпалдасу тәсілдерін (ағындар мен коммуникациялар);
регламенттер мен ынталандыруды (қызметкерлер).
Басқару жүйесін дамыту, оның және бүкіл бизнестің тиімділігін арттыру үшін оның әрбір элементін қажет жағдайда ұстау қажет.
Қойылған мақсатқа жету мақсатында ақпаратты сақтау, өңдеу мен беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің, қызметкерлердің өзара байланысты жиынтығы ақпараттық жүйені (АЖ) құрайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – бұл компьютерлік және коммуникациялық жабдық, программалық қамтамасыз ету, лингвистикалық құралдар. Ақпараттық ресурстар мен жүйе қызметкерлері кіретін кешен.
Жүйе пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру және шешім қабылдау үшін нақты әлемнің кейбір бөлігінің динамикалық ақпараттық үлгісін қолдауды қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған АЖ құрылымы 1.4-суретте келтірілген.
1.3-сурет. Ұйымды басқару жүйесінің базалық элементтері
1.4-сурет. АЖ құрылымдық элементтері
Ақпараттық технологиялар (АТ)– ақпараттық үдерістерді – ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу мен тарату процестерін іске асыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылым (1.3-тармақты қараңыз). АТ ақпараттық ресурстарды пайдалану, олардың сенімділігі мен жеделдігін арттыру процестерінің еңбек сыйымдылығын төмендетуге арналған.
Атқарымдық ішкі жүйелер мен қосымшалар – АТ базасында нақты атқарымдық салада құжат дайындау, шешім қабылдау мақсатында ақпарат дайындау, шешім қабылдау мақсатында ақпаратты өңдеу мен талдауды қамтамасыз ететін арнайы мамандандырылған программалар.
АЖ-ні басқару – АТ, атқарымдық ішкі жүйелердің және олармен байланысты мамандардың өзара ықпалдасуын, АЖ өміршеңдік циклы ішінде дамуын қамтамасыз ететін құрамдас.
Әрбір автоматтандырылған ақпараттық жүйе сол немесе басқа пән саласына бағдарланған. Пән саласы деп белгілі бір маманданымдағы мәселелер, білім, адам қызметінің аясы және ондағы заттардың ауқымы аталады.
Мұның өзінде әрбір автоматтандырылған жүйе өзі қолданылатын саладағы белгілі бір қызметтерді орындайды.
Экономикалық объектіні басқару деңгейіне, оның жұмысына, басқарудың сол немесе басқа процесіне, қолданылатын ақпараттық ресурстардың түріне, жүйеге қол жеткізу тәсіліне және т.б. бейімделу бойынша ерекшеленетін әр түрлі автоматтандырылған АЖ қолданылады.
АЖ-ді мақсатты қызмет бойынша келесі негізгі санаттарға шартты түрде бөлуге болады (1.5-сурет).
Қоғам өмірінде экономикалық объектілерді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне арналған экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) өте маңызды рөл атқарады. Осы ақпарат тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында есеп, бақылау, талдау, жоспарлау мен реттеу қызметтерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік басқару жүйесінде экономикалық ақпараттық жүйелер деңгейі бойынша республикалық, өңірлік және муниципалдық маңыздағы АЖ-ге бөлінеді.
Экономикалық объектілердің қолданылу саласына сәйкес өнеркәсіптік-өндірістік сала мен өнеркәсіптік емес саланың ЭАЖ-не бөлінеді.
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) – талдамалы АЖ, басшының АЖ – межеленген уақыт бойы компанияның қызметінің нәтижелерін көрсететін деректерді талдау негізінде іс-әрекет жасаудың ықтимал нұсқаларының жай-күйін зерттеу, болжау, даму және бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйелер. Мұндай жүйелерде қазіргі заманғы дерекқор технологиялары, OLAR (Online Analytical Processing) – деректерді жедел талдап өңдеу, ДҚ (дерек қоймасы), терең талдау мен деректерді көрнекілеу.
1.5-сурет. Автоматтандырылған АЖ-дің түрлері
Ақпараттық-есептеу жүйелері егер басқару шешімі күрделі есептерге негізделсе, онда аталмыш жүйе күрделі және көлемді есептеу үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде автоматтандырылған басқарудың шағын жүйесі мен ШҚҚЖ ретінде пайдаланылады. Оған ақпараттық-есептеу жүйелері, САПР (автоматтандырылған жобалау жүйелері), имитациялық бақылау стенділері жатады.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер тұтынушыларға анықтамалық сипаттағы ақпаратты жинау, сақтау, іздеу және беру үшін арналған; кәсіби қызметтің барлық саласында пайдаланылады (Гарант, Кодекс, Референт, Консультант-Плюс; Бухгалтерлік кеңесші, Шоттардың сәйкестендірмесі, Бухгалтерлік есеп салығы, КонсультантПлюс; ВерсияПроф, Деловые бумаги, КонсультантПлюс: Эксперт және т.б.)
Білім беру АЖ негізгі түріне автоматтандырылған дистанциялық оқыту жүйелері, іскерлік ойындарды қамтамасыз ету жүйелері, тренажерлер мен тренажерлік кешендер жатады. Олар мамандар даярлауды автоматтандыруға арналған және оқытуды, оқыту процесін басқару мен оның нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Экономикалық объектінің ғылыми-зерттеу жұмысынан, өнімді жобалаудан, жасау мен шығарып, оны өткізуден бастап бұйымды пайдалануды талдауға дейінгі жұмыс істеуінің бүкіл циклын қамтитын барлық басқару қызметтерін автоматтандыруға арналған АЖ біріктірілген деп аталады.
Корпоративтік АЖ – бұл бөлімшелерінің, филиалдары мен кеңселерінің арасы алыс фирманы немесе корпорацияны басқарудың бүкіл қызметтерін автоматтандыратын АЖ.
Компьютерлік техника мен байланыс құралдарының дамуының қазіргі кезеңінде басқару үдерістерін автоматтандырудың арқасында АЖ пайдаланушылардың әр түрлі санаттары өздерінің алдына қойылған міндеттерді жылдам әрі тиімді шеше алады. АЖ пайдаланушыларды келесі төрт санатқа бөлуге болады:
1. Жүйе әкімшісі – бұл жүйені пайдалану және оның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету үшін жауап беретін, түпкілікті пайдаланушылардың қажеттілігін түсінетін, олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін және дерекқорды анықтау, жүктеу, қорғау мен оның тиімділігі үшін жауап беретін маман.
2. Қолданбалы программалаушылар – қолданбалы міндеттерді, деректер қорына қойылатын сұратуларды іске асыратын программаларды әзірлеумен айналысады.
3. Жүйелік программалаушылар – ақпараттық жүйені қолдауды жүзеге ZZZZZZZZZZZ””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””””|\||zасырады және оның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді, компьютерлік программалық қамтамасыз етуді (операциялық жүйелерді, деректер қорын басқару жүйелерін, трансляторлар, жалпы тағайындалыстағы сервистік программалар) әзірлеумен және сүйемелдеумен айналысады.
4. Түпкілікті пайдаланушы (ақпарат тұтынушы) – АЖ ның мүддесінде істейтін адам немесе ұжым. Түпкілікті тұтынушы АЖ-мен күнделікті жұмыс істейді, шектеулі қызметі саласымен байланысты және әдетте программалаушы болып жұмыс істемейді. Мысалы, ол бухгалтердің, маркетологтың, қаржы менеджерінің, бөлімше басшысының лауазымын атқаруы мүмкін.
Автоматтандырылған АЖ-ге мамандардың көп арнайы мамандандырылған жұмыс орындары (АЖО), коммуникация және ақпарат алмасу құралдары, қызметкерлердің жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін басқа да құралдар мен жүйелер кіреді. Түпкілікті тұтынушылардың АЖО-дың тағайындалуы мен құрамы 1.4-тармақта қарастырылатын болады.
Қазіргі заманғы автоматтандырылған АЖ-де экономикалық талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет, ақпаратты сақтау, беру және өңдеу жөніндегі ең жаңа компьютерлік технологиялар пайдаланылады; олар ақпарат өңдейтін қазіргі заманғы техникалық және программалық ақпарат өңдеу құралдарымен, әлемдік ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін телекоммуникациялар құралдарымен жарақтандырылған.
Экономикалық объектілерді (кәсіпорындарды, банктерді, сауда ұйымдарын, мемлекеттік мекемелерді және т.б.) басқаруға арналған АЖ-дің тиімділігі олардың басқару қызметтерін қамтудың кеңдігі мен біріктірілуіне, басқару шешімдерін жедел дайындауына, сыртқы ортаның өзгеруі мен пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігіне орай бейімделуіне байланысты.