Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика п-ні ж-не методологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

5 Тақырып. Үй шаруашылықтарының еңбек пен капитал ұсынысы

1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы

Үй шаруашылығы – ол тауарлармен қызмет көрсетуін тұтынатын, кейбір жағдайларда оларды өндіретін экономикалық қызмет субъектісі немесе адамдар тобы. Табыстар мен шығыстар айналымының моделі (үлгісі) – экономика теория негізгі үлгісінің бірі – 2 негізгі экономикалық субъектілері – өндіруші (фирмалар) және тұтынушы (үй шаруашылықтары), тауар мен қызмет көрсету нарығы және қорлар нарығы арқылы жүзеге асырылатын өзара әрекеттестікті көрсетеді. Үлгіде сағат тіліне қарсы нақты тауар ағындарының қозғалысы көрсетілген. Үй шаруашылықтары қорлар нарығына өндіріс факторларын шығарады, олардың ішіндегі негізгілері еңбек (өндіріс үдерісінде пайдаланатын адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттіліктері) және капитал (инвестициялар негізі болып келетін халық жинақтары), оларды фирмалар сатып алады. Сонан соң, өндіріс үдерісінде тауарлар мен қызмет көрсетулер пайда болады,олар тауарлар мен қызмет көрсету нарығына түсіп, тұтыну мақсатында үй шаруашылықтарымен сатып алынады. Кері бағытта тауар ағындарына қызмет ететін ақша ағындары жылжиды.

Ресурстар (қорлар) нарығы

Шығындар Табыстар

Ресурстар (қорлар) Өндіріс

факторлары

ФИРМАЛАР ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ

Тауарлар мен Тауарлар мен

қызметтер қызметтер

Табыстар Шығындар

Тауарлар мен қызметтер нарығы

38 сурет. Табыстар мен шығындар айналымының моделі (үлгісі)

Сонымен, үй шаруашылықтары өндіріс факторларының негізгі жеткізушілері болып табылады, осы тақырыпта соны қарастырамыз, бірақ тұтыну теориясы тұрғысынан. Әр жеке адамның қарамағында белгіленген уақыты бар (ол уақыт шектеулі, аптада 7-24 сағат). Осы уақыттың жартысында адам жұмыспен айналысады, жартысы – бос уақыты. Жеке адам бос уақыттан (демалыстан) және барлық басқа тауарлардан алатын пайдалылықты талдай аламыз. Сол тауарларды алу үшін адамның табысы болу керек, сондықтан бос уақытының жартысын жұмысқа арнауға тура келеді. Әрине, жеке адам таңдау алдында тұр: қанша уақытын жұмысқа, ал қаншасын демалысқа арнау керек? Біздің мақсат: ең жоғары пайдалылық беретін табыс пен демалыстың сәтті үйлестіру амалын табу. Солай біз үй шаруашылықтардың еңбек ұсыну моделін (үлгісін) қарастырып, сол тұрғыдан капитал ұсынысын да талдаймыз. Сонымен, өндіріс факторларын ұсыну мәселесі оңтайлы таңдау мәселесі екен: өндіріс факторларымен байланысты шығындар мен пайдалар жөнінде ақпаратқа ие болып, жеке адам оның пайдалылығын көбейтетін оңтайлы (ұтымды) шешім қабылдайды. Сондықтан үй шаруашылығын өндіріс факторларын жеткізушісі ретінде талдағанда, оны тауарлар тұтынушысы рөлінде зерделеу үшін қолданған методологиялық аппарат пайдаланады.