
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Туризм» кафедрасы
- •5В090200 «Туризм» мамандықтарының білім алушылары үшін
- •Астана 2012 Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені құрылымы
- •1 Силлабус
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •2 Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі Тақырып 1 (1 жұма). Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 2 (2 жұма). Белсенді туризм түрлері техникасының негіздері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 3 (3 жұма). Туристік маршрут категорияларының анықтамасы
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 4 (4 жұма). Саяхаттағы туристтердің қызметі
- •Аз бұлтты, қар жаңбырсыз ауа райы (жазда жылы, қыста аяды)
- •Саяхатта фотоға түсіру
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5 (5 жұма). Белсенді туристік саяхаттағы экстрмалды туризм
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 7 (7 жұма). Белсенді туристік саяхаттқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы
- •Жеке құрал-жабдықтар
- •Жаяу туризмдегі жеке құрал-жабдықтар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы 8 (жұма 8) Жорықтағы алғашқы медициналық көмек
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •1. Вуколов в.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. И доп. Караганда, 2005
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •4 Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер
- •5 Бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •6.1 Өзіндік жұмысты орындау нысаны және сағат көлемі
- •Әдістемелік нұсқау.
- •6.2 Өзіндік жұмысқа арналған тақырыптар
- •Семинар (практикалық) сабақтарды өткізу жоспары
- •7.1 Лабораториялық сабақ жоспары
- •1 Тақырып. Туризмнің белсенді түрлері және олардың даму ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Тау шаңғы туризімнің техникасы мен тактикасы
- •3 Тақырып. Су туризмнің дамуы және оның техникасының ерекшеліктері
- •4 Тақырып. Альпинизммен айналасудағы негізгі әдістер мен құралдар
- •5 Тақырып. Велотуризмдегі құрал жабдықтар ерекшеліктері
- •6 Тақырып. Мото және автотуризмдегі техника және тактика
- •7 Тақырып. Экстремалды туризммен айналасу ерекшеліктері
- •1. Вуколов в.Н Казарчук Основы туристско- краеведческая работа
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •7.2 Семинарлық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары
- •8.2 Соңғы бақылау сұрақтары
- •9. Бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •9.1 Тақырыптардың мультимедиялық материалдармен қамтылу кестесі
Қорытынды
Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық. Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.
Әдістемелік ұсыныстар
Оқыту әдісіекі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.
Сұрақтар
Алғашқы медициналық көмек түрлері?
Адамның сүйегі сынғанда көрсетілетін медициналық көмек?
Медициналық қобдиша құрамы?
Әдебиеттер
1. Вуколов в.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. И доп. Караганда, 2005
2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.
Тақырыбы 9 (жұма 9) Өлкетанудың түрлері мен формалары. Өлкетану жұмыстарының мағынасы, және танымдық рекреациялар жұмыс өткізу.
Мақсаты: Студенттерге өлкетанудың түрлері мен формалары және олардың туристер жорығында қолданылуы туралы жалпылама мәлімет беру.
Жоспар.
1 Өлкетану түрлері.
2 Өлкетану формалары.
Негізгі ұғымдар: Өлкетану, тарихи өлкетану, мектептік өлкетану, мемлекеттік өлкетану, қоғамдық өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия, саяхаттар.
Өлкетану дегеніміз-белгілі бір аумақты,ауданды, қаланы, селоны, облысты, регионды мемлекет территориясының жеке бөліктерін жан жақты зерттеумен және оқып танумен айналысатын қоғамдық құбылыс: Өлкетанудың түрлері : Мемлекеттік, Қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану.
Мемлекеттік өлкетану арнайы органдардың қатынасындағы ұлттық және өлкетану мұражайлар жұмысын ұйымдастыру,әкімшіліктердегі , кітапханалардағы, ғылыми зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары, жеке территориялардағы шаруашылыққа және табиғатқа қоршаған ортаны қорғауға байланысты зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру түрінде көрінеді.
Қоғамдық өлкетану қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылып жүргізілетін жоғарғы және жергілікті дәрежедегі тақырыптық және т,б мұражайларды құру, олардың жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т.б жұмыстар.
Мектеп өлкетануы мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша материалдар негізінде білімді жетілдіруге сондай ақ әр түрлі туристік өлкетану шаралары барысында түрлі тәрбие түрлерін беруге байланысты жұмыстар.
Өлкетанудың ерекше түрі тарихи өлкетану. Ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды тарихи белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірін, тарихи мемуариалдық және тарихи архитектуралық ескерткіштері мен олардың ерекшелктерін, археологиялық орындарды зерттеумен, оқып танумен айналысатын өлкетану түрі. Кейбір мамандар этнографиялық, топонимикалық , кешенді географиялық және физикалық географиялық өлкетану түрлерін бөледі .
Өлкетанудың бірнеше жұмыс формалары бар. Солардың бірі туристік жорықтар. Өлкетану бойынша өткізілетін жорықтардың бірінші ерекшелігі олардың танымдық мақсаты, яғни олар белгілі бір тақырыпқа байланысты немесе жалпылама өлке территориясымен оның ерекшеліктерімен, табиғатымен т.б танысуға бағытталады. Өлкетану жорықтарын дайындау кезінде керекті жерлер мен орындар танымдық мақсат бойынша таңдалып алынады да жорық маршруты солар бойынша жүргізіледі. Олардың екінші ерекшелігі топ мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттерінің болуы. Ол міндеттер жорықтың мақсатына байланысты топ мүшелерінің жеке қабілеттерін ескере отырып бөлініп беріледі. Өлкетану жорықтары көбінесе мектеп өлкетануында көп қолданылатындықтан мектеп оқушыларына белгілі бір атқаратын жұмыстар тапсырылады.Бұл жағдайда жеке пәндер бойынша мектеп бағдарламасымен байланыстырылады. Мысалы география пәніне байланысты жеке компонентері топ мүшелері арасында бөлінеді. Бір оқушы жетекшінің көмегімен маршрут бойынша рельеф жағдайына сипаттама беріп, керекті кескіндерді схема карталарды дайындаса, екінші геологиялық жағдайға емес ауа райы жағдайларына бақылау жасайды.
Қорытынды: Өлкетанудың келесі жұмыс формасы саяхаттар. Саяхаттар мен жорықтар тек қана туризмде ғана емес, сондай ақ өлкетануда қолданыла береді. Бірақ өлкетану бойынша саяхаттардың мақсаты өлке ерекшеліктерімен, оның көрнекі орындарымен танысуы сондай ақ басқа өлкелер ерекшеліктерін, региондар мен мемлекеттердің ішкі айырмашылықтарын танып білу, өлкетану бойынша саяхаттар арнайы жолдамалар, яғни туристік кәсіпорындардың коммерциялық негізде ұйымдастыруымен жоспарлы түрде немесе ұйымдар мен мекемелердің басқа тиісті орындармен келісу, шарт жасау негізінде өз бетінше ұйымдастыру арқылы өткізілуі мүмкін. Саяхаттар мен жорықтарды ұйымдастыру кезінде,өлкетану бойынша да, арнайы қажетті құжаттар дайындалады.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Мектептік өлкетану дегеніміз не?
2. Өлкетануды зерттеудің негізгі әдістері?
3. Өлкетанудағы жорықтарды ұйымдастыру формасының ерекшелігі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.
Тақырыбы10 (жұма 10) Өлкетанудағы физико-географиялық зерттеулері. Негізгі әдістерімен кешендік физико-географиялық өлкетанудың негіздері.
Мақсаты: Өлкетанудағы физико-географиялық зертеулер ме негізгі әдістеріне сипаттама беру.
Жоспар:
1 Физика-географиялық зерттеулерді жүргізудегі кезеңдері.
2 Геологиялық зерттеулер, тау жыныстарының түрлері.
Негізгі ұғымдар: Астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия, минерология, петрография, геотектоника, сейсмология, вулканология, тарихи геология, стротография, палеонтология, палеогеография.
Физика-географиялық зерттеулерді жүргізудегі кезеңдері.
1. Дайындық кезеңі – бұл кезең болашақ жұмыс аумағының зерттелуі үшін дайындық кезеңі болып табылады. Оны зерттеу үшін: а) әдебиет көздері, б) картографиялық материалдармен танысу.
2. Далалық зерттеу кезеңі – бұл кезең маршруттық түсірілімдермен кескіндерді сызу, өлшеу, бақылау, үлгілерді жинау жұмыстарын жүргізеді.
3. Жиналған матнриалдарды жүйелеу үлгілерді тау жыныстарын, топырақ, өсімдіктерді қарастырып, талдап, жүйелі кешенді карта және кескіндер құрастырылады.
4. Аудандардың физико-географиялық сипаттамасы – жедің еографиялық жағдайы, тектоникалық және геологиялық құрылымы және т.б. жатады.
Гелогия – жер бетінде, қыртысында жүретін процестерді, жердің қасиеті мен құрамын, жер қыртысы мен мантияның даму тарихын қарастырады. Геология Жер планетасының және оның беткі қатты қабықтары болып табылатын литосфера және жер қыртысы қабаттарының құрамы, құрылысы, жаралу тегі және дамуы жайлы терең де жүйелі мәліметтерді қамти отырып, жер бетінде кең тараған минералдар мен тау жыныстарын дұрыс анықтай білуді үйрету, геологиядан алған білімдерін планета келбетін дәйім өзгертіп жататын табиғи процестер болмысын дұрыс түсінуге машықтандыру мақсатын көздейді. Мақсаты: Студенттерге Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңде, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді.
Міндеттері:
Жер планетасының құылысын, қабықтарының құрамын, олардың ерекшеліктерін. Физикалық қасиеттері мен өлшемдерін;
Жер және жер қыртысы қабаттарының ерекшеліктерін, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты әдістерін;
Тау жыныстарының басты түрлерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін;
Бүгінгі күннің ең басты геотектоникалық парадигмасы – геосинклинальдар мен литосфералық плиталар тектоникасы концепциясының мәні мен мағынасын, мазмұнын білуі тиіс.
Жер қыртысын зерттейтін ғылымдар: Астрономия – жерді, планетаның жаратылыс, құрылымын, қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.
Физикалық география – жердің сыртқы пішінің жалпы мөлшерін зерттейді.
Геофизика – тау жыныстарының физикалық қасиеттері мен процестерін қарастырады.
Геохимия – жер қойнауында кездесетін әртүрлі химлық әдістерді зерттейді.
Геология ілімінің негізгі салалары:
Минерология – минералдадың саны мен сапасын, құрлысы мен құрамын физикалық химиялық қасиеттерін анықтайды.
Петрография – тау жыныстары мен құрамы мен құрылысын олардың пайда болу жүйесін анықтайды.
Геотектоника – жер қыртысыының құрылымдық элементтерін және оның деормациялық қозғалу заңдылықтарын қарастырады.
Сейсмология – жер сілкінудің қандай себептерден болғаның зерттейді.
Вулканология – вулкандық атқылау кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеулер арқылы магмалық әректетердің даму заңдылықтарын зерттейді.
Тарихи геология – жер қыртысының жалпы заңдылығын зерттейді.
Стротография – жер қыртсын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін және олардың құралу тарихын анықтайтын бөлім.
Палеонтология – ескі органикалық қалдықтардң сақталған жерлерін сақтай отырып олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды.
Палеогеография - өткен геологиялық дәуірде болатың жер бетінің физикалқ-геограиялқ өзгеру жағдайларын зерттейді.
Қорытынды: Өлкетану пәнінің қазіргі таңдағы ең маңызды пән екенін түсідіргім келді. Бұл пән туризм мамандығымен тығыз байланыста екенін, осы пән арқылы көптеген өлкенің тарихымен, табиғи ескеткіштерімен, әсем табиғатымен өз көзімізбен танысуға болатынын айтқым келді. Әрі мен өлкетану пәнінің түлері мен формаларына тоқталдым. Оның төрт түрі болады.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1.Геология ғылымы нені зерттейді?
2. Геология ғылымының салалары?
3. Тау жыныстарының түрлері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.
Тақырыбы 11 (жұма 11) Климатты зерттеу, климаттық көрсеткіштер материялын зерттеу. Метереологиялық байқау және алдын ала ауа райын белгілеу.
Мақсаты: Студенттерге метерология ғылымы туралы жалпылама мәлімет беру.
Жоспар.
1 Метеорология ғылымы мақсаты мен міндеттері
2 Метеорологияның басқа ғылымдаремн байланысы
3. Метеорологияның қысқаша даму тарихы.
Негізгі ұғымдар: Ауа-райы, климат, атмосфера, метеорология, синоптика, синоптикалық карта, жауын-шашын.
Климаттық зерттеулер туристік-өлкетанулық зерттеулерде маңызды рол атқарады.
«Ауа райы» мен «климат» ұғымдарын бөле-жара қарауға болмайды, өйткені бүлардың екеуі де атмосфераның күйіне жатады.
Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы, мысалы, тәулік ішіндегі (тәулік ауа райы) белгілі бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» үғымы өте маңызды, өйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды өзгерістерінің ең қысқа табиғи кезеңі. Бұл өзгерістерді – ауа райы элементтерінің: ауаның температурасы мен ылғалды-лығының, бұлттылықтың, жауын-шашынның, атмосфера қысымының, желдің тәуліктік барысын бақылай отырып, қадағалауға болады.
Климат дегеніміз де атмосфераның күйі, бірақ белгілі бір кеңістікке немесе түгелдей алғанда Жерге тән күйі. Атмосфераның осындай күйі туралы түсінікті оның алмасуларының заңдылықтарын, яғни ауа райы режимін анықтауға мүмкіндік беретін ауа райы туралы көп жылдық мәліметтердің негізінде ғана алуға болады.
Сонымен ауа райы мен климат өзара байланысты. Климат ауа райы арқылы қабылданады, ол ауа райынан қалыптасқандай болады. Ауа райы болса, белгілі бір климаттың фонында алып қаралады.
Атмосфераның күйі жеке алынған элементтер, мысалы, температура немесе жауын-шашын арқылы емес, олардың комплексімен сипатталады. Бұл комплексте ауа райының барлық элементтері өзара байланысты, әрі бұлардың біреуінің өзгерістері бүкіл комплекске әсер етеді. Біз ауа райы жеке элементтері бойынша емес, тұтас қабылдаймыз, мұнда элементтердің қайсысы болсын ең маңызды болып көріне алады. Организмдер, мысалы, бірдей ыстық ауа райын, бірақ бір жағдайда ылғалды, екіншісінде, құрғақ, желдің немесе желсіз т. б. ауа райын түрліше қабыл алады.
Ауа райын жүйелі түрде бақылап отыру, оны зерттеу бір тәуліктік ауа райының комплекстік типтерін бөлуге мүмкіндік береді. Әр тәуліктің ауа райын қайсыбір типке жатқызуға болады. Ауа райының типтерін үш улкен топқа; аязды 0° арқылы ауыспалы және аязсыз ауа райларына біріктіреді. Әрбір топта ауа райы бірнеше кластарға бөлінеді.
Аязсыз ауа райының тек орташа тәуліктік қана емес, сондай-ақ минимальды, 0°-тан жоғары ауа температурасы болады. Бұлар оң радиациялық баланс шарттарына (сирегірек нейтральды) сай келеді.
Аязсыз ауа райының кластары:
I. Құрғақты қуаңшылық (t 0сс >22°, гсс <40%) 2.; II. Қоңыржай құрғақшылық (t0cc >22°, гсс40-тер 60%-ке дейін).
III. Шамалы бұлтты.
Алғашқы үш кластың ауа райы тұрақты антициклонмен байланысты.
IV. Күндіз бұлтты. Күндіз фронт өткенде немесе жылы беттен ауа қызғанда пайда болады.; V. Түнде бұлтты. Фронт түнде өткенде немесе теңіздің беті қүрылықпен салыстырғанда жылы болғанда пайда болады.; VI. Жауын-шашынсыз бұлыңғыр.; VII. Жауын-шашынды бұлыңғыр (жаңбырлы).; VI және VII кластардың ауа райыңың шыққан тегі фронтальдық.; VIII. Ылғалды тропиктік (t °сс >22°, гсс >80%). Жылу мен ылғалдың молшылық жағдайларына тән.
0° арқылы өтпелі ауа райлары. Егер орташа тәуліктік температура оң болса, онда минимумды температурада теріс; егер орташа тәуліктік температура теріс болса, минимумды температура оң болады. Мұндай ауа райы әдетте өтпелі маусымдарда болады.
0° арқылы өтпелі ауа райының кластары.
IX. Күндіз бұлтты. Бұл ауа райы желді және жауын-шашынды фронттар өткенде жиі болады.; X. Күндіз ашық. Бұл жоғарғы қысым кезінде пайда болады. Біздің еліміздің оңтүстік аудандарында бұл жылдың суық кезінде болуы мүмкін.
А я з д ы а у а р а й ы. Бұлар үшін тіпті 0°-тан төмен максимумды температура тән болып келеді. Аязды ауа райы теріс рациональды баланс жағдайларына, кебінесе жоғарылаған атмосфералық қысым кезіне сай келеді.
Аязды ауа райының кластары.
X және XI. Әлсіз және шыңылтыр аяздар (t°cc 0°-тан– 12°, 4-қа дейін).
Күн радиациясының шағын теріс балансының жағдайларына сай келеді..
XII. Едәуір аязды (t °сс – 12°, 5-тан – 22°, 4-қа дейін).; XIII. Күшті аязды (t cc – 22,5-тан – 32°,4-қа дейін).; XIV. Үскірік аязды (t°cc –32°, 5-тан – 42°, 4-қа дейін).; XV. Өте-мөте аязды (t°cc –42°, 5-тан төмен) .
Ауа райының қарастырылған классификациясы адамдардың өмірі мен қызметіне бұлардың ықпалын ескере отырып жүргізілген және практикада пайдаланылып жүр.
Классификациядан ауа райын радңациялық балансқа қарай ғана емес, сондай-ақ қандай атмосфералық процестер – фронттың немесе ішкі массалық, яғни бір ауа массасымен байланысты процестердің басымдылығына қарай ажыратқан жөн болады (бұлар циклондарда да антициклондарда да болуы мүмкін, бір-ақ фронт бойынша емес).
Ауа райын болжау. Ауа райын зерттеудің практикалық маңызы орасан зор. Оны болжау халық шаруашылығының барлық салаларына керек. Ауа райын болжаумен синоптикалық метеорология деп аталатын метеорология бөлімі шүғылданады.
Ауа райының алдын ала айтылуы метеорологиялық және аэрологиялық станциялардың кең жүйесі бір мезетте жүргізетін жүйелі бақылаулардың негізінде ғана мүмкін болады. Ауа райы туралы мәліметтерді алу мен болжауларды жасау және бұларды мүдделі ұйымдар мен халыққа хабардар етіп жеткізумен шүғылданатын мекемелер ауа райы Қызметі ұйымына бірі-геді. Ауа райы Қызметі барлық елдерде дерлік бар. Республикалық, өлкелік және облыстық орталықтарда Гидрометеоқызметтің жергілікті басқармасына бағындырылған ауа райы Бюролары ұйымдас-тырылған. Ауа райы Қызметіне бірден-бір программа бойынша тәулігіне 00, 03, 0,6 т. б. сағаттарда Гринвич уақыты бойынша бір мезетте сегіз рет бақылау жүргізетін бірнеше метеорологиялық станциялар (синоптикалық метеорологиялық станциялар) енгізілген.
Метеорология жер атмосферасындағы жүретін физикалық прцестермен құбылыстарды және олардың жербеті, космопен байланыстылығың зерттейтін ғылым. Метерология грекше –жұлдыздар, бұлттар қозғалыста деген ұғым береді. Метерология ғылымы атмосфералық процесстердің басқаратын заңдылықтарды түсініп білу атмосфералық процестерді зерттеуде метерология негізге:
А) атмофералық құбылысты терең оып, зерттеу үшін міндетті түрде оның жер бетіне космостық ортамен байланытарың ескеру керек.
Б) атмофералық құбылыстарды түсіну үшін оның пайда болуы даму, ығысу, кету себептерін білу қажет.
В) атмофералық сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге ауысыу мүмкін. Мұндай өзгерістер секірмелі болады.
Г) атмофералық прцестердің дамуына қарама-қарсылық акторлардың әсері себеп болады.
Атмосфералық процестерді зерттеу үшін түрлі бақылаулармен өлшемдер жүргізіледі. Олардың нәтижелері талданып,қорытындыланып атмосфералық процестерге тән заңдылқтар белгіленеді. Зерттелген заңдардың практикалық маңызы зор. Себебі олар ауа-райын болжауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері уақыт өте келе өзгеріп отырады. Алғашқы кезде тек көзбен бақылау мен жер бетіндегі кейбір өлшемдер шамасын эпизодтық түрде жүргізді.
18 ғасырдан бастап метерологиялық бақылаулар сериялы түрде жүргізіле бастады. Дегенмен қолданылған приборлар бір текті болды.
19 ғасырдың 2-жартысында тәжірибелі синоптикалық карталар енгізіліп ірі масштабты прцестерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Синоптикалық картаға – радио немесе телеграф арқылы кодыланған метео-телеграммамен берілген өзінің бақылау пунктеріндегі ауа-райы туралы деректер шартты таңбалар мен цифрлармен түсіріліп отырды. Ауа-райының жереге таяу және биіктік карталар жасалады. Синоптикалық карталарда изобарлар, циклондар, антициклондар атмофералық фронттар түрлі ауа массалары жауын-шашынды облыстар көрсетіледі.
Қорытынды: ХХ ғасырда атмосфераны зерттеу радио-зонттар самолеттар, жасанды жер спутниктері, түрлі радиотехникалық құралдар ақылы жүргізіледі.
Жасанды спутниктер бүкіл жер бетіндегі ауа-райы туралы жол ашуға мүмкіндік берді. Спутниктік метерологиялық жүйе қалыптасты. ЭВМ рқлы метео информацияларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Метерология ғылымы ауа-райын басқару проблемас-жасанды су қоймаларын, орман алқаптарын, мелеоративтік шаралар жүргізу арқылы температура, жел, бұлт және жауын-шашын режимін өзгертуге болады. Жасанды түрде бұлтпен тұманды ыдыратып жауын-шашын шақыру жөнінде көптеген эксперименттер жүргізеді.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Метерология ғылымы мақсаты?
2 Зерттеу объектілері?
3 Метерология ғылымы мақсаты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
Тақырыбы 12 (жұма 12) Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары. Ботаникалық және зоологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары мен әдістерін. Ботаникалық және зоологиялық зерттеулер туралы жалпылама мәлімет беру.
Жоспар.
1 Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары.
2 Турист ботаникке қажетті жабдықтар
3 Турист зоологқа қажет аспаптар.
Негізгі ұғымдар: Фенеология, зоология, фауна, флора, , отантану, география, физикалық география, әлеуметтік-экономикалық география, туризм, туристік өлкетану, тарихи өлкетану, мектептік өлкетану, мемлекеттік өлкетану, қоғамдық өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия.
Турист ботаникке қажетті жабдықтар: қорапша, жалпақ пышақ, күрек, жазба дәптер, түсті карандаш, өсімдіктер анықтамасы.
Фенеология-табиғат заңдылықтарын маусымдық зерттеулері. Фенеологиялық
әдісіне көпжылдық бақылаулардың қайталануы жатады.
Турист зоологқа қажет аспаптар:
- суды және жер бетін мекендейтін жәндіктерді аулайтын аспаптар
- спирт, эфир, фармален және т.б.
- мақта, пинцепт, ине-жіп
- газет-қағаздар, жазба кітапша, жазу құралдары.
Өсімдіктерді бақылау үшін көктем мен жаз мезгілдеріндегі негізгі бақылау жүргізіледі.
климатқа тән болуы
топырақпен байланыстылығы
тұқымның себілуі
алғашқы жапырақтың шығуы
гүлденуі
түсінің өзгеруі
қурауы
Жануарлар типіне байланысты ірі жануарлар, жәндіктер, құстар болып бөлінеді.
тұқым беруі
ортаға бейімделуі
Осындай мол ресурстарды болашақ біздер бүкіл әлемге әйгілі етіп, дамытып, шетел валютасын тарту арқылы еліміздің экономикасын одан әрі даму деңгейіне жеткізуіміз керек.
Қазіргі таңда рекрациялық туризімнің дамуының ортақ тенденцияларын анықтай білу қажет. Оған келесі тенденцияларды жатқызуға болады:
-Рекрациялық сұраныс көп ауданға дем алу орындарын жақындыту.
-Азаматтардың аз уақыт ішінде дем алуына жағдай жасау.
-Ұлттық және табиғи парктерді ұйымдастыру, және де орман, гидропарктерді ұйымдастыру, себебі, бүкіл жыл мезгілдерінде туристер табиғатта активті дем алуы үшін.
-Жаңа демалу фрпмалары мен түрлерін ойлап табу.
-Туристік рекрациямен айналысатын фирмалардың қызметін жылдың барлық уақытында тұтынуға мүмкін ету керек.
Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Туризм дамуының күшті жақтары болып табылатындар: ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы), Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы. 2006 жылы облыста 55 туристік фирма тіркелген. Туризм дамуының басым бағыттарынан келіп-кету бағыттарын және ішкі бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Облысымызда болып қайтқан туристер негізінен Ресей Федерациясынан, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туыстарына барып қайту мақсатымен, іскерлік мақсаттармен, сондай-ақ демалу ж әне танымдық мақсатпен келді. Облыс аумағында 15 санаторийлер, емделу пансионаттары және демалу базалары жұмыс істейді. Қонақ үй шаруашылығы 38 қонақ үйінен тұрады, оның 5-уінің мейрамханалары бар, 16-сының мейрамханасы жоқ және 17-сі аз уақыт тұруға арналған. Объектілер санының өсуі және олардың толығуының тұрақтылығы байқалады. Облыс аумағында 670 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері, сондай-ақ туристік жағынан қызықты бірнеше ондаған бірегей табиғат объектілері орналасқан. Облыс шегінде бірнеше маңызды рекреациялық аймақтар айқындалған: Бұқтырма жағалауы, Сібе көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай ауданы және Риддер қаласына жақын аймақтар. Осы аумақтарда ТМД-ның ғана емес, алыс шетелдердің де көптеген туристерін қызықтыратын Кенді Алтай табиғатының негізгі көрікті жерлері орналасқан. Бұған қоса, бай табиғат және мәдениет әлеуетіне негізделген облыстың қазіргі заманғы туристік индустриясы халықаралық талаптарға сай емес және туристік саланың және туризммен аралас салалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.
Жоғарыда аталған рекреациялық демалу аймақтарының экологиялық жағдайының проблемаларын шешу байсалды қырдан келуді талап етеді. Мысалы, «Голубой заливтің» Орталық аймағындағы, Алакөл көлі мен Сібе көлдеріне жақын аумақтардағы антропогендік жүктеме өте жоғары және қоршаған ортаға айтарлықтай зиян әкеледі. Бұл аумақтарда көптеген құрылыстар санитарлық және су қорғау нормаларының талаптары ескерілмей тұрғызылған. Жер бөлу қатаң келісімсіз және құрылыстың бас жоспарлары әзірленбей жүзеге асырылған. Бұл жағдайды тексеру арнайы түгендеу зерттеулерін қажет етеді, соның негізінде осы аймақтар құрылысын қайта ұйымдастырудың бас жоспары әзірленетін болады, оларды пайдаланудың және жағдайды бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылатын болады. Осы бағытта біршама жұмыстар жүргізілуде.
Бұқтырма жағалауы, Алакөл көлі және Сібе көлдері рекреациялық аймақтарының сызбалары жасалды. Осы аймақтардағы жерлерді мемлекеттік қордан алып, рекреациялық мақсаттағы жерлер санатына жатқызу жүзеге асырылды. Құрылысты және оларды пайдалануды реттеу жөнінде шараларды қабылдау үшін осы аумақтардағы объектілерді түгендеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылды. ШҚО-да табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы қолда барларын ұтымды, ұқыпты игеру және оларды кейіннен ақылмен игеру және болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттілігінен туындауы қажет. Шығыс Қазақстан облысының табиғи кешені және оның құрамдас бөлігі, мәдени-тарихи ескеркіштері өзінің туристік мүмкіншілігі жөнінде бірегей. Географиялық және саяси ерекшелігіне байланысты ол экологиялық таза қалпын сақтап қалды. Шығыс Қазақстан аумағы шөлдерімен, даласымен, тайгасымен, тауларымен, өзендерімен, көлдерімен табиғи ландшафтар спектрімен бай.
Альпинистер мен тау туристеріне Белуха тауына саяхат ұсынылады. Туризмді дамыту жөніндегі негізгі бағыттар: экологиялық туризм, панта емі, саноториялық, қорықтарда болу (экосоқпағы), ауыл үлгісіндегі демалыс, альптурлар, рафтингтер, арнайы турлар: геологиялық, археологиялық, орнитологиялық. Катонқарағай ауданында туристарға радон ваннасын қабылдаумен денсаулық курсын ұсынатын «Рахман көздері» санаториясы, «Долина царей» пантамен емдеу демалыс базасы орналасқан. Зайсан ауданында туризмнің мына бағыттары әзірленген: шоп-турлар (Қытай), балық аулау туры, этнотурлар және маршруттар: сауыр тауларын, «Сауыр және Тарбағатай жоталарының тау етектерін» суретке түсіру; аңшылық турлар: «Қасқыр аулау», «Марал- тау ешкісі» құрама аңшылығы, Зайсантохты». Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыар-қаның оңтүстік сілемдерімен солтүстік щығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік шығысында солтүстік Тянь-Шаньнің (Ұзынқара) жотасымен және Күгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле Теріскей Алатауымен және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауының Айтау т.б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік батыста Балқаш қаласы арқылы Бетпақдала қиыршықтасты шөлді өңіріне ұласады.
Әнші құм - Іле өзенінің арғы жағында, солтүстік шығыс Алматыда таңғажайып табиғат құбылысы бар. Жұрттың айтуы бойынша бұл - Әнші құм. Ол ашық түсті құм түстерінен, сонымен қатар Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан бөктерінің көлеңкесінен ерекше түске ие болады. Құмнан тұратын таудың ұзындығы 1,5 км, ал биіктігі 120 м. Бархан Қалқан шатқалының ортасында орналасқан. Әнші құмды тамашалауға туристер жиі келеді, олар үшін барханның 2 және 3 төбелеріне шығу өте қызықты, өйткені бұндай биіктіктен Іле өзені мен Алатау тауларының таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.
Шарын каньоны Алматы облысының шығысында, Алматы қаласынан 163 км қашықтықта орналасқан. Каньонның аумағы 154 км. Осыдан 25 миллион жыл бұрын осы аймақты үлкен көл алып жатқан, кейіннен бұл көл тартылып, шатқалдық бүкіл тетіктерінен 200-300 м су шайып өткен. Бұл атақты Шарын өзені. Жалпы кантонның биіктігі 300 м, мұнда 300 миллион жыл өмір сүрген, сонау карбон кезіндегі жәндіктер қалдықтары бар. Сонымен қатар Шарын каньонын «Долина замков» те атайды.
Қазан үңгірі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орналасқан, бұл Шымбұлақ шаңғы базасынан 3 километр қашықтықта. Бұл үңгір Қазақстан территориясындағы ең үлкен үңгір болып есептеледі, оның ұзындығы 1390 км, ал ені 1-3 метр, биіктігі 8-10 метр. Қазан үңгір мореналары биіктеген сайын ені кішіреюде, оның кейбір жерлерінде мұзды қалыптасулар бар. Қазіргі кезде үңгір тұрғылықсыз болып табылады, бұған себеп оның орналасуы: теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте және қауіпті лавалы жерде орныққан, сондықтан бұл жерде туристік саяхаттар жасауға тиым салынады.
Қапал – Арасан санаторийі бұрынғы Талдықорған облысында орналасқан., нақтырақ айтатын болсақ ол Талдықорған қаласынан 300 шақырым жерде, Қапал деген ауылда орналасқан. Жалпы бұл демалыс орны облыстағы ең танымал санаторилердің бірі. Қапал – Арасанда тек қана әсем табиғат емес, сонымен қатар қазақтың емді сусындарымен емдеу әдістері жүреді. Санаторийде адамды физиологиялық қана емес сонымен бірге психологиялық тұрғыдан да қалпына келтіріп, сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда шұбат, қымыз, сүттен жасалған әртүрлі тағамдармен ем жұмыстары жүргізіледі.
Алма – Арасан санаторийі Алматы қаласында орналасқан. Жергәләкті санаториде халықтың емдеу салалары қолданылады. Жылына Алма – Арасанға тек Алматы облысынан 5000 жуық демалушылар келеді. Облыс ішіндегі ең танымал демалу орны болғаннан кейін, жоғарғы технологиялық шаралар, тәжірбиелер қолданылады.
Қорытынды: Қазақстанда рекрациялық туризм онша даму деңгейіне жетпеген. Бірақ мүлдем төмен деп те айта алмаймыз. Себебі Қазақстанның территориясының қай аймағына қарамасаң да рекрацияға қолайлы ресурстар табылады, бірақ сервистің қызмет көрсетуі халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келмейді. Егер дүниежүзілік стандарттарына жауап беріп жатса онда көптеген шетел валютасын тартуға мүмкіндіктер туар еді. Себебі Қазақстанның табиғаты басқа елдердікіне қарағанда таза да, жаңа және де емдік қасиеттері мол жерлері көп. Мәселен: Оңтүстік Қазақстан облысында: Сарыағаш, Барыс, Арман және тағы басқа, Көкшетау қаласы маңындағы көптеген рекрациондық аймақтар, Алматы облысы территориясындағы санаторилер барлығы-барлығы еліміз Қазақстанның дамына өз үлестерін аз да болса да қосып отыр.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары.
2 Турист ботаникке қажетті жабдықтар
3 Турист зоологқа қажет аспаптар.
4 Өз өлкелерінде табиғат ерекшеліктеріне мысал.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Туристский терминологический словарь
3. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
4. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
5. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.
Тақырыбы 13 (жұма 13) Өлкетанудағы экономикалық-әлеуметтік географиялық зерттеулер. Зерттеулердің мағынасымен мақсаттары.
Мақсаты: Студенттерге өлкетанудағы экономикалық-әлеуметтік географиялық зерттеулер. Зерттеулердің мағынасымен мақсаттары туралы жалпылама мәлімет беру.
Жоспар.
1 Экономикалық факторлар.
2 Әлеуметтәк факторлар.
Негізгі ұғымдар: Экономика, әлеуметтік-экономикалық география, туризм, саяхат, аралықтық саяхат.
Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:
нақты табыстың өсуі; табыстың тең бөлінуі; валютаның тұрақтылығы; тиімді конъюктуралық жағдай.
Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:
экономикадағы дағдарыс құбылыстары; өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау); валютаның тұрақсыз болуы;
тиімсіз конъюктуралық жағдай.
Елдің экономикалық дамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады
Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді.
Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.
Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.
Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.
Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшін қосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.
Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарлар ұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.
“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.
Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .
Қорытынды. Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық. Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар?
2 Туризм дамуына отеріс әсер тигізетін факторлар:
4 Экономикаалық факторлар?
5 Әлеуметтік-демографиялық факторлар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
Тақырыбы 14 (жұма 14) Халықты зерттеу. Этнографиялық, демографиялық және әлеуметтік аспектілері Шаруалардың жалпы сипаттамасы: құрылыстары, даму дәрежесі, қарқыны.
Мақсаты: Халықты зерттеу сипаттамалары, этнографиялық, демографиялық және әлеуметтік аспектілер, шаруалардың жалпы сипаттамасы: құрылыстары, даму дәрежесі, қарқыны жалпы негізгі түсінігіне сипаттама беру.
Жоспар.
1 Этнографиялық түсінік.
2.Әлеуметтік-демографиялық аспектілері.
3 Шаруалардың жалпы сипаттамасы: құрылыстары, даму дәрежесі, қарқыны.
Негізгі ұғымдар: Этнография, демография, сұраныс, урбандалу.
Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін пегізгі факторларды статикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи-географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ынғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеумеггік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар. Бүл факторлардың бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында озгеріп түруы мүмкін.
Халықаралық туризмнің дамуының табиғи-географиялық факторлары сүлу, бай табиғат, климат, жер бедерлерінің көрінісінен табылады. Табиғаттың жаратылысы бойынша рекреациялық шаруашылыққа дейін табиғи элеменггер мен кешендер алгашқыда рекреациялық іс-өрекеттің жағдайы ретінде болады. Рекреациялық сүраныстың пайда болуының арқасында оларга баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізілінеді, содан кейін туристік-рекреациялық ресурсқа өтеді.
Сол сияқты процестер әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық туристік-рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады.
Сүраныстың көбеюі және рекреациялық қүндылық мөлшерінің дамуы халықтың модени деңгейінің көтсрілуі пайдаланылатын объектілердің шеңберінің кеңеюіне әсерін тигізеді, олардың көбісі арнайы өндеуден өткенпен кейін экскурсиялық шараларға үсынылады.
Әлемдегі демографиялық факторлардың екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар жалпыға бірдей сипаты болды. Бүл кезеңнің ерекшелігі - әлемдегі, еуропалық елдердегі жөне дамушы елдердегі халықтың санының өсуі. Әлсмдегі халықтың санының өсуінің қарқынына тура сәйкес туристердің де санының өсетіндігін зерттеулердің нәтижссі корсетеді. Жердегі халықтың орналасуының жылдамдығы түтынушылар санын есіріп, туристік нарықты кеңеійтеді. Соңғы он жылдықтағы демографиялық жарылыс дамушы елдерде ғана болып жатыр, ондағы томенгі омір деңгейі, кедейшілік жалпы демалыс пен туризмді үйымдастырудың жолындағы басты кедергі болып табылады. Туристердің негізгі санын өсіріп отырған индустриясы дамыған елдерде оған керісінше, туудың төмендеуінен халықтың саны нашар осуде. Экономикалық және демографиялық өсудің полюс-терінің болуы әлемдегі туристік сүраныстың қалыптасуына территориялық теңсіздік туғызады. Халықтың жас қүрамы туристік сүранысқа елеулі әсерін тигізеді. Оркендеген Ьатыс елдерінде туристік сүраныс негізінен 30-50 жастың арасына келеді. Дегенмен, соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55-тен жоғары адамдардың да саны өсуде.
Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресс дөуірінде халқы өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализацияның басталуымен едоуір жылдамдады. Жер шарының түрғындарының жартысы қалаларға жиналған, оның саны өсе тусуде. Қазіргі ірі қала адам өміріне екі жақты осерін тигізеді. Бір жагынаи, адамдардың материалдық-техникалық, әлеуміттік-экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қша өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейеді. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбандалудың рөлі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның түрғындарының демалысты қаладан тыс жерде откізуге ынтасы соғүрлым жоғары болады.
Қорытынды: Халықаралық туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны — ұлттық табыс. Үлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың кебеюінің өзара байланыстылығы өбден қисынды және түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың кобеюі — адамның жақсы түрмысына ғана төуелді емес, сонымен қатар бос уақьптың үзақтығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еурола елдерінің кебінде адамдардың бос уакыты едәуір үзарды. Толенетін жылдық демалыстың үзаруы қазіргі болып жаткан ғылыми-техиикалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, ондіріске жөпе түрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық және психологиялық қысым туғызады жөне олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Белсенді демалыс — туризм арқылы, бүл мақсаттар жылдам және тиімді орын-далады.
Халықаралық туризмнің өсуіне өсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторларға жатқызуға болатындар: халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің жоғарылауы және эстетикалық талғамының өсуі. Әрине, халықтың ондай талгамдары туристік саяхаттар кезінде ғана толықтырылады.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Этнографиялық зерттеулерге сипаттама?
2.Әлеуметтік-демографиялық аспектілердің негізін атаңыздар?
3.Шаруалардың жалпы сипаттамасы: құрылыстары, даму дәрежесі, қарқыны?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.
Тақырыбы 15 (жұма 15) Тарихи және мәдени ескерткіштер. Археологиялық ескерткіштерді қорғау.
Мақсаты: Траихи және мәдени ескерткіштердің түрлері мен ескерткіштерге сипаттама беріп, тарихи өлкетанудағы археологиялық зерттеулердің маңызын түсіндіру.
Жоспар.
1 Туристік тарихи – мәдени ескерткіштер түрлері.
2 Тарихи – мәдени ескерткіштердің қорғалуы.
3 Тарихи географиялық ізденістер.
4 Археологиялық зерттеулердің мәні және археологиялық ескерткіштерді қорғау.
Негізгі ұғымдар: Тарихи ескерткіштер, өнер ескерткіштері, архитектуралық ескерткіштер, археологиялық ескерткіштер, тарихи-мәдени ескерткіштер.
Туристік әдебиетте тарихи – мәдени ескерткіштерге жататын негізге ескерткіштер түрлері:
тарихи ескерткіштер – ғимараттар, ескерткіш орындары. Яғни олар тарихи оқиғалармен байланысты сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің дамуымен, азаматтық және Ұлы Отан соғысымен, ғылым мен технологияның дамуымен, еңбек сіңірген саясаткерлер өмірімен, халық қаһармандарымен, әдебиетпен өнердің дамуымен байланысты ескерткіштер.
өнер ескерткіштері – монументтік, бейнелік, декоротивтік - қолданбалы шығармалар және өзге де өнер түрлері.
архитектуралық ескерткіштер - өнеркәсіптік, әскери, мәдени және кешендік архитектуралар, тарихи орталықтар, көшелер сонымен қатар кварталдар, ежелден қалған қалалар мен жергілікті жерлерден қалған аяқталмаған құрылыс жоспарлары жатады.
археологиялық ескерткіштер – қалашық, қорғандар, ежелгі тұрғындардың жерлері, өндірістер, каналдар, жолдар, ертедегі мәйіт орындар, жартастағы бейнелер, ежелгі құрал – саймандар.
Тарихи және мәдени ескерткіштерге - саяхат барысында жолықтыруға болатын тарихи – ғылыми обьектілер мен өзге де мәдени бағалық құндылықтарды жатқызуға болады
Сонымен, мәдени ескерткіштерге ғылым, әдебиет, өнер саласында аты көпшілікке мәлім болған тұлғалардың ескеркіштерін айтуға болады. Ескерткіш орындары танымал тұлғалардың туып - өскен, оқыған, олардың шығармашылық – қоғамдық қызметтері өткен жерлер.
Тарихи – мәдени ескерткіштердің негізгі құрамдас бөлігі арнайы күзеттерге алынған. Қазақстанда 1990 жылдары ескерткіштерді қорғау туралы 3 заң сонымен қатар 300-ден астам заңнамалық актілер қабылданған болатын.
1) тарихи-мәдени мұра - мемлекеттiк маңызы бар және осыған орай өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз тек қана Қазақстан Республикасына тиесiлi болатын тарихи-мәдени құндылықтар жиынтығы;
2) тарихи-мәдени мұра объектiлерi - кескiн, мүсiн туындыларымен байланысты, соның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен байланысты жылжымайтын мүлiк объектiлерi; сәндiк-қолданбалы өнер объектiлерi; ғылым мен техника объектiлерi және материалдық мәдениеттiң тарихи оқиғалар нәтижесiнде туындаған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, этнология немесе антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысында құндылығы бар өзге де заттары; тарихи-сәулет, көркемдiк, ғылыми және мемориалдық жағынан құнды, елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн ерекше маңызы бар объектiлер. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi осы Заңға сәйкес мынадай түрлерге бөлiнедi: қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi; археология ескерткiштерi;
3) археология ескерткiштерi - қала орындары, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң орындары, арналардың, жолдардың сiлемдерi, ежелгi көму орындары, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, көне заттар, ежелгi елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi;
4) қала құрылысы мен архитектура ескерткiштерi - сәулет ансамбльдерi мен кешендерi, тарихи орталықтар, махаллалар, алаңдар, көшелер, ежелгi жобалар мен қалалар құрылыстарының және басқа да елдi мекендердiң орындары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсiп, әскери, ғибадат ету сәулетiнiң, халық сәулетшiлiгiнiң құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтiк сәндiк, қолданбалы және саяжай-бақ өнерiнiң туындылары, табиғи ландшафтар;
5) тарих және мәдениет ескерткiштерi - аталған құрылыстармен, үйлермен және ғимараттармен тарихи орныққан аумақтары бар жекелеген құрылыстар, үйлер мен ғимараттар, тарихи, ғылыми, көркем және өзге де мәдени құндылық болып табылатын мемориалдық үйлер, махаллалар, мазарлар, кесенелер мен жекелеген жерлеу орындары, монументтiк өнер туындылары, Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлген және реставрациялаудың әлеуеттi объектiлерi болып табылатын тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, археология ескерткiштерi, ғылым мен техника объектiлерi, антропология, этнография, фольклор, нумизматика, эпиграфика, фотосурет материалдары, кинофильмдер, әдебиет пен өнер туындылары, мұрағат, қолжазба құжаттары, манускрипт кiтаптар, көне құнды және сирек кездесетiн басылымдар, жәдiгерлер мен мемориалдық сипаттағы заттар;
Әлем жұртшылығы тарихы деректері мен мүраларға қашанда үлкен қызығушылыкпен , құлшыныспен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын тірейді. Мәселен, Мысырдың пирамидаларын немесе Ұлы Қытай қорғанын көру кедесінде сұлулыққа деген құштарлығы бар жандардың барлығының армны болар. Ал, жеке заттардың да құны , бағасы жылдан – жылға артып келеді. Мысалы, әйгілі суретші Леонардо да Винчидің «Джокондасы» әлі күнге дейін сақтандырылмаған екен. Оның басты себебі картина құнының жоқтығы екендігі бізге бұрыннан мәлім.
Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары , зираттар, мешіт- медреселер байтақ Отанымыздың түпкір- түпкірінен табылған.
Ал, Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс –жақын елдердің барлығы елең еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлк алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр- сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды. О ңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адамның» табылғаны жөнінде екінің бірі біле бермейтіні анық. Бұл сөзіміздің растығын дәлелдеу үшін олар жайлы да мәлімет бере кетейік. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
Ал, үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде.
Міне, сонымен күні бүгінге дейін бір емес үш « Алтын адам» табылғанынан хабардар болдыңыздар. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.
Өлкетанулық зерттеулердің негізгі ақпарат көзі болып, тарихи құбылыстарды және тарихи процестерді терең тануға мүмкіндік беретін архивтік құжаттар болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы архивтік қорлар құрылады. Архивтік қор деп – мемлекеттік, саяси, ғылыми, шаруашылық мәдени құжат материалдарының кешені.
Біртұтас мемлекеттік архивтік қорының материалдары архивтік мекемелерде ұйымдастырылған. 1922 жылдың қаңтар айында Қазақстанның орталық мемлекеттік архиві (ОМА) ұйымдастырылды.
Қандай да бір өлкетану зерттеу жұмысында таңдалған тақырып бойынша жалпы және жергілікті әдебиеттерді мұқият қарастыру қажет. Қандай құжаттардың қолданғанын ескеріп, сонымен қатар мақсатты жүзеге асыру үшін қандай құжаттар енгізілу керектігін есепке алу керек. Біріншіден, керекті материалды таңдау үшін архивті анықтау керек. Ізденіс барысында сақтау бірлігінің тақырыпшалары олардың мазмұнын ашады. Өлкетану тарихиында ақпараттарды археологиялық ескерткіштерден алады. Өлкетану тарихын зерттеуде топонимика маңызды роль атқарады.
Топонимика — география, тіл білімі, тарих тағы басқа ғылымдар деректерінің нәтижесінде дамып келе жатқан жаңа ғылым саласы. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Топонимика - өлке территориясындағы жер – су, елді мекендер аттарының шығу тегі талданып қаралады, зерттеледі.
Тарихи географиялық ізденістер бойынша орындалатын бақылау, зерттеу жұмыстарының келесі үлкен тобы белгілі бір өлкенің, онда мекендейтін халықтардың тарихы, тарихи аңшылар, археологиялық орындар, тарихи ескерткіштер. Материалдар жиналатын археологиялық орындар көбіне көне қалалар қалдықтары, қорғандар, ескі кен орындары, жартастардағы бейнелер т.б. түрінде болуы мүмкін.
Өлкетанудың тарихи тақырыптар бойынша зерттеу нысандарының келесі тобы – тарихи ескерткіштер (мазарлар, мешіттер, көне құрылыс орындары, минареттер, шіркеулер, храмдар, монастырлар, синагогтар, пагодалар т.б) өлкетану бойынша зерттеулерде кешенді тарихи орындар ерекше маңызға ие болады. Ондай жерлерге архитектуралық ансамбльдер, тарихи орындар орталықтары, көне қалалар кварталдары, көне алаңдар, көшелер тобы жатады.
Қорытынды: Тарихи географиялық тақырыптағы зерттеу жұмыстарына сондай – ақ белгілі бір территорияда тарихи кезеңдерде болған, халықтың өмірімен тығыз байланысты болған оқиғалар жайлы деректер жинау, тарихи – мемориалдық орындарды анықтап, тіркеу ( Солтүстік Кавказдағы Пушкин мен Лермонтов өмірбаянына байланысты, Қазақстанның Алматы облысындағы Ш.Уәлиханов есімімен байланысты орындар т.б) тарихи өлкетану мұражайларындағы экспонаттармен танысу т.б жатады. Жалпы айтқан кезде, тарихи тақырыптар бойынша зерттеу, бақылау, деректер, материалдар, экспонаттар жинаумен айналысатын өлкетанудың жеке арнайы түрі бар. Ол тарихи өлкетану деп аталады. Жоғарыда айтылып, көрсетілген міндеттер мен атқарылатын жұмыстар осы тарихи өлкетануға тән.
Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:
көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;
тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;
әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;
әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Туристік тарихи – мәдени ескерткіштер түрлері мен нысандары атаңыз?
2 ҚР тарихи – мәдени ескерткіштердің қорғау заңы?
3 Археологиялық зерттеулердің мәні?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.
2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005
2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
3.Туристский терминологический словарь
4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998
5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.
6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.