Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к РГР по ТИ каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆

1.2 Егж тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар

Әр есептің шығарылуын тапсырманың тақырыбына қатысты берілген теориялық материалмен танысудан бастау қажет. Бұл жағдайда ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі оқу құралдары көмектеседі. Тапсырмаларды шығару жолын көрсете отырып, алынған нәтижелерді талдап орындау керек.

Тексерілген жұмыс қорғалуы тиіс. Қорғауға өткеннен кейін студент мұғалім белгілеген күні жұмысты қорғау керек. Қорғау үшін студент мұғалімнің көрсеткен қателіктерін дұрыстау қажет, есептің толық шығарылу жолын түсіндіре алу керек, есептеу формулаларының дұрыс қолданылуын және оған кіретін символдардың мәнін білу керек.

ЕГЖ қорғау кезінде әр студент есептің шығарылуын түсіндіруге дайын болуы тиіс.

Қате, толық емес немесе басқа нұсқамен орындалған ЕГЖ қабылданбайды және қайта орындау үшін немесе толықтыру үшін қайтарылады.

1.3 ЕГЖ-ны өңдеуге қойылатын талаптар

Есептеу – графикалық жұмыстың түсіндірмелік жазбасы оқу жұмыстары бойынша фирмалық стандартқа сәйкес құрастырылады және өңделеді.

1.3.1 Есептеу – графикалық жұмыс А4 форматтағы ақ параққа немесе тор көзді қағазға орындалады. Ол ұқыпты сәнделу керек, мәтін парақтың бір жағында анық жазылған немесе басылған (компьютерлік теру) болу керек. Парақтың екінші жағы тексеріс жұмысы нәтижесінде түзетулер мен толықтыруларға арналған.

1.3.2 Әрбір тапсырманың басында есептің шарты және өз нұсқасының бастапқы мәндері беріледі.

1.3.3 Тексттің беттері, суреттер, кестелер және формулалар нөмірленеді. Есептердің дұрыстығын тексеру үшін олардың шығарылуы толық келтіріледі және керек түсініктемелер жазылады.

1.3.4 Есептеу формулалары толық күйде жазылады. Барлық сандық мәндер тек негізгі бірліктерде келтіріледі.

Жұмыс мәтінінде есептің шығарылуының қысқаша түсініктемесі, сонымен қатар келтірілген формула, сұлба, теориялық материалдар үшін қолданылған әдебиеттерге сілтеме болу қажет.

Егер есептік – графикалық жұмыс келтірілген талаптарға сай орындалмаса, қайта орындауға беріледі.

2. ЕГЖ -ның тапсырмалары және әдістемелік нұсқауы

2.1 №1 Тапсырма

1 тапсырма

Бірінші ретті қателіктерді түзейтін Хемминг кодының кодері мен декодерінің құрылымдық сұлбасын салу.

Орындау қажет:

а) (n, k) кодының параметрлерін табу: минималды кодалық арақашықтық d0, r кодтың тексеру элементтерінің минималды қажет саны, ол ақпарат элементтерінің берілген k (2 кесте) санына байланысты берілген кодалық арақашықтықты қамтамасыз етеді және n түзетуші кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы.

б) Q (0,1) (2 - кесте) қарапайым кодтың берілген кодалық комбинациясына байланысты Хэмминг кодының F(0,1) кодалық комбинациясын құру.

в) Хэмминг кодының құрастырылушы (туатын) және тексеруші матрицасын, сонымен қатар әртүрлі разрядтағы бірінші ретті қателікке сәйкес синдром матрицасын құру.

г) Синдромды анықтау әдісімен декодалау үшін бірінші ретті қателікті түзеу режимінде жұмыс істеу кезінде қабылдағышта i-ші разрядта (2 кесте) бірінші ретті қателіктер түзелетінін тексеру және қателіктер табу режимінде жұмыс істеу кезінде i-ші және j-ші (2 кесте) қателіктер кезінде екінші ретті қателіктер табылатынын тексеру.

д) берілген кодтың кодер сұлбасын құру.

е) бірінші ретті қателікті түзеу режимінде жұмыс істеу кезіндегі берілген кодтың декодер сұлбасын құру.

ж) Хэмминг кодының (б пункты) құрылған кодалық комбинациясы негізінде үшінші ретті қателіктерді табатын немесе екінші ретті қателіктерді табатын және біруақытта бірінші ретті қателіктерді түзейтін минималды кодалық қашықтығы Хэмминг кодының кодалық комбинациясын құру.

з) Хэмминг кодының тексеру матрицасын құру.

и) минималды кодалық қашықтығы Хэмминг кодының кодалық комбинациясы үшін қателіктерді табу және түзеу режимінде жұмыс істеу кезінде i-ші разрядта бірінші ретті қателіктер түзелетінін және біруақытта екінші ретті қателіктер табылатынын (кодалық комбинацияның i-ші және j-ші разрядтарянда) тексеру.

1-к е с т е. Берілген мәндер

Нұсқаның соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кодалық комбинацияның бірінші жартысы

10

110

0010

00011

01

011

1000

11011

101

10010

Қателік i разрядтары j

1

2

3

5

4

2

4

6

5

7

3

5

6

7

1

3

2

4

3

6

Нұсқаның соңғы санының алдыңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кодалық комбинацияның екінші жартысы

10

111

1001

10110

11

101

1010

01010

1111

10000