Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Айрықша – особенно

Арнайы – специальное

Бауырымен жорғалаушылар– пресмыкающиеся

Егіс егу – сеять посев

Жабайы аңдар – дикие животные

Жарық көру – опубликоваться

Жою – уничтожать

Қаупі – опасность

Қызғалдақ – тюлпан

Қырықу – стричь

Мекені – местопребывание

Омыртқалы жануарлар – позвоночные

Өзгеру – изменяться

Өртеу – поджигать

Сирек – редко

Сүткоректілер – млекопитающие

Хайуанаттар – животные

Шара қолдану – принимать меры

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. "Қызыл кітап" деп неге аталған?

  2. "Қызыл кітап" қанша бөлімнен тұрады ?

  3. Қазақстанның "Қызыл кітабына" кірген жануарлар мен өсімдіктерді атаңыздар ?

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

  1. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты ... 2. Ормандағы ағаштарды қырқып, өртеп, орына егіс екті ... 3. Кітапқа кең байтақ даламызды мекендейтін, саны сирек жойылып кету қаупі бар …4. Бұл «Қызыл кітап» ... 5. Екінші «Қызыл кітапта» (1981) …

5. Мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

10 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Туған жерге саяхат

Сабақтың тақырыбы: Өз өлкеңді таны

1. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы.

Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу, жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Әдіс қолдану – использовать прием

Бұлақ – родник

Ғажап – удивительно

Ем – лечение

Емдеу-сауықтыру – лечебно-оздоровительные

Емдік балшығы – целебная грязь

Көрікті – красивый

Күн сәулесі – лучи солнца

Күш-қуат – сила-мощь

Қалпына келтіру – восстанавливать

Қолайлы – благоприятный

Нашарлаған – ослабевший, ухудшенный

Тынығу – отдыхать

Шаршау – утомляться, уставать

Шипалы су – целебная вода

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Демалыс үйлер қандай жерлерде салынған?

2. Қазақстанның қандай санаторияларды білесіндер?

3. Курорт-санаторий жүйелерін дамытуы немен байланысты?

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде ... 2. Қазір Республикамызда ... 3. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге ... 4. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге ... 5. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері ...

5. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Әдіс қолдану, ғажап, көрікті, қалпына келтіру, қолайлы, шаршау

6. Мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

11 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Туған жерге саяхат

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті жерлері (Алакөл)

1. Мәтінді оқыңыз.

Алакөл - Семей, Талдықорған облыстарының аралығындағы Балқаш-Алакөл қазан шұңқырында, теңіз деңгейінен 343 м биіктікте жатқан ағынсыз, тұзды көл. Көлемі - 2650 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 шақырым, ені 52 шақырым. Орташа тереңдігі - 22 метр. Көлдің дәл ортасында үлкен және кіші Арал төбе бар. Алакөлге Үржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды.

Алакөлде ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері - жылы, көгілдір тұсы - салқындау. Алакөл аталуы да осыдан. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Жылы болғандықтан да жұп-жұмсақ.

Алакөлден сазан, көкбас, алабұға балықтары ауланады. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.