Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
545.28 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Академиялық дәреже – акдемическая степень

Аяқтау – завершить

Беріледі – выдается

Жинау – собирать

Қорғау – защищаться

Қорытынды – заключение

Мәселе – вопрос

Міндетті – обязанный

Нәтиже – результат

Оқу – учеба

Сәтті – успешно

Тапсыру – сдавать

Тиіс – должен

Үздік – отлично

Шарты – условие

Шешілу – решаться

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бакалавриатта оқу мерзімі мен пәндерінің саны қанша?

2. Бакалавриатта оқуды аяқтағанша студент қанша кредит жинауға тиісті?

3. Мемлекеттік қорытынды аттестациясы қандай мәселені шешеді?

4. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Аяқтау, беріледі, жинау, қорытынды, нәтиже, сәтті, шарт

37 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Ғылым мен техника

Сабақтың тақырыбы: Ғылым инновациялық экономиканың негізі

1. Мәтінді оқыңыз.

Ғылым мен инновация қатар жүретін екі басымдық. Бизнесті ғылым мен инновацияға қалай тарта алатындығымыз ашып көрсетілетін арнайы бағдарлама әзірлеу керек.

Қазақстанда инноваторлар үшін қолайлы орта құру қажет. Бұл үшін әлемдік үздік тәжірибелерді тереңірек зерттеп, еліміздің ерекшеліктеріне шақтау керек. Инноваторлар өз әлеуеттерін іске асыра алуы үшін ел ішінде қажетті ортаны, ғылым мен бизнес-қауымдастықты қалай құру керектігін әлемдік тәжірибеден көре аламыз. Инновация - тез құбылмалы дүние. Бүгін жаңа көрінген дүние ертең тарихи жәдігерге айналып шыға келеді. Технология атаулы бүгінде жылдам қауымдастықты қалуда. Сондықтан ұзақ мерзімді әлеуеті зор технологияларға инвестиция салған жөн.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Әзірлеу – подготовить

Әлеуетті – потенциальный

Басымдық – превосходство

Дүние – вещь

Жәдігер – памятник

Қатар жүретін – идущие рядом

Қауымдастық – ассоциация

Қолайлы – подходящий

Құбылмалы – изменчивый

Құру – установить

Тартып алу – втянуть

Тәжірибе – опыт

Шақтау – подходящий

Іске асыру – осуществить

3. Мәтіннің жоспарын құрыңыз.

4. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Әзірлеу, қолайлы, құбылмалы, тәжірибе, іске асыру.

5. Мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

38 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Ғылым мен техника

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

1. Мәтінді оқыңыз.

«Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдылықтың бірі – осы замаңғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет». Сондықтан да Алматыны инновациялар мен жоғарғы технологиялар орталығына айналдыру басты басымдылықтардың бірі ретінде жоспарға кірген. Алматыда инновациялық технологиялырды дамыту қазіргі замандағы әлемдік бәсекелестіктен қалып қоймауға негіз болады.

Осы орайа 2003 жылы 18 тамыздағы Қазақстан Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлығына сәйкес Алматы қаласы Медеу аудынының аумағына кіретін Алатау кентінде Ақпараттық технологиялар паркі құрылды. Бүгінде Alatay Ht City деп аталатын жүрген бұл арнайы экономикалық аймақ Алматыдан 25 шақырым және әуежайдан 7 шақырым жерде орын тепті.

Алматы қаласы енді компьютер және нанотехнологиялар бойынша тереңдей дами береді. Бұл ретте қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату мақсаты жүзеге асырылады. Сөйтіп біздің қаламыз республикадағы IT – бағыттың әрмен қарай дамуына да даңғыл жол ашпақ.