Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аз тар 35.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
825.86 Кб
Скачать

15. Хі ғ. Әлеуметтік топтардың қоғамдық санасы мен саяси тұжырымдары көрініс тапқан еңбек:

A) Қадырғали Жалайридің “Жәмиғат-тауарихы”.

B) Мұхаммед Хайдардың “Тарихи Рашиди”.

C) Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрікі”.

D) Йассауидің “Диуани хикметі”.

E) Баласағұнның “Құтты білігі”.

16. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды ақын-жырау.

A) Тәтіқара.

B) Бұқар жырау.

C) Асанқайғы.

D) Үмбетей.

E) Доспамбет жырау.

17. Бұқтырмада дәрігерлікпен айналысқан желтоқсаншы.

A) Ф.Достоевский.

B) М. Сперанский.

C) С.Семенов.

D) Г.Батеньков.

E) М.Муравьев- Апостол.

18. 1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары

A) Молдалар Рысқұлұлы, Досұлы.

B) Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

C) Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

D) Сұлтан Хангали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы.

E) Бекметұлы, Майұлы.

19. 1918 жылы алғашқы кеңестік үлгілі қазақ кавалеристік полкі қайда құрылды?

A) Жетісуда.

B) Ақмола облысында.

C) Орал облысында.

D) Торғай облысында.

E) Бөкей Ордасында.

20. Жер-су реформасын жүргізген уақыт аралығы:

A) 1922-1923 жж.

B) 1924-1925 жж.

C) 1920-1921 жж.

D) 1921-1922 жж.

E) 1923-1924 жж.

21. Түрксіб жоспарда белгіленген 5-жылдың орнына салынып бітті:

A) 2 жылда.

B) 6 жылда.

C) 8 жылда.

D) 3 жылда.

E) 7 жылда.

22. Ұжымдастыруға қарсы «Көтеріліс бандалары» аталған қылмыстық істерді қараған орган:

A) Трибунал.

B) Жергілікті соттар.

C) Би және қазылар соты.

D) Соттан тыс “үштіктер.”

E) Республикалық жоғары соты.

23. 1940 жылдың басына қарай 9 айға толмайтын уақыт ішінде халықтық құрылыс әдісімен салынған 806 шақырым болатын жол торабы:

A) Ақмола – Қарқаралы.

B) Ақмола – Қарағанды.

C) Ақмола – Қарталы.

D) Ақмола – Қаратау.

E) Ақмола – Қарғалы.

24. 1985-1991 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы:

A) Жаңа экономикалық саясат.

B) Жаңа бағыт.

C) Қалпына келтіру.

D) Тоқырау.

E) Қайта құру.

25. XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі:

A) Маңғыстау.

B) Орта Азия.

C) Сырдария қалалары.

D) Сарыарқа.

E) Балқаш маңы.

26. «Бір адамға» атты өлеңнің авторы:

A) С. Дөнентаев

B) Ш. Құдайбердіұлы

C) М. Дулатов

D) С. Торайғыров

E) А. Байтұрсынов

27. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы:

A) А. Байтұрсынов.

B) Ә. Бөкейханов.

C) М. Шоқай.

D) С. Сейфуллин.

E) Т. Рысқұлов.

28. Қазақстан колхозшылары неміс басқыншыларынан азат болған Украинаға 1945 жылы көмекке не жіберді?

A) Азық-түлік.

B) Көкөніс.

C) Мал.

D) Киім.

E) 500 трактор, 140 паровоз.

29. 1964 жылғы КОКП ОК пленумында А.С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасаған:

A) А.Н. Шелепин.

B) А.Н. Косыгин.

C) П.Н. Игнатов.

D) М.А. Суслов.

E) Л.И. Брежнев.

30. Халыққа Жолдауында (Қазақстан-2030) ел Президентінің белгілеген көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі:

A) Техникалық жағынан жаңарған өндіріс, еңбек өнімділігінің артуы, саяси пікірдің әр алуандылығы.

B) Фермерлік шаруашылық, тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

C) Фермерлік шаруашылық, өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, тұрақтылық.

D) Ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

E) Өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, еңбек өнімділігінің артуы, әлеуметтік шындық.

15 нұсқа

1. Ұқсастықтарына қарай ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер» деп атаған:

A) Сақтарды.

B) Қимақтарды.

C) Наймандарды.

D) Арабтарды.

E) Қыпшақтарды.

2. Отырар билеушісі Қайырдың монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі:

A) Халықтың көтеріліске шықпауы.

B) Қорғаныстың нашар болуы.

C) Қамалдың нашарлығы.

D) Әскери күшінің әлсіздігі.

E) Өзі жақтастарының сатқындығы.

3. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп 1913 жылы жазған қазақтың зиялы азаматы:

A) Тоқаш Бокин.

B) Бекболат Әшекеев.

C) Ахмет Байтұрсынов.

D) Әліби Жангелдин.

E) Амангелді Иманов.

4. Ұлы Отан соғысы жылдары Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры:

A) Қасым Аманжолов.

B) Рақымжан Қошқарбаев.

C) Талғат Бигелдинов.

D) Қасым Қайсенов.

E) Нұркен Әбдіров.

5. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылғы желтоқсанның 21-інде қай қалада дүниеге келді?

A) Ашхабадта.

B) Минскіде.

C) Мәскеуде.

D) Ташкентте.

E) Алматыда.

6. Нуклеустен алынған өткір тіліктер қолданылды:

A) Қасық ретінде.

B) Пышақ ретінде.

C) Қайрақ ретінде.

D) Тарақ ретінде.

E) Балға ретінде.

7. Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қай малдың саны көбейді?

A) Түйе.

B) Шошқа.

C) Ешкі.

D) Қой мен жылқы.

E) Сиыр.

8. Ноғай ордасында мұрагерлік билікті иеленгендер:

A) Ноян.

B) Ұлыс бегі.

C) Бек.

D) Князь.

E) Беклербек.

9. Қазақ хандығының құрылу барысы қай екі мемлекеттердің ішкі саяси жағдайымен байланысты болды?

A) Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның.

B) Ноғай ордасы мен Ақ Орданың.

C) Моғолстан мен Ноғай ордасының.

D) Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының.

E) Ақ Орда мен Темір ұрпақтары мемлекетінің.

10. 1854 жылы Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы:

A) Алматы.

B) Есік.

C) Жетісу.

D) Үргеніш.

E) Ұзынағаш.

11. ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал:

A) «Степной край».

B) «Қазақ».

C) «Айқап».

D) «Түркестанский вестник».

E) «Дала уәлаятының газеті».

12. «Түрксібке» жәрдемдесу комиссиясын басқарған, ХКК-нің төрағасы:

A) С.Сәдуақасов.

B) Н. Нұрмақов.

C) Шотов.

D) Т.Рысқұлов.

E) О.Жандосов.

13. 1943 жылы жарық көрген "Қазақ КСР тарихы"атты еңбектің авторларының бірі:

A) Е. Ысмайылов.

B) М. Әуезов.

C) Ә. Марғулан.

D) Е. Бекмаханов.

E) Қ. Жұмалиев.

14. Қарағанды облысы Теміртау қаласында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық болған жыл:

A) 1959

B) 1961

C) 1960

D) 1958

E) 1957

15. Зороастризм дінін VІ-VІІ ғ.ғ. Қазақстан қалаларында таратқан:

A) Индустар.

B) Арабтар.

C) Түріктер.

D) Қытайлар.

E) Соғдылар.

16. 1718 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:

A) Қайып хан.

B) Тәуекел.

C) Есім хан.

D) Әбілқайыр хан.

E) Шығай хан.

17. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:

A) Патша үкіметінің отарлық саясатын тоқтату.

B) Патшаның салық жинау саясатына қарсы шығу.

C) Хандар тұқымына жеңілдіктер алуы.

D) Батыс-Сібір генерал-губернаторының қысымына қарсы шығу.

E) Отарлық билік тұсында басқаруға ие болу.

18. 1855 ж. Шыңжан мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі.

A) Қытайдағы тайпиндер көтерілісі.

B) Шәуешек қаласындағы орыс көпестерінің сауда орталықтарының өртелуі.

C) Ресейдің Қырым соғысындағы жеңілісі.

D) Қытайдың оқшаулану саясаты.

E) Оңтүстік Қазақстандағы ХІХ ғ. 50 ж. болған шаруалар көтерілісі.

19. Құрманғазы күйі арқылы туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас күшін сипаттайтын шығармасы:

A) “Сарыарқа”.

B) “Адай”.

C) “Ақбой”.

D) “Кішкентай”.

E) “Ақсақ киік”.

20. Азамат соғысы жылдары құрылған Тарбағатай мен Алтайдағы партизан полкі.

A) “Дала қырандары”.

B) “Алтай қырандары”.

C) “Алтайдың қызыл тау қырандары”.

D) “Қызыл қырандар”.

E) “Қыран дружинасы”.

21. Қазақстандағы комсомол ұйымдастырушысы, Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші төрағасы:

A) Тұрар Рысқұлов.

B) Ғани Мұратбаев.

C) Федор Рузаев.

D) Қайсар Таштитов.

E) Мирасбек Төлепов.

22. 1928 жылғы Қазанның 1-нен 1929 жылғы желтоҚсанның 1-не дейін атылған шаруалар саны:

A) 77

B) 277

C) 177

D) 477

E) 377

23. Репрессияға ұшыраған, қазақ тілі ғылымының негізін қалаған қайраткер, ғалым:

A) Ж.Аймауытов.

B) Қ.Жұбанов.

C) М.Дулатов.

D) М.Жұмабаев.

E) А.Байтұрсынов.

24. ХХ ғ-ң 70-80 жж. Қазақстанға импортталған өнім:

A) Медициналық жабдықтар.

B) Хромдық кен және ферросплав.

C) Жұқа қабат болаты.

D) Түсті және қара металл.

E) Металл кесетін станоктар мен электровоздар.

25. Түркеш қағанатының алғашқы қағаны:

A) Тон-жабғу қаған.

B) Үш-Елік қаған.

C) Бумын қаған.

D) Жеғұй қаған.

E) Мұқан қаған.

26. 1716 жылы I Петрға елшілік жіберген хан:

A) Қайып хан.

B) Қасым хан.

C) Хақназар хан.

D) Әбілқайыр хан.

E) Тәуке хан.

27. 1917 жылғы мамырдың 30-ында орталыққа “Облыс тыныш, маған Әбдіғафар мен Амангелді келді. Оларды қамауға алмай-ақ ұстауға болады деп сенемін” -деп жазған Торғай облысының комиссары:

A) М. Дулатов

B) К. Тоғысов

C) Ә. Бөкейханов

D) М. Тынышбаев

E) А. Байтұрсынов

28. 1964 жылы КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына сайланған:

A) М.А. Суслов.

B) П.Н. Игнатов.

C) Л.И. Брежнев.

D) А.Н. Косыгин.

E) Н.С. Хрущев.

29. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанды басқарған жылдары:

A) 1972-1986 жж.

B) 1965-1986 жж.

C) 1963-1981 жж.

D) 1960-1986 жж.

E) 1969-1987 жж.

30. 1992 ж. қоғамның бірігуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған оқиға:

A) Халық депутаттарының съезі.

B) Қоғамдық-саяси қозғалыстар.

C) Қазақстан халықтарының форумы.

D) Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

E) Жергілікті Кеңестер.

16 нұсқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]