Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
03.01.2020
Размер:
127.49 Кб
Скачать

Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері түрлері.

Археологтар зерттеген үйсіндердің обаларын негізінен үш кезеңге бөледі.1.Алғашқы кездегі б.з.б III-I ғасырларда үйсіндердің обалары Іленің оң жақ аңғарындағы Қапшағай 3,Өтеген 3, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар жерлерінен табылған.Бұл кезеңдегі үйсін тайпаларының өздеріне тән жерлеу тәсіндері,біріншіден, жерлеген адамдарын солтүстіктен оңтүстікке қарай -

Обадан қатаң түрде тізбектеп жерлеулері,обаның түрі конус тәрідіетіп тұрғызып,негізің тас қоршаулармен жасалған.

Үйсін тайпаларының екінші кезеңі б.з.б I ғасырдан б.з I ғасырлары арасын қамтиды.Бұл кезге Өтеген I, I I, Тайғақ I,Қалқан,Алтын емел, Қаратұма, Талғар,Ақтас жерларден зерттелген обалар жатады.Бұл кезеңнің ерекшкліктері:обалар тізбектеліп қойылуының бұзылып,ретсңз қойылуы.Ал тізбектеп қойылған обалар саны үшеуден аспаған.

Үйсін тайпаларының үшінші кезеңі:б.з. I I- I I I ғасырлар арасын жатқызуға болады.Бұл кездегі ескерткіштерге Қапшағай, Шолақ жиде,Үңгір қора, Аралтөбе обалдары жатады.Ерекшелігі обалар мүлде ретсіз орналасуы.

Үйсін мемлекетінің қоғамдық құрылысы.

Қытай жеріндегі қазақ тарихшысы Н.Мыңжанұлының еңбегі бойынша:

  1. Күнну,яғни күнби-мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі, алғашқы кезде бүкіл елде тек бір ғана күнби болған.

  2. Дулы хан патшалығының бас уәзірі дәрежелес лауазым, үйсін елінің әкімшілік бастығы.

  3. Қолбасы – оң қанат қолбасы, сол қанат қолбасы, бүкіл елдегі қарулы күштерді меңгерді.

  4. Оңқа ел ішіндегі ру тайпа басшылары.

  5. Дарту – қолбасшының көмекшісі, әр қолбасшыда бір көмекші болды.

  6. Абыз- бұл лауазымға 2 адам тағайындалды.

  7. Ұлыс бегі – бұл лауазымға 1 адам тағайындалды.

  8. Орда бегі - бұл лауазымға 1 адам тағайындалды

  9. Атқосшы – бұл лауазымға 1 адам тағайындалды.

Үйсін елінің үкіметтік ұйымы тоғыз дәрежеге бөлінген, оны он бес адам меңгеріп отрыған.

Б.з.б 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық үйсін тарихында, үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталған.Олар:Алғашқы күнбилер әулеті:

1. Нәнді би.(б.з.б 177-жылдан бұрын);

2. Нәнді бидің баласы –Елжау би. (б.з.б. 177 -104 ж.)

3. Елжау бидің немересі – Жөнші би. (б.з.б. 104-93)

4. Елжау бидің немересі Дулының баласы – Оңқай би. (б.з.б. 93- 60ж.)

5. Жөнші бидің ғұн әйелінен туған баласы – Най би. (б.з.б. 60- 53 ж.)

6. Оңқай бидің Жиейүй ханымнан туған баласы – Янғуй би. (б.з.б. 53 -51 ж.)

7. Янғуй бидің баласы Шын би. (б.з.б. 51 -33 ж.)

8. Шын бидің баласы –Силы би. (б.з.б. 33- 16 ж.)

9. Силы бидің кіші әкесі, Жиейүй ханымның немересі – Еже би. (б.з.б. 10-7 ж.)

7. Оңқай бидің ғұн әйелінен туған баласы Өжет (б.з.б.53 -33 ж.)

8. Өжеттің баласы –Бөрі би (б.з.б. 33- 30 ж.)

9. Бөрі бидің баласы – Ер би. (б.з.б. 30-17 ж.)

10. Ер бидің інісі Үйжынжаң (б.з.б. 17- 12 ж.)

10. Ер бидің баласы Ел би. (б.з.б.111 -7 ж.)

Үйсіндердегі меншік қатынастар

Б.з.б. 11 жылы «Хан кітабы», «Үйсін мемелекеті» тарауында Үйсіндердің жайылым жерлері жекешелене бастағандығы жазылған.

Обалардан, қала қоныстардан табылып жүрген қыштан, металлдан, тастан жасалған мөрлер жеке меншіктің пайда болғандығының дәлелі. 1967 жылы Талас аңғарындағы Қараша қорымының 23 обасынан Үйсіндердің қыш мөрі табылды. Н.В.Кюнер «Шицдидің» 123 тарауында Үйсіндерде жылқы көп, олардың ең бай апдамдарында 4-5 мың жылқы болады дейді.

Шаруашылығы

Үйсіндердің мал шаруашылығы туралы мағлұматтарды археологиялық қазба жұмыстары кезінде олардың зираттары мен қоныстарынан алынған үй жануарлары мен аң сүйектерінен байқауға болады.

Талдықорған обл. Кербулақ ауд. жерінде Шолақжиде қыстауынан жайлауға көшкен өздерін Үйсіндерміз деп жүрген қазақтар (1978 жыл) қыстауларының жанындағы егіндік жерге егін салып көшкен. Шамасы егін салудың мұндай тәсілі ежелгі үйсіндерден жалғасып келе жатқандығына ешбір күмән жоқ. Бұл пікірге басты дәлел Ақтас 2 қыстау қонысын зерттегенде, оның бірнеше қабаттан тұратындығы, астыңғы мәдени қабаттар, ертедегі үйсіндер кезі болса, үстіңгі мәдени қабаттар қазақтардікі екендігін археолог Ақышов дәлелдеген. Археологиялық зерттеу кезінде, Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмадағы салт атты үйсін жылқысының тұқымын білуге болады. Үйсін жылқысының бұл бейнесі б.з.б. I мж-пен б.з. I мыңжылдығы арасында белгілі болып жүрген Евразия жылқылары бейнелерінің бәрінен де ерекше екендігі байқалады.

Археологиялық зерттеулер жүргізген Жоңғар Алатауының Шолақ жиде және Іле Шу тауларының қойнаулары мен баурайында салынған қыстаулардың жанында егістік болған жерлер жиі кездеседі.

Үйсіндердің діни-наным сенімдері. Үйсіндердің наным сенімдері туралы қытай деректерінде көптеген деректер жазылған. "Үйсін ұлты, - дейді олар көне кезде жер мен көкке, ай мен күнге табынған, Әсіресе күнді құдай ретінде ұстаған." Сонымен қатар жетісу үйсіндері "Ұмай анаға" табынған.

Қорытындылай келгенде, ежелгі үйсіндер мен бүгінгі үйсіндердің арасында уақыт жағынан алшақтық болғанымен, достық жағынан ешбір алшақтық жоқ. Оған дәлел ежелгі үйсіндер мен бүгінгі үйсіндерміз деп жүрген қазақтардың арасындағы әдет ғұрып пен діни наным-сенімдер сол қалыпта сақталған.