Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
127 Кб
Скачать

Ғұн империясы(б.З.Б. 4-б.З.5ғғ.).

Ғұн сөзінің пайда болуы және алғашқы территориясы. Ғұн тайпасының өсіп өнген және тарихи аренаға көтерілген жері Орталық Азия. Дәлірек айтқанда жапон ғалымы Бейниау – кужи өзінің «Сиуңыу ғұн ұлты туралы зерттеу»деген кітабында Сиуңнулардың негізгі мекені ұлы қорғанының теріскейіндегі Ни тауы арасында болған. «Жиәнкүн мен диңлиңдер» Байкал көлінің оңтүстігіндегі Селенга мен Орқан өзенері алқабын мекендеген» деп пайымдаған. Бұл жерлер Қытайдың Ұлы қорғанының солтүстігі мен Монғолияның оңтүстік аймағы болады.

Ғұн сөзі қытайдың «Хунну», «Сюнну» деген сөзінен шыққан. Ал бұл сөздер өр кеуделі құлдар деген мағынаны білдіреді. Ғұн тайпаларының пайда болуы туралы түрік тарихшысы Б. Өгел Шығыстанушы О. Франконың мына пікірі дұрыс екендігін ұсынады. «Ғұндардың ата тегінің кім болғанын кесіп айта алмаймыз. Бұл есім күллі сиыршы тайпалардың бәріне берілген ортақ есем болуы мүмкін. Олар орманды , далалы өлкелердегі ата қоныстарынан оңтүстікке қарай жылжып, егінші тайпалардан басып алып отырды.»

Қытайдың атақты «Шы – жи» «Тарихи естеліктер» немесе «тарихнама» шежірелерінде ғұндардың ежелгі ата бабалары б.з.д. 2 мж. Шиа династиасынан шыққан Шүн Ви атты бір адам. Қорыта келегнде ғұндардың ата тегі жаңа тас дәуірінің кезінде айқын көріне бастаған.

Саяси жағдайы. Жылнамалар бойынша ғұн тайпаларының саяси күшейген кезі б.з.б. 3ғасыр қытай жылнамаларының ішіндегі «Тарихи жазба Сиуңну» баяныныда ғұндардың Тумын деген тәңірқұты туралы жазылған. Осы тәңірқұттың кезінде ғұндардың мемлекеттігі айқын көріне бастайды. Тумын кезінде Қытаймен жайылым үшін талас болып, Чин династиясы кезінде Ордос аймағындағы жерлерден, Сары өзенінің солтүстік жағалауынан айырылып қалған. Б.з.б. 209 жылы Мөде Тумынды өлтіріп, өзін тәңірқұт деп жариялайды. Мөде билік жүргізген мезгілі, оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Мөде қытайлардың әкесінен тартып алған жерлердің бәрін қайтарып, Саян, Алтай тауларына дейін шабуыл жасап, Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды жеңіп өзіне бағынышты етеді. Қытай патшасы ғұндарға қыз беріп, салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шыңыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн» державасы пайда болған. Б.з. д. 175 жылы Мөде қаза болып орнына Лаушаң тәңірқұт болып сайланады. Лаушаң кезінде де Қытай елімен бірде тату, бірде қайшылықта болып, Ғұн державасы өмір сүріп жатты. Б.з.б. 72 жылы Хань патшалығы үйсіндермен бірігіп, ғұндарға үлкен соққы береді. Ғұндар бұл соққыдан 40 мыңдай адам, 700 мыңдай малынан айырылады. Ғұн державасы б.з.б. 1 ғасырдың ортасында оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Оңтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айырылып, Хань әулетінің қоластына түссе, солтүстіктегі ғұндар Шөже тәңірқұттың басқаруымен батысұа ұарай жылжиды. Олар Талас өзенінің шығыс жағында көшіп – қонуға мүмкіндік алады. Қазақстанның оңтүтік – батыс және Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталады. Ғұн тайпаларының Шығыстан Батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырдан бастап б.з. 4 ғасырына дейін созылды.

Аттила, Еділ (400 – 453 / 454) - әйгілі ғұн ұлысының билеушісі. Оның есімін ғұндар, кейінен түркілер Еділ деп атаған. Еділ атты (орысша Волга) алып өзен атымен байланысты қойылған. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде атаған, сондықтан ол Еуропада осы есімімен танымыл болды . Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінен білім алған. Рим қаласында оқыған. Аттила бозбала кезінен әскер құрамында болып, шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Кейінен Аттила дарынды қолбасшы ретінде көріне бастады. 434 – 442 жылдары Аттила мемлекет басына келгеннен бастап Ғұн ұлысын күшейе түсті. Аттила Еуропаны түгель бағындырған ғұн королі ретінде әлемге әйгілі болды. Аттила ғұндардың атағын жер жүзіне танықтан ерекше ұлы тарихи тұлға. Еуропа елдерінің өзі оның батырлығын, кемеңгерлігін мойындап, бас иген. Аттила бейнесі мүсіндельген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен көшелер, оқу орындары кездеседі.

Қоғамдық құрылысы. Ғұндарда Қоян, Лән және Шүйбу атты текті руы болған. Бұлар тәңірқұттың асыл тұқымдары шыққан рулары. Егер патриархалдық – рулық құрылыстың кезінде тәңірқұтты ру ақсақалдары сайлайтын болса, Мөде әлеуметтік дамудың талабына сайлау жүйесін жойып, өзін тәңірқұт деп жариялаған. Тәңірқұт енді мұрагерлікке көшеді. Мөде мемлекеттің құлдық жүесін құрды. Кімде кім ұрыста қолға тұтқын түсірсе , оны құл етеді. Жазба деректерге қарағанда, құлдардың жең саны 300 – 500 мыңдай адам болған. Ғұндар құлдарды «з-лу» деп атаған. Ғұндарда ел билеу лауазымдары сол, оң деп белгіленді, мәселен: сол, оң тужи уаңдар – кіші хандар; сол, оң гулилер – азық – түлікке жауап беретін уәзірлер; сол, оң – ұлы қолбасшылар; сол, оң дувилер – әскербасылары; сол, оң данхулар – малжан есебін жүргізушілер; сол, оң гухулар – тәртіп сақшылары.