Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
127.49 Кб
Скачать

Жалпы Орта Азия, Қазақстан жеріндегі қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген:

Қауыншы

Жетіасар

Отырар –Қаратау мәдениеттері.

Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б.з.б. 3ғ. мен б.з. 1ғасыр арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.

Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының ескерткіштері жатады. Олардың ішінде Алтынасар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетіасар сияқты кенттер жақсы зерттелген, материалдары б.з. 1мыңжылдығының бірінші жартысында өмір кешкен қаңлы тайпаларының тарихи тұрғындарының өмір сүрген мезгіңліне жатады.

Отырар –Қаратау мәдениетіне, сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы және Қаратаудың теріскейі мен күнгей бөктерлеріндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректердегі хабарлар көрсетіліп отырған жерлердің қаңлы тайпаларының негізгі өсіп –өнген этникалық атамекені болғандығын көрсетеді. Сондықтанда Қазақстан археологтары бұл мәдениеттің ескерткіштерінің зерттеулеріне баса назар аударған.

Сыртқы саяси жағдайы

Б.з.б. 2-1 ғасыр аралығында қаңлы мемлекетінің жоғарыда айтылған бес иелігі пайда болып күшейген кезі. Сыр бойындағы отырықшылық дами түскен. Сонымен қатар, қытай деректерінде қаңлылар өздерінің солтүстік –батысындағы 2000 ли жерде жатқан Янцай елімен саяси қарым – қатынаста болғандығын хабарлайды. Кейіннен осы алаңдарды өздеріне бағындырып алғын. Хоу Ханьшу деректеріне қарағанда Аландардың киім киюлері де, әдет –ғұрыптары да қаңлыларға ұқсас болған. Қытай шежірелеріндегі деректерге қарағанда, қаңлы билеушілері өркөкірек батыл екен, олар біздің елшіміздің алдында бас имейді. Басты жіберген шиновниктерімізді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Ас- суды алдымен солардың княздары мен ақсақалдарына тартып, сонан соң наместниктің елшілеріне тартады деп хабарлағын.

Б.д.б. 1 ғасырдың ортасында қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттерінің арасында бірде тату, бірде қайшылық туып, саяси жағдай аумалы – төкпелі болды.

Орталық Азияда осындай жағдай туып тұрғанда Ғұн империясы екіге бөлініп оңтүстігі Қытаймен жақындасып кетсе, ал Шөже тәңірқұты бастаған солтүстік бөлігі батысқа қарай бет бұрып, қаңлы мемлекетімен жақындасуды ойластырады. Ал Үйсіндер Қытай өкіметімен жақындасады. Сөйтіп түркі тілдес мемлекеттер өзара келісе алмай бір –бірінен мүлде алшақтайды. Үйсіндер мен Қаңлылар жер үшін таласып, Үйсіндер Қытайдан көмек алмақ болса, Қаңлылар Ғұндардан көмек алмақ болады. Ал Қытай мен қаңлы өкіметінің арасындағы саяси жағдай Шығыс Түркістандағы оқиғаларға байланысты шиеленіскен. Б.з. 78 жылы Бань Чжауо басқарған Қытай армиясы Шығыс Түркістанды басып алғында, алғашқы кезде қаңлылар оларға одақтас болса, артынан көп кешікпей б.з. 85 жылы Бань Чжаоға қарсы көтерілген.

Орта ғасырдағы деректерде де қаңлы мен Қытай арасындағы жақсы қарым –қатынас болып, елшіліктер жүрген. Мәселен, 605-617 жылдар арасында Сұй жолдаса, 626 жылы Қаңлы ханы елші жүберіп Таң патшалығының Уди патшасына тұлпар сыйлаған, 635 жылы және бір елші жіберіп арыстан, алтын, күміс, шаптол тарту еткен. Шаптолдардың жақсы қарым –қатынастың белгісіндей арнаулы бақшада өсірілген.

Қаңлы мемлекетінің сыртқы саясатта ұстанған басты бір бағыты, Ұлы Жібек жолы бойындағы өзінің жерінен өтетін жол торабындағы билігін сақтауға тырысуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]