Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
127.49 Кб
Скачать

Жазба деректер.

Археологтар өздерінің зерттеу жұмыстарында жазба деректерге сүйенеді. Қазақстанда өмір сүрген ру –тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі сақтар. VII –IV ғасырларда сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан териториясын мекендейтін көшпелі тайпаларды сақтар деп атаса, грек тарихшысы Геродот сақтарды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ тайпалоарының маманы ғалым Ақышев өзінің көп жылдардан бергі жүргізген ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, жазба деректердің археологиялық деректермен дәлелденетінін көрсетті. Ташкент аймағында,Солтүстік Қырғыстан,Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде тиграхауда сақтары өмір сүрген.Оған екінші бір дәлел,Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі-70см.Сақтардың шошақ қалпақ кигендігін дәлелдейтін тағы бір айғақ Бехистун жартасындағы және Персеполдағы Ксеркс сарайының алдында салынған Иран патшасына салық төлеуге барған сақтардың бас киімдерінің шошақтығыда Жетісу және Оңтүстік Қазақстан дағы сақтардың тиграхауда сақтары екендігін дәлелдейді.

Қытай деректеріндегі «Хан кітабында»сақтардың ең жоғарғы билеушісін «Сәй,ваң»деп атағанды,ын хабардайды.

Страбонның «Жағрафия» атты еңбегінен сақтар туралы жазылған екі жағдайды білгеніміз жөн. Біріншіден, бұл көшпенділер өте қарапайым, инабатты, кішіпейіл жандар, қараниеттілік деген мүлде болмайды. Ал бұлар көп жағдайда бостандықта, еркін жүргенді қалайды.Екіншіден, Көшпенділер қарақшылар емес, не соғысқұмар емес. Алым-салықты алғанның өзінде баю үшін емес, күнделікті тұрмыс жағдайларын өтеу үшін ғана алады деп жазады.

Өстай тарихшысының еңбегінде Іле өзенінің алқабындағы ежелгі Шинжиаң сақтары жайлы және «Хан» кітабындағы сақтар туралы деректер хабарланады. «Хан» кітабында былай делінген: «Памирдың батыс жағындағы сақтар елінің әдет-ғұрыптары, киім киісі усындарға ұқсас келеді. Олардың тегі ежелгі сақтар», немесе, «Батыс өңірі баянының екінші бөлімінде: «Сақтарды үлкен жужылар Іле өзені алқабынан қуып шыққаннан кейін, сақ билеушісі оңтүстңкте Памирден ары өтіп кетті» деп жазылған. Б.з.б. 11 жылы «Хан кітабы», «Үйсін мемелекеті» тарауында Үйсіндердің жайылым жерлері жекешелене бастағандығы жазылған.

  • 1930 жылдан бастап Арал бойында және Сырдарияның төменгі ағысындағы қаңлы тайпаларының археологияолық ескерткіштеріне ғылыми зерттеу жүргізген С.П.Толстов.

  • 1940 жылдары Орта Азия жерінде Қаңлы ескерткіштерін зерттеген Г.В.Григорьев .

  • 1960 жылдарда бұл дәуірдің тұрақты қоныс –қорымдарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгендер А.Г.Максимова, М.С.Миршиев, Б.И.Вайнберг, Л.М.Левина.

  • 1970 жылдан бастап қаңлы мәселесіне аса назар аударып, олардың тарихына көңіл бөліп жүрген ғалым –К.М.Байпақов .

Сақтар (б.З.Д. І мыңжылдық)

Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және

Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі

тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген.

Сақтардың саяси жағдайы. Геродоттың жазуына қарағанда парсы патшалығы мен сақ патшалығы арасында ұдайы соғыстар болып тұрған. Сондай соғыстың бірінде сақтардың әйел патшасы Томиристың баласы парсы патшасы Кирдің жасаған айласынан қаза болады.Бұл жағдайды естіген әйел патша Кирге сен менің баламды ашық майданда жеңбей,алдап қолға түиірдің,баламды өзіме қайтар, бұлай істемесең саған «Күн»атымен ант етемін, мен сені қанға тойғызамын деген екен.Шайқаста Томирис Кирді жеңіп,денесін адам қаны толтырылған меске салып, сен тірі кезіңде қанға тоймаған едің,ендіөлген кезіңде тоярсың деп Сырдарияның суына ағызып жіберсе керек.Бұдан сақтардың мемлекеттік дәрежеде болғанын көреміз.

Парсы жазба деректерінде де парсылар мен сақтардың арасында ылғи талас-тартыс болып тұрғандығы байқалады. Оны парсы патшасы Дарийдың мына сөзінен анық байқаймыз: «Мен өз әскеріммен шошақ қалпақ киетін сақтардың еліне қарсы соғысқа аттандым. Оларды жеңіп, өзіме бағындырдым. Олардың қолға түскен қолбасшысы Скункханы алып келді. Сақтар дінсіз екен, мен Ахурамаздаға сиынушы едім. Сол Ахурамазда қалай бұйырса мен солай жазаладым»

Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен бұл жорықтың бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді сақ өзінің денесін пышақпен тілігілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып, сонда олардың көбі қырылып қалады.

Ерте темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бесшатыр қорымы. Бесшатыр қорымыб.з.б 5-4 ғасырда Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас және топырақ үйінделерімен жабылған. Обалар үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді.Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетеді; орташасында – 25-38 метр және 5-6 метр; Кішілерінде 6-18 м. және 0,8-2 метр.

Есік обасы. Есік обасы 40-тан астап обадан тұратын үлкен қорымның шетінде орналасқан. Обаның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Есік обасына жерленген адам 17-18 жасар. Ол алтынмен мол тігілген сәнді киім киінген, басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын қаптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биіктігі 65-70 см бас киім киген. Бас киім жылқы, барыс таутеке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен сәнделген. Есік жауынгерінің мойнында – ұшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында – парузадан жасалған салпыншақтары бар көз салынған алтын сырға болған. Есік обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б 4 ғасырдың – 3 ғасыр.

Түгіскен және Ұйғарақ. Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның шектес аудандарын сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ пен Тегіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады.

Тегіскен қорымы екі дәуірдің ескерткішінен тұрады. Ең алдымен бұл – солтүстік Тегіскен, б.з.б. 9- 8 ғасырлардағы қорым. Сақтардың обалы қорымы – оңтүстік Тегіскен де осында Тегіскен үстіртінде орналасқан. Ол екі кешенге бөлінеді: біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Тегіскеннің барлық сақ обалары б.з.б. 5-7 ғасырларды тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы 3 топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Бұл обалардан жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгіліері де кездеседі. Бұлар – ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылқы, тауешкі қабан, арыстан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдісі мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік дүниеге енгізеді.

Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.Майәмір кезеңі (б.з.б. 7-6 ғ.) Майәмәр кезеңі Нарм өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымның аты бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақаттары тік бұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегемделді және бір қабат бөренелермен жабылды.

Шілікті обасы. Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100м,биіктігі 8-10метрге дейін жетеді.Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40-50 жастағы еркеку пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатыр.Алғашқы түрінде обаның диамкетрі 45 м, биіктігі 10 м үйінді болған.Обада 524 алтын бұйым сақталған.Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгілген бұғы түріндегі қаптырмалар(14 дана),басы бұрулы бүркіттрдің(9 дана),шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мүсіндері,балық бейнесі,қанаттары жаюлы құс түрдегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.Шілікті обасы б.з.б 7-6 ғасырлар арасына жатқызылады.Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі «патшалық »оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі.

Берел кезеңі.Берел кезеңінде Шығыс Қазақстанның ежелгі мал өсірушілердің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түсті. Таулы аудандарда обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырда ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белғһгілі тұрақты түрі таралады. Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайың қабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе дене мүшелерінің мүсіндері мен геометриялық және өсімдік өрнектері мен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді. Берел қорымының екі обасында 5 ат, ал үшінші обасында 3 ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстанның басқа таулы аудандарында да белгілі. Берел кезеңінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі - жайпақ түпті қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған көзелер.

Құлажорға кезеңі (б.з.б. 3-1 ғ.) Б.з.б. 3 ғасырға таман Шығыс Қазақстаннан археологиялық ешкерткіштерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті. Тарпағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралағындағы даладағы құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу құрылыстары таралады. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген. Құлажорға үлгісіндегі ескеркіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды.қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кіреңкі тәрізді көзелер, ілмек сабы бар дөңгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді.

Ерте темір дәуірдегі Солтүстік Қазақстан. Солтүстік Қазақстанның далалық бөлігіндегі ертедегі темір ғасырының ескерткіштері Тасмола мәдениетінің шағын нүсқасы болып табылады. Ұлыбай атырабындағы обалар тобына жататын ескерткіштердің бірі Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір ғасырының мәдениетін ұлыбай - тасмола мәдениеті деп атаған. Ұлыбай – Тасмола мәдениеті 3 кезеңнен тұрады. Олар: б.з.б. VIII-VII ғасыр; VI-V ,асыр; IV-IIғасыр.Б.з.б. VIII-VII ғасырда темір қорыту ісі игеріле бастайды. Мұны қоспа металлдардан және темірден жасалған пышақтардың, тағалардың, қалақшалардың табылуы дәлелдейді. Жайықтың арғы беті мен Батыс Сібірдің орманды-далалы өңірінде темірден жасалған бұйымдар-б.з.б. V ғасырда, Оңтүстік Оралда б.з.б. VII-VIғасырдың аяғында пайда болды.

Б.з.б. VI-V ғасырларға қарай Солтүстік Қазақстан даласындағы жағдай өзгеріп, тайпалар мекендеген аумақ тарылады. Мәдени байланыстардың жаңа бағдары байқалады. Батыстағы көршілермен қатынас күшейеді. Мұны жебелердің ұштары мен қанжарлардың скифтік түрлері дәлелдейді. Бұл кезеңде темірден жасалған алғашқы қанжарлар табылады. Солтүстік Қазақстанның темірден жасалған қанжарларының тобы мүйіз және ағаш сапты үлгіде болып келеді.

Б.з.б. IV-II ғасыр ұлыбай-тасмола мәдениетінің тарихтағы қортынды кезең болып табылады. Бұл кезеңдегі жерлеу ғұрпының дамуы ежелгі қоғамның мүлік жағынан жіктелу үрдісінің басталуымен, ру-тайпалық ақсүйектер қабірлерінің оқшау көрінуімен байланысты. Ірі обалардың жанынан өлікті еске түсіруге арнап құрбандыққа шалынған жылқы сүйектері табылды.

Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп атаған. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі мұртты обалар. Мұндай ескерткіштер қазақтың ұсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мысалы, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарынан (Оба, Көктал, Ащысай және Еділ бойы) кездеседі, бірақ олардың кең тараған өңірі Орталық Қазақстан болып табылады. Тасмола мәдениетінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, қосқанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айлықша түрі табылған.

Мал шаруашылығының түрлері. Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерңнде жыл бойы көшіп жүруге негізделген. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерде тарады. Негізінен қой, түйе мен жылқы өсірілді, ірі қара аз болды.

Екінші, Жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралап отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таудары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биік тау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кең таралды. Қыстау мағындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды, олар әдетте тары, арпа, бидай өсірген. Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасының баурайында, табиғи су қоймалары мен кең байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кең таралды.

Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды. Бұған зерттелген обалардан қой сүйектерінің – ет тағамдары қалдықтарының табылуы дәлел, ал б.з.б. мыңжылдықтың орта шеніндегі грек авторы Херил сақтарды қойшылар деп атаған.

Тұрғын үй. Геродот өз еңбектерінде: «Сақтардың әр қайсысы ағаштың астында өмір сүреді.Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырады.» Көшпелі тұрғын-жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б.з.б. 1 мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған. Геродот пен Гиппократтың хабарлауынша мал өсіретін тайпалардың көші-қонды тұрғын-үйлерімен бірге, көшпелілерде кең тараған 4 және 6 дөңгелекті арбаға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын-үйлер: оңтүстікте – шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста – бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.

Діни нанымдары мен ғұрыптары. Жерлеу материалдарына қарағанада сақтар ата-баба аруағына, отбасылық әулиелер мен жебеп желеушілерге сиыну ғұрыптары болған.Бұл ғұрыптардың шығуы өлгендердің мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлгендермен бірге беделіне лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зираттарында атқарылатын әрбір тайпаға тән жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда өлгендердің бәрі жылдың қай мезгілінде болса да шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді. Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Қараоба), яғни және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен қатар сақтар отқа, жылқыға, күнге және басқа аспан денелеріне сиынған. Орталық Қазақстанда сақ қабірінде күн құдайға жылқы шалу дағдысы талай рет анықталды.Сақтар аспан денелеріне табынған.Оны Томиристің Кирге айтқан «Күн»атымен ант етемін деуі,Сақтардың күнге табынғанын көрсетеді.

Бейнелеу өнері. Аң стилі шартты түрде үш кезеңге: көне заман, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлінеді. Бірінші кезең. Бұл кезеңдегі өзіне тән сипаты бейнеленген жануарлардың бір орында қаз қалпында жеке тік тұрулары. Мысалы, тауешкінің, арқардың басын көтеріп тұрған мүсіндерінің жасалуы. Жалпы жануарлардың қозғалысының болмауы. Екінші кезең. Аң стилінің гүлденген кезеңі. Бұл кезеңде жануарлар әр түрлі қимыл жасауға дайындалып тұрғандай немесе әр түрлі күрделі әрекет жасауға ыңғайланып тұрған бейнелер көрсетіледі. Жыртқыш аңдардың шайқасып жатқан не қарапайым жануарларға шабуыл жасап жатқан көріністері жиі кездеседі. Үшінші кезең. Аң стилінің біртіндеп құлдырай бастаған мерзімі. Бұл кезкңде аң стилі ою өрнекке айнала бастаған. Енді түрлі қымбат бағалы тастардын көз салынған әшекейлеу әдістері қолданбалы полихромдық стильдегі өнер туындысы пайда болған. Өрнектермен өрнектелген бұйымдар Алтайдың Пазырық, Берел обаларында кездеседі.