
- •Тақырып 1. Қазақстанның ежелгі тарихы
- •Тақырып 2. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
- •Тақырып 3. Қазақстан тарихындағы түрік дәуірі
- •Тақырып 4. Қазақстан моңғол дәуірінде (хііі-хv ғғ)
- •Тақырып 6. Хvіі ғасырдағы қазақ хандығы
- •Тақырып 7. Хvііі ғ. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы
- •Тақырып 8. Хіх ғасырдағы Қазақстан
- •Тақырып 9. Хуііі ғасырдың аяғы – хіх ғасырдағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі
- •Тақырып 10. Хх ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Тақырып 11. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында (1917-1920 жж.)
Тақырып 6. Хvіі ғасырдағы қазақ хандығы
1. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениетіне тоқталыңыз.
2. «Қазақ хандары» атты кестені толтырыңыз.
Хан |
Билеген жылдары |
Ішкі саясаты |
Сыртқы саясаты |
|
|
|
|
3. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы туралы айтып беріңіз. Киіз үйден басқа баспананың қандай түрлері болды?
4. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» құрастыруға қазақтың билері қатысты. Билердің қазақ қоғамында алатын орнын айқындаңыз және шешендік, тапқырлық дана сөздеріне тоқталыңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер).
Тақырып 7. Хvііі ғ. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы
1.Абылайдың сыртқы саясаты.
2. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырларының рөлін анықтаңыз. Қазақ батырларының ерлігіне тоқталыңыз (Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Наурызбай, Малайсары).
3. Не себепті қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырап, жоңғарларға тойтарыс бере алмады? Себебін ауқымды түрде түсіндіріңіз.
4. «Елімай» жоқтауының авторы Қожаберген жырау туралы айтып беріңіз.
Тақырып 8. Хіх ғасырдағы Қазақстан
1.«ХІХ ғ. патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік – территориялық реформалары» атты кестені толтырыңыз.
Реформа |
Қабылдаған жылы |
Мазмұны |
Реформалардың салдары |
|
|
|
|
2. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептерді салудағы мақсатын ашып көрсетіңіз.
3. «ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.
4.Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары мен зиялыларының қызметіне тоқталыңыз.
Тақырып 9. Хуііі ғасырдың аяғы – хіх ғасырдағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі
1. Сырым Датұлы – әрі батыр, әрі шешен. Сырымның батырлығы мен шешендігі жайлы айтып беріңіз.
2. Бөкей Ордасының ханы Жәңгір (1824-1845) және оның реформалары туралы айтып беріңіз.
Қоғамдық – саяси реформасы –
Әлеуметтік – экономикалық реформасы –
Білім берудегі реформа –
3. Тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасіретін жырлаушыларды «Зар заман» мектебінің ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен толық айырылып, қазақ жерінің нағыз тонауға түскен – отарлау саясатының ең күшейген кезеңін зар заман мектебінің ақындары торығу, сары уайымға салыну сарынымен жырлады. «Зар заман» мектебінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығына тоқталыңыз.
4.Қазақстан территориясындағы ұлт – азаттық көтерілістердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.
Тақырып 10. Хх ғасырдың басындағы Қазақстан
1. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші бүкілқазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бұл қандай мәселелер еді және олар қалай шешілді?
2. ХХ ғасырдың басында Қазақстан халқы көп ұлтты бола бастады. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңіз.
3. ХХ ғ. басындағы ұлт зиялылары (Алаш қайраткерлері – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Халел мен Жанша Досмұхамедовтер, М.Тынышпаев және т.б. ) және олардың қызметіне тоқталыңыз.
4. 1917 ж Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдардың қызметіне тоқталыңыз.