
- •5В030100 Құқықтану (3, 4 жылдық оқыту)
- •Мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •(Жалпы бөлім)
- •Астана 2012
- •Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
- •Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
- •Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Дәріс тезистері
- •Міндеттемені тоқтату
Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Пән модулінің атауы: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері |
|||||
Тақырып № |
Дәрістік сабақтар |
Семинарлық, тәжірибелік, лабораториялық сабақтар |
Дәріс тақырыбы бойынша қажетті әдебиеттер |
||
Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары |
Сағат көлемі |
Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары |
Сағат көлемі |
||
1. |
1. Азаматтық құқық ғылым құқық саласы, ғылым және оқу пәні ретінде 1.1. Азаматтық құқықтың өзге де құқық салалары арасында маңызы мен мәні 1.2. Азаматтық құқықтың пәні 1.3. Азаматтық құқықтық реттеу әдісі 1.4. Азаматтық құқықтың түсінігі, оның анықтамасы және негізгі бастамасы. Сабақтас құқықтардан азаматтық құқықтық айырмашылығы. 1.5. Шетел азаматтық құқығына жалпы сипаттама беру 1.6. Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама. Қазақстан Республикасының территориясында қолданылатын азаматтық заңнаманың негізгі актілері. Халықаралық шарттар мен Қазақстанның азаматтық заңнамасы. 1.7. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. Азаматтық заңнаманың ақтаңдақтарын толтыру. Азаматтық заңнаманы түсіндіру. 1.8. Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым әдеттері, халықаралық ұсыныс сипатындағы актілер |
1 сағат |
1.6. Азаматтық құқықтың қайнар көздері |
1 сағат |
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 23-86 беттер 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 9-76 беттер 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 8-17 беттер 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1-6 баптары |
2. |
2.Азаматтық құқықтық қатынастар 2.1. Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері. 2.2. Азаматтық құқықтық қатынас элементтері: субъектілері, объектілері, мазмұны. 2.3. Субъективтік азаматтық құқықтар мен субъективтік азаматтық міндеттер ұғымы. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. 2.4. Азаматтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқталу негіздері. |
1 сағат |
2. Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама. 2.1.Халықаралық шарттар мен Қазақстанның азаматтық заңнамасы. 2.2. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. 2.3.Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым әдеттері.
|
1 сағат |
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 90-100 беттер 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 80-92 беттер 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 13-16 беттер 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1бабы |
3. |
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау 3.1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі. 3.2. Азаматтық құқықтардың еркіндігі мен жүзеге асыру шегі. Субьективтік құқыққа зиян келтіруді болдырмау. 3.3. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі. Қорғау әдістері. Қорғау органдары. Азаматтық құқықты өзін-өзі қорғау 3.4. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. |
1 сағат |
3.Азаматтық құқықтық қатынастар 3.1. Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері. 3.2. Азаматтық құқықтық қатынас элементтері: субъектілері, объектілері, мазмұны. 3.3. Субъективтік азаматтық құқықтар мен субъективтік азаматтық міндеттер ұғымы. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. 3.4. Азаматтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқталу негіздері. |
1 сағат |
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 333-344 беттер 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 149-150 беттер 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 16-17 беттер 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 8-11баптары |
4. |
4. Азаматтар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде 1. «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының арақатынасы. Азаматтық құқыққабілеттілігінің түсінігі, басталуы мен аяқталуы. Шетел азаматтары мен азаматтығ жоқ адамдардың құқыққабілеттілігі. Құқыққабілеттілікті шектеу. 2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Толық және ішінара әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Қорғаншылық пен қамқоршылық. 3. Азамат – кәсіпкердің банкрот болуы. Азаматтың мүлкінен қарызды (борышты) өндіріп алу. 4. Азаматтың тұрғылықты жері және оның заңи маңызы. 5. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, алғышарттары мен құқықтық салдары. |
2 сағат |
|
|
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 100-120 беттер 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 92-106 беттер 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 17-21 беттер 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 12-32 баптары |
5. |
5. Азаматтық құқықтардың объектілері 5.1. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері. 5.2. Заттар – азаматтық құқықтардың объектілері ретінде. Жер азаматтық құқықтардың ерекше объектісі. Қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер. Өзге де заттар азаматтық құқық объектілері ретінде. 5.3. Қызметтер және өзге де әрекеттер азаматтық құқықтың объектілері ретінде. 5.4. Шығармашылық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтың объектілері ретінде. 5.5. Ақша, шетел валютасы азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Бағалы қағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері. 5.6. Өзіндік мүліктік емес игіліктер және оларды қорғау. |
1 сағат |
4. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері 4.1. «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының арақатынасы. Азаматтық құқыққабілеттілігінің түсінігі, басталуы мен аяқталуы. Шетел азаматтары мен азаматтығ жоқ адамдардың құқыққабілеттілігі. Құқыққабілеттілікті шектеу. 4.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Толық және ішінара әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Қорғаншылық пен қамқоршылық. 4.3. Азамат – кәсіпкердің банкрот болуы. Азаматтың мүлкінен қарызды (борышты) өндіріп алу. 4.4. Азаматтың тұрғылықты жері және оның заңи маңызы. 4.5. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, алғышарттары мен құқықтық салдары. 4.6. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері. 4.7. Заттар – азаматтық құқықтардың объектілері ретінде. Жер азаматтық құқықтардың ерекше объектісі. Қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер. Өзге де заттар азаматтық құқық объектілері ретінде. 4.8. Қызметтер және өзге де әрекеттер азаматтық құқықтың объектілері ретінде. 4.9. Шығармашылық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтың объектілері ретінде. 4.10. Ақша, шетел валютасы азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Бағалы қағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері. 4.11. Өзіндік мүліктік емес игіліктер және оларды қорғау. |
1 сағат |
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 115-146 баптары |
6. |
6. Мәмілелер 6.1 Азаматтық құқықтағы мәмілелер түсінігі мен түрлері. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шарттың түсінігі. Шартты мәмілелер. 6.2 Мәміле жарамдылығының алғышарттары. 6.3 Мәміленің жарамсыздығы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдары. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы. 6.4 Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері. |
2 сағат |
|
|
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 147-162 баптары |
7. |
7. Өкілдік 7.1 Өкілдік ұғымы, түрлері. 7.2 Сенімхат түсінігі, нысаны, мерзімі. Қайта сенім білдіру. Сенімхаттың тоқтатылуы. 7.3 Өкілетсіз өкілдік (заңи әрекеттерді өкілеттігі жоқ тұлғаның немесе өкілеттікті асыра жүзеге асыру салдары). 7.4 Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері. (1 сағат) |
1 сағат |
5. Мәмілелер 5.1 Азаматтық құқықтағы мәмілелер түсінігі мен түрлері. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шарттың түсінігі. Шартты мәмілелер. 5.2 Мәміле жарамдылығының алғышарттары. 5.3 Мәміленің жарамсыздығы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдары. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы. 5.4 Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері. |
1 сағат |
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 163-171 баптары |
8. |
8. Мерзімдер. Талап қою мерзімі 8.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы. Мерзімдердің түрлері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері. 8.2 Мерзімдерді есептеу. 8.3 Талап қою ұғымы мен маңызы. (1 сағат) |
1 сағат |
|
|
1) Азаматтық құқық. I том. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003. 2) Ғ.Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. 1 том. Алматы, 2001 3) Ө.С.Қыстаубай Азаматтық құқық. Алматы, Асыл Мұра, 2011 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 172-187 баптары |
|
|
10 сағат |
|
5 сағат |
|
СОӨЖ және СӨЖ орындау және тапсыру кестесі
Пән модулінің атауы: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері |
||||||
тақырып№
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
||||
Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары |
Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі) |
Өткізу нысаны |
Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары |
Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі) |
Өткізу нысаны |
|
1 |
1.4.1. Қазіргі заманның негізгі азаматтық-құқықтық жүйесі. 1.4.2. Азаматтық кодекс: оның мәні, құрылымы, азаматтық құқықтың басқа да қайнар көздерінің ішінде алатын орны. 1.4.3. Сот прецеденті Англия азаматтық құқығының қайнар көзі ретінде. |
1 сағат, 1-апта
|
Конспект, сызба, рефераттартарды тыңдау |
Азаматтық құқықтың түсінігі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің /ілгеріде – ҚР АК/ 1-7 баптары) Есеп шығару: 1. Жоғары оқу орнына «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түскісі келген студентке болашақтағы мамандану салалары ретінде азаматтық құқық, салық құқығы, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық салалары ұсынылды. Енді ғана оқуға түскен студентке университет эдвайзері азаматтық құқық саласын таңдауға кеңес берді және оның өзге құқық салаларынан айырмашылығын түсіндірді. 1. Азаматтық құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді? 2. Азаматтық құқық пен өзге сабақтас құқық салаларының негізгі айырмашылығын атаңыз. 3. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні мен әдістері қандай?
2. Оқуға қабылданған студенттермен кездесу өткізген университеттің ректоры және өзге де басшылары әр студенттің оқу орны қабырғасында және күнделікті өмірлерінде орын алатын қағидаттар (принциптер) жөнінде, соның ішінде, құқық салаларындағы қағидаттар туралы сөз қозғады. Бірінші курсқа жаңа түскен студенттердің басым көпшілігіне «қағидат және құқық салаларының қағидаттары» деген терминдер түсініксіз болғандықтан, білікті маман көмегіне жүгінді. 1. «Қағидат» термині нені білдіреді? 2. Азаматтық құқықтың қағидаттары қандай және оларға сипаттама беріңіз. 3. Азаматтық құқық қандай функциялары атқарады?
|
4 сағат, 1-апта
|
Жазбаша тапсырмаларды тексеру |
2. |
2. Азаматтық құқықтық қатынастар 2.1. «Азаматтық құқықтық қатынастар түрлері» сызбасын құрастыру. 2.2. ҚР Конституциясынан азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі азаматтық құқықтар мен нормаларды көшіру. 2.3. «Заңды фактілер» сызбасын құрастыру. 2.4. Есеп шығару. |
1 сағат, 1-апта
|
Жазбаша тапсырмаларды текеру. Есеп шығару. |
Есеп шығару: Бес жасар қызына дүкеннен бес мың теңгеге қуыршақ ойыншық сатып алған анасы, бұл жөнінде жолдасына айтқан кезде ол ашуланып ойыншықты дүкенге қайтарып беру және ақшаны басқа пайдалы мақсатқа жұмсау қажеттігін айтты. Ол өз сөздерін отбасылық қатынастарда ерлі-зайыпты адамдардың кеңесуі мен келісуі болмаса, біржақты істелген сатып алуларды жоққа шығаруға болатындығымен дәлелдемек болды. Оның жұбайы болса, дүкенге қайтып бармайтындығын және әкесіне қарағанда қызына өзінің жақынырақ екенін жеткізді. Ерлі-зайыптылар заңгер кеңесіне жүгінді. 1. Азаматтық құқық пен өзге де сабақтас құқық салаларының айырмашылықтары неде? 2. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерін атап шығыңыз. 3. Туындаған дау бойынша қай тараптың дәлелдемесі заңға сай?
|
4 сағат, 2-апта |
Жазбаша тапсырмаларды текеру |
3. |
3. Азаматтар азаматтық-құқықтық қатынас субъектілері ретінде.
|
1 сағат, 2-апта |
Ауызша сұрау, жазбаша жұмыстарды тексеру |
Есеп шығару: Амантай Қадыровтың қайтыс болуына байланысты заңды некеде тұрмайтын көңілдесі Наталья Сидоркина Амантайдан аяғы ауыр екенін және жүктілігіне төрт ай болғанын, ішіндегі баласы Амантайдың артында қалған мүлкінен мұра алуға құқылы екенін алға тартып Амантайдың некелі жұбайы Жадыраға келді. Қайғылы жағдайда отырған Жадыра болса, Наталья талабына әзірше ештеңе айта алмайтынын және адвокатымен ақылдасуы қажеттігін айтты. 1. Азаматтың құқық қабілеттілігінің ұғымына, оның мазмұны және басталуы мен аяқталуына қатысты түсінік беріңіз. 2. Азаматтың құқық қабілеттігін шектеу нені білдіреді? Қандай жағдайларда азаматтың құқық қабілеттілігі шектелуі мүмкін? 3. Ана жатырындағы балаға жасанды түсік жасау құқық қабілеттігіне әсер ете ме? Қазақстанның заңнамасы бойынша жасанды түсік жасауға жол беріледі ме?
|
2 сағат, 3-апта |
Жазбаша жұмыстарды тексеру |
4. |
4. Азаматтық құқық объектілері 4.1. Сызбалар құрастырыңыз: а) азаматтық құқық объектілерінің түрлері; б) заттардың түрлері; в) жылжымайтын мүлік түрлері; г) шығармашылық қызмет нәтижелерінің түрлері. 4.2. Бағалы қағаздардың әр бір түрінің белгілері мен ерешеліктерін ескере отырып, бағала қағаздар түрлерінің кестесін құрастырыңыз. 4.3. Берілген тізімнен келесілерді таңдаңыз: а) жылжитын және жылжымайтын заттар; б) жай және күрделі заттар; в) басты зат және керек-жарақ; г) жеке белгілерімен және тектік белгілерімен анықталған заттар; д) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар; е) бөлінетін және бөлінбейтін. Егістігі бар жер учаскесі, құлып пен оның кілті, пәтер; сауда кәсіпорны; сурет, кітап, гараж; коляскалы мотоцикл; қару; сиырлар үйірі; срипка және оның футляры; ас үй жихазы. 4.4. Есеп шығару. |
1 сағат, 2-апта |
Жазбаша жұмыстарды тексеру, есеп шығару
|
4. Азаматтық құқық объектілері 4.1. Сызба құрастыру: «Мүлік түрлері». 4.2. «Азаматтық құқықтағы мүлік» тақырыбына баяндама әзірлеу. |
3 сағат, 3-4 апта |
Жазбаша тапсырмаларды орындау |
5. |
5. Мәмілелер 5.1. Аталғандардың қайсысы мәміле, қайсысы - деликт, оқиға немесе іс-әрекетке жататындығын анықта: а) азаматша Елкина өз көлігін жүргізу үшін қызы А.Ивановаға сенімхат берді. б) С. Соснин, 10 жаста, ағашқа өрмелеп, өз апасынан уақытша пайдалануға алған күртешесін жыртып қойды. в) Жалақыны көтерсін деген талаппен кеншілер шеруге шықты. г) Касимов жағалаудан алтын сырға тауып алды және оны заңды иесіне берген жоқ. 5.2. Төмендегі мәмілелердің қайсысы ауызшы және қайсылары жазбаша жасалуы тиіс: а) Кәсіпкер Степанов жаппай сауда дүкеніне 60 қорап судың ақысын төледі, оларды автофургонға артты және жүріп кетті. б) Жусуповтың мұрагерлері мұрадан бас тарту туралы өтініш білдірді. 5.3. Есеп шығару |
1сағат, 3-апта |
Дискуссия, есеп шығару |
Есеп шығару: 1. Сергей Сафонов өзіне тиесілі мотоциклді Алмас Мақановқа сатпақ ниетте сатып алу-сату шартын жасау үшін нотариусқа барды. Нотариус екі жақтың да жеке бастарын растайтын жеке куәліктерін немесе паспорттарын көрсетулерін өтінді. Алмас Мақанов кәмелетке толуына екі ай қалғанын айтса да, нотариус шартты куәландырудан бас тартты және жеке куәлігіңізді алғанннан соң келерсіз, сол кезде рәсімдеп беремін, деп уәде етті. Тараптар алдын-ала шарт жасай берейік, кейіннен рәсімдеп алармыз, деп кепілпұл шартын жасасты. 1. Мәміле мен шарт бір ұғым ба, болмаса олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар ма? 2. Мәміленің жарамды болу жағдаяттары (алғышарттары) қандай? 3. Нотариустың бас тартуы дұрыс па? 4. Тараптардң кепілпұл шартын жасауларына не дейсіз? 5. Қолданыстағы заңнамаға сай, туындаған дау қалай шешілуге тиіс?
2. Сарман Тасымов меншігіндегі автокөлігін жиені Сағатбекке өсиетке қалдыруға ниеттенгенде, Сағатбек оған сыйға тарту шарты бойынша беруіңізге болады ғой, деді. Сарманның өсиет бойынша автокөлікті ақысыз аласың ғой, деген сөзіне, Сағатбек сыйға тарту шарты да сондай, деген жауап берді. Көп ештеңе түсіне қоймаған, Сарман заңгердің көмегіне жүгінбек болды. 1. Мәміленің түрлері қандай? 2. Ақысыз (өтемесіз) және ақылы (өтемелі) мәмілелерге түсінік беріңіз. 3. Өсиет пен сыйға тарту шартының айырмашылықтары неде?
|
1 сағат, 4 апта |
Жазбаша тапсырмаларды тексеру |
6. |
6. Өкілді және сенімхат 6.1. Өз атыңыздан екі сенімхат құрыңыз: бірі істі сотта жүргізу үшін, келесісі сотта жеңіп алған іс бойынша ақша қаражаттарын алу туралы. Сұрақтың жауабын беріңіз: Сіздің қолыңызды түпнұсқалығын куәландыруға кімнің құзіреті бар, және сенімхат қандай мерзімде жарамды болады? 6.2. Келесі сенімхаттардың мерзімін атаңыз және олардың қайсысы жарамсыз екендігін анықтаңыз: - ең ұзақ мерзімге берілген; - мерзімі көрсетілмей берілген; - әрекет ету мерзімі көрсетілген, бірақ, берілген уақыты көрсетілмеген.
|
1 сағат, 3-апта |
Ауызша сұрау, есеп шығару |
|
4 сағат, 4-5 апта |
Жазбаша тапсырмаларды тексеру |
7. |
7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер 7.1. Кесте құрастырыңыз: «Талап қою қолданылмайтын талаптар». 7.2. Төменде көрсетілген жағдайларда уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуының күнтізбелік мерзімін, және уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің аяқталуының күнтізбелік мерзімін көрсетіңіз: 1) Скороходов 28 ақпан 2003 жылы өз үйін Ливневке үш жылға жалға беру туралы шарт жасады. 2) Галимов Марковтан 31 наурыз 2002 жылы бір ай мерзімге қарызға ақша алды. 3) «Дизель» зауыты 2001 жылы двигателдерді автомобиль зауытына әр кварталдың соңында жеткізіп тұру туралы келсімі шарт жасады. Келісім шарт 2000 жылдың 18 желтоқсанында үш жыл мерзімге жасалды. 4) Жакупова 31 қараша 2003 жылы өз пәтерін Селимоваға жарты ай мерзімге жалға берді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне сәйкес келді. 5) Литвинова Окуневамен 1 қаңтар 2004 жылы өмір бойы асырауында ұстау шартына отырды. 7.3. Есептерді шешу. |
1 сағат, 4-апта |
Жазбаша жұмыстарды тексеру, есептерді шешу |
7.1. Келесі сұрақтар бойынша конспект әзірлеу: 1) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі. 2) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әдістері. 3) Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шектері. 4) Қорғау құқығы: түсінігі, мазмұны 5) Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері. 6) Азаматтық құқықтарды қорғау тәртібі.
|
2 сағат, 5 апта |
Жазбаша жұмыстарды тексеру |
|
|
|
|
Келесі тақырыптарда рефераттар әзірлеу: - Азаматтық құқықтарды соттық тәртіпте қорғау. - Талаптың ескіру мерзімін қалпына келтіру. - Азаматтық құқықтағы мерзімдерді топтастыру.
|
2 сағат, 6 апта |
Жазбаша жұмыстарды тексеру |
|
|
7 сағат |
|
|
22 сағат |
|
Модуль элементінің атауы
|
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынас субъектілері ретінде |
Дәрістер |
10 сағат |
Семинарлар |
5 сағат |
СОӨЖ |
8 сағат |
СӨЖ |
22 сағат |
Қорытынды бақылау |
Тестілеу нысанындағы емтихан |
Мақсат пен міндеттер Бұл модуль студенттің пән бойынша білімін жетілдіру үшін, қайшылықты жағдайларды шешу үшін азаматтық заңнаманың нормаларын пайдалана білуге үйрету үшін әзірленген.
Міндеттері:
1) Құқықтық байланыстың түрін анықтай білу
2) Нақты құқықтық қатынасты реттейтін заңда белгіленген құқықтық талаптарды анықтау
3) Заңды тұлғаның нақты бір түрін реттеу үшін арналған нормативтік материалды еркін меңгеру болып табылады.