Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гражданское право - общая часть - 3 кредита- ка...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
881 Кб
Скачать
☆

Астана 2012

Пәннің оқытылуын қамтамасыз ететін оқытушылар туралы ақпарат:

Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы - заң ғылымдарының кандидаты, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының профессоры, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.Негізгі ғылыми жұмыстары: азаматтық құқық, тұрғын үй құқығы мәселелері бойынша 90-нан астам еңбектің авторы.

Рахимова Гузаль Худайбергенқызы – құқықтану магистрі, ағы оқытушы;

Жанай Еркеұлан – құқықтану маманы, аға оқытушы

Алдыңғы реквизиттер: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) пәнін игеру үшінРим жеке құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық пәндерін жетік білу қажет.

Кейінгі реквизиттер: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) пәні оқытылғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім), халықаралық жеке құқық, кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы, кепіл құқығы, корпоративтік құқық сияқты пәндер оқытылады

Модуль пәні мазмұнын сипаттау: Азаматтық құқық жоғары заң оқу орындарында оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылады. Пәннің негізгі орны қазіргі қоғамдағы азаматтық заңнаманың басқа пәндер арасында алатын маңызымен тығыз байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мығым негіздерін қалыптастыруға, тауар-ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде азаматтық заңнаманың көлемі басқа салалармен салыстырғанда ең ауқымдысы және күрделісі болып табылады.

Негізгі мақсат студенттердің негізгі азаматтық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдап білуі және азаматтық-құқықтық құралдарды іс-жүзінде қолданып білу тәжірибесі болуы қажеттігі.

Азаматтық құқық курсы екі бөлімнен тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім) және Азаматтық құқық (ерекше бөлім).

Бұл бағдарлама ҚР-ның Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің құрылымын есепке ала отырып құрылған.

Оқу материалы бекітілген сатылы түрде оқуға қажет өзара байланысты институтттардың бөлімдеріне бөлінген. Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі үш бөлімнен тұрады: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері; Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар; Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері.

Тақырыптық жоспар (сағаттар бөлінуі) оқу жоспарымен қарастырылған дәріс және семинар (практикалық) сабақтарға бөлінген уақыт бюджетіне сәйкес жасалған.

Пәннің мақсаты нарықтық экономика талаптарына сай мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін сала бойынша білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Пәннің міндеттері ретінде құқықтың қажетті қайнар көздерімен таныстыру, нормативтік-құқықтық актілерді игеру және олармен жұмыс істеу, құқық қағидаттарын білу және нақты тәжірибелік сұрақтар туындағанда қолдану, теориялық ережелердіазаматтық құқықтың нормаларына сүйене отырып іс жүзінде пайдалану болып табылады.

Пән құрылымы ҚР азаматтық құқығы үш тараудан тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім), Ааматтық құқық (ерекше бөлім), Халықаралық жеке құқық.

Бұл бағдарлама азаматтық құқықтың жалпы бөлімі бойынша жасалған және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құрылымын ескергенімен, толық сай келмейді.

Модуль элементінің атауы

Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

Дәрістер

10 сағат

Семинарлар

5 сағат

СОӨЖ

7 сағат

СӨЖ

22 сағат

Қорытынды бақылау

Тестілеу нысанындағы емтихан

Мақсат пен міндеттер нарықтық экономика талаптарына сай мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін сала бойынша білікті мамандарды даярлау. Сондай-ақ, студенттерді құқықтың қажетті қайнар көздерімен таныстыру, нормативтік-құқықтық актілерді игеру және олармен жұмыс істеу, құқық қағидаттарын білу және нақты тәжірибелік сұрақтар туындағанда қолдану, теориялық ережелердіазаматтық құқықтың нормаларына сүйене отырып іс жүзінде пайдалану болып табылады.