Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.

Қылмыстық іс жүргізу – бұл заңмен реттелген соттың алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз мүдделерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі, сондай-ақ осы қызмет саласында туындап қалыптасатын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді олар қылмыстық іс жүргізу сатылары деп аталады.

1.Қылмыстық іс қозғау сатысы, бұл сатының мәні, өкілетті органдардың және олардың лауазымды адамдарының қылмыстық белгілері ашылған кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім шығару.

2. Қылмыскерлерді алдын ала тергеу сатысы, бұл сатының мәні, әр қылмысты тез және толық ашып, айыпты тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында заңмен реттелген уәкілетті органдардың қызметі.

3. Басты сот талқылауын тағайындау. Мәні, қылмыстық іс айыптау қорытындысы мен бірінші санаттағы соттың қарамағына өту. Судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият және толық көлемде танысу керек және олардың материалдары жеткілікті болған жағдайда сот талқылауын тағайындайды.

4. Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жинақталған дәлелдерді және айыптаушы мен қорғаушы ұсынған дәлелдерді жан жақты зерттеп, сол негізде сот төрелігін жүзеге асыру.

5. Апеляциялық тәртіппен істерді қарау. Бұл сатының негізгі мақсаты, заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдердің дұрыстығын тез арада тексеру.

6. Үкімді орындау сатысы үкім заңды күшке енген соң орындалуға тиіс.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі:

- адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды;

- кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық атқаруды қамтамасыз етуді;

- заңдылықпен құқық тәртібін нығайтуды;

- қылмыстың алдын алуды;

-құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Қылмыстық процеске соттың төрелігін іске асырудағы қызметі, қылмыстық іс қозғауды анықтауы және алдын ала тергеу шаралары кіреді.

16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚРның негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум ҚРның жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлкеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген. ҚРның Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. «Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде ҚРның саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақтылып берілген. ҚР Конституциясы бойынша заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға, т.б. құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиіс.

III бөлімде Президенттің, IV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.

VI бөлімде Конституциялық кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.

ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді.