Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.

Салық дегеніміз біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Әр түрлі негіздерге байланысты салықтар бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын тікелей өзі көтереді. Оған жеке табыс салығын жатқызуға болады. Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Тікелей салық нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы, көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы.

Түр-пішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардын алынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітілген және реттеуші болып бөлінеді. Пайдаланылу сипатына байланысты жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еңбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының төмендегідей салықтың түрлері қолданылады: 1. Корпорациялық табыс салығы; 2. Жеке табыс салығы; 3. Қосылған құн салығы; 4. Акциздер; 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік құралдары салығы; 9. Мүлік салығы.

11. Бюджеттік құқық негіздері.

Материалды мағынасында бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет дегеніміз орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық құқықтық акті.

Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі ҚР-ның бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және ҚР Ұлттық Қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.

ҚР-ның бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге юөлінеді. Бюджеттер түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2) бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлкеттік бюджет; 5) жергілікті бюджеттер жатады.

ҚР Үкіметінің ҚР-ның Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері ҚР-ның Ұлттық Қоры болып табылады. Ол жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚРның Ұлттық Банкі мен ҚР-ның Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде ҚР-ның Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдер мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.

Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік ҚР-ның мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.