Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері

Қ.Р.-ң жер қоры мынадай санаттарға бөлінеді:

1. Ауыл шар/лық мақсатындағы жерлер 2.Елді мекен/дің, қала/ң, кенттер мен ауылдық елді мекендердің жері 3.Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері ж/е өзге де ауылшар/ғы мақсатына арналған жерлер 4.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жер (сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық ж/е тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер) 5.Орман қорының жерлері 6.Су қорының жерлері 7.Босалқы жерлер

Қ. Р.-сы аумағында табиғи жағдайы бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді: 1)Орманды дала

2) дала

3) қуаң дала

4) шөлейтті

5) шөлді

6) тау етегі шөлді далалық

7) субтропикалық шөлді

8) субтропикалық тау етегі шөлді

9) Орта азиялық таулы

10) Оңт. Сібір таулы аймақтар

1) Ауыл шар/ғы мақсатындағы жерлер Қ.Р.ң азам.-на өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамытуға арналған жерлер;

2) Елді мекендер жері: қала, кент, ауыл, селолар т.б. қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері;

3) Өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс жері ж/е ауыл шар/нан өзге мақсатқа арналған жерлер; Өнеркәсіп, көлік, темір жол, көліктің, теңіз ж/е ішкі су көлігінің, байланыс ж/е энергетика, қорғаныс қажеттіліктеріне арналған жерлер деп бөлінеді;

4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық тарихи мәдени мақсаттағы жерлер; Ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, табиғи қорықтар, табиғи шипалы факторлары бар курорттар, демалыс пен туризмге арналған рекреациялық мақсатындағы жерлер;

5) Орман қорының жері: Орманды, ағаш өспеген, бірақ орман шар/ның қажеттіліктеріне берілген жер учаскелері ;

6) Су қорының жері: су айдындары, мұздықтар, батпақтар, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, су күзет аймақтары, ауыз сумен қамтамасыз ету, санитарлық күзет аймақтарына берілген жерлер;

7) Босалқы жерлер: меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы орган қарамағындағы жерлер, ядролық қару сынақтары, жүргізілген жер учаскелері үкімет шешімімен босалқы жерге ауыстырылған.

Арнайы жер қоры 1. Жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердiң арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шар/ғы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебiнен арнайы жер қоры құрылады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетiн ауыл шар/ғы өнiмiн өндiруге мүмкiндiк бермейтiн жер учаскелерi арнайы жер қорына енгiзiлмейдi. 2. Арнайы жер қоры: 1) жер учаскесiнен ерiктi түрде бас тартқан кезде;

2)Арнайы жер қорының құрамына мемлекеттік жер пайдаланушылардың мақсаты б/ша пайдаланылмаған немесе Қ. Р.-ң заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн енгiзу аудандық (қалалық) атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. 3)Арнайы жер қорынан жер учаскелерiн беру жерге орналастыру тәртiбiмен, әдетте, тұтас алаппен беру және жердi пайдалануда қолайлы жағдай жасау ескерiле отырып жүргiзiледi. 4)Арнайы жер қорында жердiң бар екендiгi туралы мәлiметтер баршаға қолжетiмдi болып табылады.

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.

Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру негіздері:

1) Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды (Конст-я 3-4 бабы). Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.

2) мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген мемлекеттік емес құрылымдардың жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайжа болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.

Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау, тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру) құралдарын кеңірек пайдалану, жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді , орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттігі пайда болады.

3) Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құралатын әр түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комиссиялар кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда алқалар құрылады.

Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен жауапты басқару режимін орнатудың құралы болып табылады.

4) Тұтастай атқарушы билік органдарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілік туындайды.

5) Атқарушы билік органдары жұмысының жариялық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарт құралдары арқылы кеңінен жария етуді жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.