- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттей отырып,тәртіптендіреді, тұрақтандырады, өзгертеді, тоқтатады, оларды өркениетті болжауға болатындай жаңа сипат беріп құқықтық қатынастарға айналдырады. Осы қатынастар барысында құқық бір субъектілерді әр түрлә құқық өкілеттілігімен басқаларын міндеттермен қамтамасыз ету арқылы әрекет жасайды. Сонымен, құқықтық қатынас дегеніміз қажет болғанда мемлекеттік биліктік сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін, субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың арасындағы тұрақты заңды байланыс. Кез келген құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастарға жатады, керісінше кез келген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар бола алмайды. Сондықтан құқықтық қатынастарға өзіндік ерекше белгісі бар қоғамдық қатынастар кіреді. Құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынастардың басқа түрлерінен айырылатын өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар:
Құқықтық қатынас құқықпен реттелген қатынас. Бұл қатынастар құқықтың негізінде пайда болады, тоқтатылады, өзгртіледі.
Құқықтық қатынас екі жақты сипатта болады. Бұндай екі жақты байланыс бір жақтың өкілеттілік, екінші жақтың міндетті болуынан туындайды. Кейде, екі жақтың да белгілі бір құқық пен міндеттері болуы мүмкін.
Құқықтық қатынастың өзіндік идеологиялық және еріктік сипаттары бар. Құқықтық қаиынастың тууы және өзгеруі құқықтық сана арқылы іске асырылады. Ал құқықтық сана қоғам дамуының белгілі бір сәтінде қандай да бір сәтінде қандай да бір қоғамдық қатынастың және оның қағидаларының құқықтық реттелуінің артықшылығын анықтайды. Бұл құқықтық қатынастың идеологиялық сипаты болып табылады.
Құқықтық қатынасқа түсетін жақтардың, тараптардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің қалыптасуының не тууы мүмкін болуы үшін, олардың құқықтың субъектісі бола алу қабілеті, яғни, құқықтық субъектілігі болуы шарт.
Құқықтық қатынастың жақтары, тараптары құқықтарының іске асырылуы, заңды міндеттерінің орындалуы, қажет болған жағдайдамемлекеттің мәжбүрлеумен шарасы қолданылады.
Құқықтық қатынас, қоғамдық қатынастардың бір түрі.Сондықтан, оған қатынасушылардың өзара құқықтар мен міндеттермен байланысты, ол нақты бір әлеуметтік ортаның жемісі.
77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
Азаматтық құқық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қ.Р. құқығының бір саласы. Тауар ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастра жатады. Материалды игіліктермен мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында айырбас, сату немесе тауар ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен қатаржеке мүліктік емс қатынастарды да реттейді. Қ.Р.ның азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес;
Мүліктен тыс мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық , өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады.
Мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байласнысты туындайды.
