- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
ҚР азаматтық кодексінің бабында көрсетілгендей, мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты нысандарда болады. Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер болып бөлінеді. Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені біржақты мәміле деп атаймыз. Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екіжақты мәміле д.а. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көпжақты д.а.
Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле, керісінше болса, ақысыз мәміле д.а.
Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты және келісімді болып бөлінеді. Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміле нақты мәміле д.а. Келісімді мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады.
Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады. Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан, соған тәуелді болады. Абстрактілі мәміледе керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәміле жасаушының түпкілікті еркін білдірсе.
Мерзімді және мерзімсіз мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін. Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі. Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар туралы ҚР-ның заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер д.а.
7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
Жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар жер құқығы қатынастары деп аталады. Жер құқығы – жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы. Жер құқық қатынастарының объектісі - ҚР аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар. Жер құқығы қатынастарының субъектілері жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер.
Субъектілері:
- мемлекет;
- жеке тұлғалар;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
- шетел азаматтары.
