Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

62/Қазақстан Республикасының Президнті

(40-б)Қазақстан республикасының президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттыран айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік өтетін ең жоғары лауазымды тұлға.

Республиканың президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Р.П. мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

(41-б)

Қ.Р.П. Констқ заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Рң кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Р.П. болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемк тілді еркін меңгерген әрі Қда соңғы он бес жыл бойы тұратын Р. Азаматы сайлана алады.

(42-б)

Қ.Р.П.: «Қ. Халқына адал қызмет етуге, Қ.Р.Конст. мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қ.Р.П.нің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Р.П. болып сайлана алмайды.

Бұл шектеу Қ.Р.ның Тұңғыш президентіне қолданылмайды.

63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндетері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі.

Қ.Р.да мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және өзге де принциптер.

Мемлекеттік қызметшілер лаузымдарының құрамына мемлекттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лаузымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлай негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: Қ.Р. азаматы болуы; жасы он сегізден кем болмауы; қажетті білімі; кәсіби даярлық деңгейі болу керек.

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті атқаратын мемлекеттік қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді.

2) Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси сипатта болатын және саяси мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін жауаптылық жүктелген мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі заңның 7 бабында анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:

1) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

2) ҚР парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

3) ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;

4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.