
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арсындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. 25 баптың 2 тармағының бірінші абзацында көрсетілген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші ҚР заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішіне басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар Еңбек кодексінің 32 бабының 1 тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды.
60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: Субъект,объект,субьективтiк құқық ,заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) -қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.
Құқықтық қатынастардың субъектісі— жеке адам және заңды тұлғалар. ҚР—ның азаматтары, басқа елдердің азаматтары, сондай—ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы қажет. Құқықтық қабілет— құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады. Әрекеттілік — адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер туғызып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі бір жасқа толу болып табылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат—мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, қйыидар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқылық және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.
Құқықтық қатынасьардың объектісі— қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т.б қарым—қатынастар. Материалдық дүние—заттар, рухани—шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілерінің мінез—құлқы және құқықтық қатынастардың нәтижелері — құқық қатынстарының объектілері.
Субъективтік құқық — құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақтық мүдде—мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші – егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.
Заңды міндеттер. Субъективті құқық бар жерде заңдық міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жіктеледі.
61. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
Қ.Р.ның 1998жылы 17желтоқсанда қабылданған №321-I «неке және отбасы туралы» Заңының 60-66баптарындаата аналардың отбасындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Ата аналардың өз балаларына қатысты құқытары тең және міндеттері !ата ата ана құқықтары! тең болады . ата ана құқықтары балалары он сегіз жасқа кәмелетке толғанда, сондай ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуғы құқықғы бар.
Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және әке болуы анықталған жағдайда өздері оналты жасқа толғанда ата ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына әкеболуын анықтауды талап етуге құқығы бар.
Ата аналар өз баларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
Ата аналаар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Баланың құқықтары
Баланың отбасында өиір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа кәмелетке толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата анасын білуге құқығы , олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Ата анасы болмаған жағдайда, оларды ата ана құқығынан айырған жағдайда және ата ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасынды тәрбиелену құқығын, белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата анасының екеуімен де, ата аналарымен, әжелерімен, аға інілерімен, апа сіңлілерімен және басқа да туыстарымен қарым қатынас жасауғы құқығы бар. Ата анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс.
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге сондай ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы.
Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.
Баланың заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата анасының билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап бағуға оңан білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделрін қорғауға құқығы бар.