
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу. Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан, құралдарынан түрады. Еңбек құқығы әдістері мынадай қағидалармен сипатталады: еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік әріптестік келісімдері барынша кең пайдаланумен; жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен. Еңбек құқығының қайнар көздері күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек туралы заңнамалар да ҚР Конституциясына негізделеді және Еңбек Кодексіне, жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Еңбек құқығының негізгі деректік көздеріне еңбек саласында қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылы 25 маусымда Женева қаласында дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған «Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы» халықаралық Конвенция қабылданған. Осы Конвенцияға 1999жылғы 20 шілдеде №444 Заңмен ҚР қосылды. Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданаған № 251-III ҚРЗ «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі». Кодекс жалпы және ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.
54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
Басқы тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы олардың еркі мен санасының болуы. Құқытық сана қоғамдық сананың бір түрі бола отырып құқықтық құбылысиар мен үрдістерді ұғына отырып олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зиянды әрекеттер байқалады., сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Құқықтық сана адамдардың өздерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қоғамда белгілі бір тәртіп орнату арқылы іске асыру ниеттерінің қалыптасуына ықпал жасайды. Сөйтіп, құқытық сана адамның мінез құлығының себепкері бола отырып құқыққа әсер етіп, құқықтық нормалардың іске асырылуының маңызды құралына айналады. Құқықтық сана тұлғаның, топтардың мінез құлықтарының құқық нормаларына сәйкестігін анықтай отырып, әрекететіп отырған құқыққа, заңға деген қатынасты, оны қолдауды не қодамаудың құндылық, бағалық құралы ретінде көрінеді. Сондықтан, құқық пен құқықтық сананың арасында өзара тәуелділік байланыс бар. Сонымен, құықтық сана дегеніміз қоғамның, тұлғаның, құқық пен құқықтық құбылыстарға, осылай болса деген ниетіндегі құқықтық құрылысқа деген қатынасын білдіретін бір ьірімен байланысты мұраттың, теорияның, елестетудің, сезімнің, көңіл күйдің жиынтығы. Құқықтық сананың белгілері: құқықтық сана, экономикалық әлеуметтік, саяси және басқа да мүдделел құқықтық болып ұғынылатын, қоғамдық сананың ерекше түрі; адамдардың әрекет етіп отырған және ойындағы, тілегіндегі құқыққа деген қатынасын білдіретін мұраттар, теориялар, сезімдер, көңіл күй, тұжырымдамалар құқықтық сананың мазмұнын құрайды; құқықтық сана өткен шақтағы, осы шақтағы және адамдардың ойындағы, арманындағы, тілегіндегі құқықтық тәртіпке, құқыққа деген қатынастарды білдіреді; қалыптасқан мұраттарды, құндылықтардың, жалпы жүйесін жасай отырып, құқықтық сана құқықтық дереккөзі бола алады; құқықтық сананың иелері құқықтың субъектілері; құқықтық сана адамдардың тілегін, қызмет етуші құқықтық тәртіпке тән құбылыстарға деген қатынасын білдіретін құықтық мінез құлықтың тікелей ішкі себебі ретінде көрінеді. Құқытық сананың қызметтері: танымдық, бағалау не баға беру, реттеуші. Құқықтық сананың түрлері: жеке құқықтық сана, топтық құқықтық сана, топтық құқықтық сана, қоғамдық құқықтық сана(құқықтық мұраттың, көзқарастың, пікірдің, ойлаудың иесі кімнің болуына байланысты). Құқықтық шындықты бейнелеу тереңдігіне байланысты құқықтық сананы тұрмыстық, ғылыми және кәсіпиік дкп бөледі.
Отандық құқықтануда құқықтық мәдениеттің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең түсінігінде құқықтық мәдениет барлық құқықтық құбылыстар мен институттарды, заңнамаларды, заң мекемелерін, мемлекеттің құқықтық қызметтерін, азаматтардың құқықтық мінез құлықтарын , құқықтық сананы қамтиды. Сөйтіп құқықтық мәдениет құқықтық жүйемен теңестіріледі. Тар түсінігінде құқықтық мәлениет құқықтық өмірдің сапасын негіздейтін құқықтық іс әрекеттің деңгейін, бағытын нысанын, тәсілдерін сипаттаумен байланысты.құқықтық мәдениеттің құрылымын үш топқа бөлуге болады: танымдық, құндылық бағдарлық, іс әрекеттілік. Құқықтық мәдениет қоғамдық сананың, мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отырып әлеуметтік өмірде бірнеше қызметтер атқарады: танымдық қызметі, реттеушілік қызметі, құықтық әлеуметтену қызметі, бағалау қызметі, болжам жасау қызметі. Құқықтық мәдениеттің түрлері: қоғамның, әлеуметтік топтың, жеке тұлғалардың құқықтық мәдениеті.