Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.

Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың: машиналар мен технологиялық үрдістерді басқаратын механикалық; тірі организмдердегі басқарылатын биологиялық; адамдардың мінез құлқы мен ұжымдарды басқаратын әлеуметтік басқару сияқты бірнеше түрлері бар. Мемлекеттік басқару дегеніміз: заңдарды орындау барысындағы іс әрекет; объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс әрекет. Тар мағынада мемлекттік басқару депэкономиканы, әлеуметтік мәдени, әкімщілік саяси салаға практикалық және тікелей басшылық жасауға бағытталған атқару, бөлу, заңдық күші бар, бір біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс әрекетін айтуға болады. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары: басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік құқықтық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Әлеуметтің құқықтыққа жататындар: жоғары мемл. лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялық негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану қағидаты. Барлық ұлттар мен этностардың өкілдері мемлекеттік басқаруға араласатын тең құқық, кемсітушілікке жол берілмейтін, ұлттардың теңдігі қағидаты.Мемлекеттік басқару органдарының іс әрекеттері белгілі бір мемлекет көлемінде жоспарланған жоспар, бағдарлама, стратегия бойынша жүзеге асырылатын жоспарлық қағидат.жариялылық және қоғамдық пікірмен санасып отыру қоғамды демократияландырудың бір әдісін қамтитын бұқараның, халықтың басқаруға араласу қағидаты.Бұқара халықтың басқаруға араласуын және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуын, іс әрекетін реттейтін, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалардың, заңдылықтың қатың сақталу қағидаты. Ұйымдастырушылық қағидаты: қызметтер мен құзіреттерді жіктеу, реттеу, белгілеу қағидасы; құзырет шегіндегі жауаптылық қағидасы; басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық бастамаларды үйлестіру қағидасы; мемлекеттік басқаруда төменгі орган жоғарғы органға және маманданған бағынушылық бастамаларды үйлестіру қағидасы; көпшілік арқылы басқарудың үстемдігі барысында, көпшілік пен жеке басқарудың әдістерін үйлестіру қағидасы.

52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

Құқық қорғау огандары мыналардан тұрады: I. мемлекеттік органдар: сот; прокуратура; Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті; Ішкі істер органы; әділет министрлігі; қаржы полициясы; кеден органы.

ІІ. Мемлекеттіе емес органдар: адвокатура; аралық сот органдары; детективті органдар; нотариат.

Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндетердің қатарына жататын іс құқықтық тәрітп пен заңдылықты һ, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы іс жүргізу құқығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығына құқық қолдану іс әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асырылады. Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықытық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы, нотариус, адвокатура, сот т,б сияқты органдар құқық қорғау органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға ең алдымен полиция және ішкі әскер, патрульдік қызметтегі секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады. Құқық қорғау органдарының қызметіне: конституциялық бақылау; әділ соттылық; соттың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету прокурорлық қадағалау; қылмысты анықтау және тергеу; заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс әрекеттер жатады. Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдарының бірі соттар. Сот әділеттігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т,б шешімдер қабылдай отырып, құқықыты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. Прокуратура Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған құқық қорғау органдарының бірі.